Саясаттану



Pdf көрінісі
бет113/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

 ЛОКК ДЖОН
(1632-
1704 жж.) 

ағылшын философы, саясаткер, 
либерализм идеологиясының негізін қалаушы. Өзінің қоғамдық
-
саяси 
концепциясын “Мемлекет басқару туралы екі трактат” еңбегінде баяндайды. 
Локк тұлғаны қоғамнан да жоғары деп таниды, яғни тұлға қоғамды, ал, қоғам 

мемлекетті құрайды. Оның еңбектерінің көбі мемлекет мәселелеріне арналған. 
Шексіз қатал биліктің үстемдігін мемлекет деп тануға болмайды деп есептеп
Локк шектелген монархияның жақтаушысы болды. Тұлға теңдігінің кепілі
-
заң 
деп есептеді. 
Локк алғашқылардың қатарында билікті заң шығарушы, атқарушы және 
одақтық (сыртқы саясат қызметі) деп бөлуді ұсынды. Ол саясаттануда 
либериализм идеологиясының да негізін қалаушы болды.Ғалымның бұл мәселе 


169
туралы жан
-
жақты зерттелген тұжырымдамалары осы оқу құралының ҮІІІ 
тарауында толық келтірілген.
Мемлекеттің пайда болуын түсіндіруде Локк «табиғи құқық» ілімін 
қолданады. Мемлекет пен билікті орнатудағы адамдардың жоғарғы мақсаты 
ежелгі табиғи жағдайда қамтамасыз етілмеген жеке меншікті қорғау болып 
табылады. Мемлекет орнату туралы келісімге келе отырып адамдар көпшіліктің 
шешіміне бағынуға міндеттенеді, өздерінің жеке басын және байлығын 
қаншалықты қорғау керек болса, соншалықты өздерінің табиғи құқықтарын 
қорғауды мемлекетке тапсырады. 
Локк конституциялық монархия идеясын қолдады, бірақ ол билік 
етушілерге, атап айтқанда, монархқа қарсылық көрсетуге (қажет болған 
жағдайда) болатындығы туралы мәселе қойды. 
 МАКИАВЕЛЛИ НИККОЛО
(1469-
1527 ж.ж.), италиялық ғалым
Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік
-
саяси ғылымдардың негізін салушылардың 
бірі. Макиавелли саяси білімдерді діни көзқарастан ажыратып ғылыми 
тұрғыдан зерттеді. Оның саяси ғылымның негізін қалушы атануының себебі де 
осы көрнекті еңбегінің бағасы. Бұл ғалым саясатқа прагматикалық тұрғыдан 
қарады: саяси ғылым тек ғана ойдан, діни сенімнен шығарылмай, күнделікті 
шынайы өмірге негізделуі және сол өмірді реттеуге арналуы тиіс деп есептеді. 
Макиавелли орталықтандырылған тұрақты мемлекеттің жақтаушысы болып, 
оны құрудың айқын жолын көрсетті.Ол мемлекетті құру мен сақтау ең басты 
саяси мақсат деп есептеді, себебі мемлекет болмайынша бірде 

бір адам өзіне 
қорғаныс таба алмайды.Макиавелли мемлекеттің тұтастығын әлсіреткендердің 
бәріне қарсы болды.
«Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар»,«Флоренцияның 
тарихы» деген еңбектерінде Макиавелли мемлекет басқару түрлері жөнінде 
монархиядан республиканы жоғары қояды. «Ең тиімдісі республика 
-
онда 
билікке сайламалы мемлекет басшысы қойылады» деп көрсетеді.
Макиавелли биліктегі қаталдық пен жаза, бұқара халық пен меншік 
иелерінің арақатынасы, мемлекеттік басқару түрлерінің алмасу заңдылықтары, 
табиғат жағдайының адамдардың мінез
-
құлқына тигізер әсері туралы 
мәселелерге өзінің жан 

жақты теориясын ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет