Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ


Демократия деген сөз гректің «демос» - халық және «кратос»- билік



бет28/41
Дата29.10.2022
өлшемі191,88 Kb.
#155545
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар

Демократия деген сөз гректің «демос» - халық және «кратос»- билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

  1. мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі;

  2. мүщелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі;

  3. қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.

Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардық ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады:

    • Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден- бір бастауы саналуы. Ол мемлекет ұйымдастырушы , конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғарғы органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады.

    • Халық билігін жақсарту үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Теңдік барлық салада – халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т. болуға тиіс.

    • Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.с.с ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болу керек. Заң және құқық – жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді,жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады.

    • Әділеттілік. Әділеттіліктің де бірыңғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. әділетттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады.

    • Бостандық, еркіндік. Бұл демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамында демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлық түрлерінен азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге туар келді. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік бостандыққа байланысты.

Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуы тиіс. Одан соң төменгі өзін-өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны тиіс.
Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуы жатады. Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы, оны сайлау онымен санасу керектігі мойындады.
Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т.б.
Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.

Демократиялық мемлекет - Қазақстан Республикасында алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді, мемлекеттік қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі – «Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық».






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет