Пән: дүниетану Мектеп



Дата27.08.2017
өлшемі79,8 Kb.
#29829
түріСабақ
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: дүниетану

Мектеп: «№16 ЖОББМ» КММ

Күні: 20.04.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Балғабаева Ә.З

Сынып: 3«В»



Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Жануарлардың көп түрлілігі туралы мәлімет.Жәндіктер.

Бунақденелілер.



Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Оқушыларды жануарлар әлемінің алуан түрлерімен таныстыру, олардың қандай топқа жататындығын анықтай білуге үйрету.
Оқушылардың алған білімдері бойынша түйін сөзді таба білуге, тұжырым, қорытынды шығара білу қабілетін арттыру.
Оқушылардың табиғаттың жанашыры болып табиғатты қорғауға өз үлесін қосуына тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жануарлар әлемінің алуан түрлерімен танысады.




Оқушылардың басым бөлігі: Жануарлар әлемінің алуан түрлерімен танысады. Жануарлардың қандай топқа жататындығын анықтай біледі.Оқушылардың алған білімдері бойынша түйін сөзді табады, тұжырым, қорытынды шығара білу қабілеттері артады.




Кейбір оқушылар: Алған білімдерін өмірде қолдана біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Оқушылардың алған білімдері бойынша түйін сөзді табады, тұжырым, қорытынды шығара білу қабілеттері артады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, жан-жануарлар, жануарлардың көп түрлілігі, т.б

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: Тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Жануарлардың түрлері қанша?

-Жануарлар қалай тамақтарын табады?

Алдыңғы тақырып


Топсаяхат. Өсімдіктердің көптүрлілігімен танысу. Табиғаттың әр мезгіліне сәйкес өсімдіктердің тіршілігімен танысу.

Жоспар

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Басталуы


Амандасу,көңіл күйлерін сұрау.  

 Психологиялық дайындық

«Ақ тілек бұрышы !»   

Суретке қарап бір-біріне тілек айту:

-Күндей күлімде! Гүлдей жайна!        

-Жұлдыздай жарқыра ! Шын жүректен тілеймін!

                  


ақ тілектер бұрышы



Ортасы


Қызығушылығын ояту. Ой қозғау:
Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
1.Жүзім
2.Алма
3.Ананас
4.Қауын
5.Қарбыз
6.Қияр

Жаңа мағынаны таныту.
Жануарлар мынадай топқа бөлінеді:

Жануарлар

Бунақденелілер
Қосмекенділер
Сүтқоректілер
Жорғалаушылар
Құстар
Балықтар
Топтық жұмыс: «Ойлан - жұптас - талқыла»
І топ.Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар қозғалысында қандай айырмашылықтар бар?
ІІ топ. Қандай жыртқыш жануарларды білесің? Оларды неге жыртқыш деп атайды?
ІІІ топ. Жануарлардың тіршілік ортасы туралы не білесің?
ІV топ. Мына жануарды сипатта. (Қасқыр)
VI. Сергіту сәті.

VII. Ой толғаныс.
1. Семантикалық картамен жұмыс.
Жануарлар

Шыбын, маса-------------- Бунақденелілер
Бүркіт, түйеқұс------------ Құстар
Сазан, шортан------------- Балықтар
Бақа, жылан--------------- Қосмекенділер
Сиыр, түй------------------ Сүтқоректілер
Жылан, кесіртке--------- Жорғалаушылар

2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқытып сұрақ - жауап арқылы талдау жасау.
3. Дәптермен жұмыс. Жануарлардың топтарын жазу.


оқулық
постер

қима-қағаздар


дәптер

Соңы


VIII. Сабақты қорыту: «Кір жаятын жіп» ойыны арқылы сабақты қорыту. Оқушылар бүгінгі сабақта есте қалған тірек сөздерді жазып, тақтаға іледі.
Топты бағалау, жеке оқушыны бағалау.

жіп


түрлі-түсті стикер


Қосымша ақпарат


Саралау


Бағалау


Пəнаралық байланыс – бейнелеу, жаратылыстану.

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз ?
Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Мен дүниетану сабағынан «Жануарлардың көп түрлілігі туралы мәлімет. Жәндіктер.

Бунақденелілер» атты тақырыпқа сабақ өткіздім.



Оқушыларды жануарлар әлемінің алуан түрлерімен таныстыру, олардың қандай топқа жататындығын анықтай білуге үйрету.
Сабағымызды бастамас бұрын ең алдымен оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару үшін психологиялық дайындық жасалды.

Жаңа сабақты оқушылардың сабаққа, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін сөзжұмбақ шешті. Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын тауып алуы тиіс болды.

Оқушылар топпен жұмыс жасауды үйренгендіктен, курста үйренген топқа бөлу әдістерін қолданып отырдым.

Сабақ өткізу барысында жас ерекшеліктеріне сай топтық, жұптық, жеке оқыту түрлері негізгі болып табылды. Бұрын соңды мұндай жаңа тәсілмен сабақ өткізу үйреншікті болмағасын, балалар басында топқа бөлінгенде ренжіп, келіспеушіліктер болды. Кейбір топқа жақсы оқитын оқушылар түссе, келесі топқа үлгерімі төмен оқушылар жиналып, сабақтың сәтсіз тұстарын туғызды. Бірақ жұмыстың орындалу барысында мұндай сәтсіздіктердің алдын алу үшін топтарды ауыстырып отырдым. Сабақта тапсырмалар орындау барысында, топтың және әрбір оқушының жас ерекшелігіне қарай тапсырмалар беріп, сабаққа қатысуын қамтамасыз ету барысында жаңалықтар басымдылығы сезіле бастады. Себебі, тапсырмаларды орындау барысында әр оқушы өзі үшін емес, топ үшін жұмыс жасау керектігін түсінді. Жасалған жұмысты қорғау керектігін, оның мазмұнына ғана емес, маңыздылығына, құндылығына мән беру қажеттілігін түсіне бастады.

Оқушылар топпен жұмыс орындағанда «Постер» әдісін қолданды. Әр топ өздеріне бөліп берген тақырыптар бойынша постер құрып, ол постерді кез келген топтағы бір оқушы орнында қалып, қонаққа келген басқа топ оқушыларына түсіндіру керек болды.

Келесі тапсырмамыз – «Сематикалық карта» тапсырмасы. Әр топ бірігіп, ұйымшылдықпен орындады. Ең бірінші болған топ бірігіп шапалақтау керек.



Сабақ соңында оқушылар жалпы сабақты талқылап, «Кір жаятын жіп» ойыны арқылы кері байланыс жасай алды. Сабаққа көңілді және сәтті деген сенімдемін.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет