Жеке басқа табынушылық – саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған, жаншылған елдерде дамиды. Бір партиялық әкімшілік кезінде бірқатар социалистік елдерде етек алды.
Мысалы, Мао-Цзе-Дун, Ким Ир Сен, Броз Тито, Эрнер Ходжа және т.с.с. Жеке басқа табынушылық тумауы үшін демократияны барынша дамыту, азаматтық, құқықтық мемлекетті орнату керек.
Жекешелендіру –мемлекеттік менщікті (кәсіпорын, тұрғын үй, көлік құралдары және т.б.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол – нарықтық экономикаға өту үшін қажетті шарттың бірі.
Заң Өзіне Конституцияны, заң және нормативті актілерді біріктіреді.
Заң жобасы – Парламент палаталарының кез келген заңдарды қабылдауға байланысты ең жиі қолданылатын ұсыныстарының негізгі түрлерінің бірі.
Заң шығарушы билік – заң шығарушымен, оны бекіту, өзгерту немес жоюмен айналысатын билік, парламент. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, әскерді қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызыды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оынң жұмысына конституция атынан органдар бақылау жасайды.
Идеал – саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың алдына қойған жоғары саяси арман – мұраты.
Идентификация – жеке адамның белгілі бір әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси және т.б.) топқа жататындығын, сонымен тағдырды бір сезініп, түсінуі. Бұл сөзді ғылымға енгізген З.Фрейд.
Идеология – белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі. Жүйеленген түрінде ол партия бағдарламасында, декларация, манифест жарғыларында, сондай-ақ әртүрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады.
Идеялылық- саяси, ғылыми, көркем шығармалардың, көпшілік алдында сөйлеген сөздің және т.б. сапалылық, мазмұн ерекшелігі.
Достарыңызбен бөлісу: |