17
деңгейі
–
бала би болып бөлінді. Олардың жеке өз құқықтары мен міндеттері
белгіленді, ал
ең маңызды саяси
-
әлеуметтік, құқықтық мәселелерді билер
бірігіп, толық келісім арқылы шешті.
Билерде жер дауы, жесір дауы, барымта және тағы басқа күрделі саяси
-
әлеуметтік мәселелерді шешу міндеті тұрды. Бірақ қазақ билері тек ғана тәртіп
сақшылары емес, халық тәрбиешісі қызметін де атқарды. Белгілі бір даулы
шиенелісті ауыл, ру болып талқыға салып,
сол жиын туралы пікірлерді,
әнгімені барша халық, тіпті жас балаларға дейін еститін, білетін. Бұл өз
кезегінде тәртіп бұзудың, қылмыс жасаудың, келеңсіз оқиғылардың алдын алу
немесе ескерту болатын. Ар
-
ұжданы таза,
өмір тәжірбиесі мол, шешендік
өнерді меңгерген, ата
-
баба заңын, салт
-
дәстүрін сақтай білетін, білімді,
ақылды
тұлғаны ғана халық би санайтын, кұрметтейтін. Халық билердің
шешендігін, тапқырлығын және әділеттілігін өте жоғары бағалады.
Қазақ халқы «билердің биі», халық даналары деп Төле, Қазбек және
Әйтеке биді ерекше бағалап мақтаныш тұтты.
XVII-XVIII
ғасырларда, Тәуке хан тұсында
қазақ халқының өзіндік
ұлттық санасының кемелденуіне осы дана, үш Ұлы бидің тигізген рухани әсері
теңдесіз жоғары болды. Қазақ қоғамының болашағын қалыптастырған «Жеті
жарғыны» да дүниеге әкелген осы Төле би, Қазбек би және Айтеке би болатын.
Дәстүрлік адат құқықтары, «Қасымханның қасқа жолы», «Есімханның ескі
жолы» негізінде жаңа әлеуметтік
-
экономикалық
жағдайға байланысты
түзетулер еңгізіліп «Жеті жарғы» жарыққа шықты.
Әлемнің өзге халықтарына ұқсас Қазақ еліндегі саяси ойлардың дамуы
қоғамдағы әлеуметтік
-
экономикалық өзгерістермен тікелей байланысты
.
Қазақ
қоғамындағы сан алуан, күрделі өзгерістер XVIIІ ғасырдағы Қазақстанның
Ресейге қосылуынан басталды. Халықтың еркіндікке,
әділеттілікке қол созуы,
оның мұң
-
мұқтажы, болашаққа арманы
-
өнер иелерінің творчествосына, саяси
көзқарастарына үлкен әсер ететіні белгілі. Исатай мен Махамбет бастаған
халық көтерілісінен кейін ақын
Достарыңызбен бөлісу: