Саясаттану ғылым ретінде


Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік



бет3/32
Дата15.11.2022
өлшемі72,21 Kb.
#158379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå
Lektsiya-OP, k-voprosu-ob-urovne-zhizni-teatralnoy-intelligentsii-semipalatinskoy-gubernii-kassr-v-1920-1928-gg
Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік.

Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі. Саяси билік – ол мемлекеттік биліктің құрамын қалыптастыратын жүйе. Саяси билікке жататындар: қоғамда ресми қабылданған саяси топтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, сайлау жүйелері мен сайлаушылар. Кейбір елдерде парламентті қалыптастыратын көппартиялық жүйе (Франция, Италия), ал кейбір елдерде екіпартиялық жүйе (АҚШ, Англия) орныққан. Саяси билікке заңның, мемлекеттің, үкіметтің, жалпы қоғамның өмірімен байланысты биліктер жатады.

  1. Биліктің заңдылығы және легитимдігі

"Легитимділік" термині (лат. legitimus — заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің занды деп тануын анықтайды. "Легитимділік" терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады. Олар 1789-1794 жж. революциялар нәтижесінде биліктен аластатылған Франциядағы Бурбондар династиясының идеяларын заңды және қажетті деп танып, оны заңды билік ретінде қайта жаңғыртуды ұсынған еді. Аталмыш ұғым саяси дағдарыстар, биліктік құрылымдардағы түпкілікті өзгерістер, биліктің ауысу жағдайларында және осы жағдайлардағы билік өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігі пайда болғанда, олардың зандылық дәрежесі күмән тудырғанда ерекше өткір саяси мәселеге айналады. Яғни билікті тартып алу, оны заңсыз жаулап алу және басып алушының өз еркін тану тенденциясы пайда болады. Кандай билік болмасын өзінің заңды екендігін қорғайды. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет:1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек;
2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек. Легитимділік термині қазіргі саяси ғылым мен саяси практикада кеңінен қолданылады. Психологиялық көзқарас тұрғысынан биліктің легитимділігі заңдылық дегенді білдіргенмен, субъективті заңдылыққа меңзейді. Әр түрлі себептермен адамдар саяси институттарға оң баға беруі мүмкін, яғни олардың басқару шешімдерін қабылдауда қатысуын мойындау мен өз еркімен бағынуға дайын болады. Адамдар мен билік арасындағы мұндай өара қарым-қатынас легитимділік деп аталады. Легитмді билік адамдар тарапынан заңды және әділетті деп мойындалып бағаланады. Легитмділік сонымен қатар билікте авторитеттің болуында білдіреді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет