Саясаттану



Pdf көрінісі
бет10/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Махмуд
Қашғаридің
есімін ерекше атауға болады. Ол алғашқы білімді Қашқар 
қаласында алады, содан кейін Бұхар қаласында өзінің білімін жетілдіреді. 
М.Қашғари 

түркі халқының фольклоршысы, Ж.Баласағұн сияқты ол да түркі 
тілін дамыту арқылы орталықтандырылған мемлекет орнату мәселесін алға 
қояды. М.Қашғари түркілер мекендеген жерлерді, түркі тілдес тайпаларды көп 
аралап, түрік тіліндегі ән, аңыз, жұмбақтар мен түрік әдет
-
ғұрыптарын көп 
жылдар бойы зерттеп
,
1074 жылы өзінің «Диуани лұғат 

ат 

түрік» («Түрік 
тілдер сөздігі») атты негізгі еңбегін кең көлемді жинақ ретінде шығарады.
М.Қашғари осы шығармасында төмендегідей сөздерді жазған: «Мен 
түріктердің барлық жерлерін араладым. Көп уақыт іздену, зерттеулерден кейін 
осы кітапты ең таза, ең әшекейлі түрік тілінде жаздым».
Махмуд Қашғаридің бұл еңбегі тек ғана сөздік емес, бұл толық мәнінде 

ғылыми энциклопедия. Сол кездегі Қазақстан жеріндегі Түрік қағанаттары 
тарихының барлық салаларын, соның ішінде саяси мәселелерді де жан
-
жақты 
қамтиды.
Келесі елеулі мәдени
-
тарихи ескерткіш 

Түркістан қаласынан шыққан 
сопы ақын 
Қожа Ахмет Яссауидың
(1166 жылы қайтыс болды) «Диуани 
хикмет» («Ақыл кітабы») атты өлеңдер жинағы. Қыпшақ диалектісінде 
жазылған Яссауидің бұл өлеңдері өз кезінде сахарадағы көшпенділер арасына 
кеңінен тарады. Ислам дінін халыққа таратушы Арыстан Бабаның баласы 
Ахмет Яссауиге мұсылмандықты белсенді насихаттағаны, халық алдындағы зор 
беделі, кіршіксіз сенімі үшін түрік мұсылмандары оны пайғамбарға теңеген.
Ахмет Яссауи ақын ретінде өзінің өлеңдерінде ислам дінінің 
тағылымдарын тарату арқылы түрік халықтары арасында саяси
-
әлеуметтік 
ынтымақтастығының күшеюіне зор үлесін қосты.
Ислам дінінің түрік халықтарын біріктірудегі ролін түсінген Шыңғыс хан 
қазақ даласындағы дін қызметкерлері қожаларды ақсүйек тобына жатқызған 
болатын. Ал Әмір Темірдің Қожа Ахмет Яссауиге арналған кесене тұрғызуы 
оның тек ақын, ғұлама ғана емес, белгілі мемлекет қайраткері болғанын 
білдіреді. 
Ортағасырлық қазақ жерінде, дегенмен, жазудың таралуы төмен болды. 
Сол себепті көшпенді халықтардың саяси
-
қоғамдық көзқарастары рационалдық 
ұғымдар негізінде емес, көркем бейнелер, өнер түрлері арқылы қалыптасты. 
Қазақ халқының дүниетанымындағы ең маңызды орын алатыны 

фольклор

Ол қазақ халқының барлық мәдени
-
әлеуметтік мәселелерін қамтиды. Бұл 
туралы Ш. Уәлиханов «Қазақтың ауыз әдебиетінде халық өміріндегі маңызды 
оқиғалардың бірде
-
біреуі қалыс қалмаған» деп атап көрсетеді. Қазақ фольклоры 
әртүрлі жанрларды құрайды, олар: мақал
-
мәтелдер, ертегілер, жырлар, 
дастандар және т.б.


14
Қазақтың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет