Саяси билік №4 тақырып


Биліктің құрылымы: институттары, ресурстары мен қызметтері



бет3/3
Дата30.04.2024
өлшемі0,61 Mb.
#201593
1   2   3
Байланысты:
1481194.pptx

Биліктің құрылымы: институттары, ресурстары мен қызметтері.

  • Билік төмендегідей қызметтер атқарады: - әлеуметтік тұтастықты сақтау; - билікті жүзеге асырушы топтардың қажеттіліктері мен мүдделерін жүзеге асыру; - әлеуметтік қатынастарды реттеу, қоғамның өмір сүру тұрақтылығын қолдау; адамдар арасында қоғамға қажетті тепе-теңдіктерді қамтамасыз ету; - бір әрекеттерді, құбылыстарды қолдау, мадақтау, ал, екіншілерін болдырмау, тосқауыл қою және шектеу.

Билік легитимділігі.

  • Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимдігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетеді.
  • 1) Әдет – ғұрыптық (дәстүрлі) легитимдік. Билік негізінен салт-дәстүрге, қоғамда орнаған жоралғыларға негізделе отырып мойындалады. Дәстүрлі билік әдетте жеке адамның қолында болады. Мәселен билік өкілдерінің бір сословиеден сайлануы, атадан балаға мұраға қалдырылуы т.б.осы легитимділіктің мысалы бола алады.
  • 2) Харизматикалық легитимдік. Харизма (құдайдың сыйы) деген сөздің өзі де көсемге, мемлекеттік басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді. Саяси биліктің харизматикалық түрі халық бұқарасының соқыр сеніміне негізделген биліктің мейілінше ерекшелігін, қайталанбайтындығын мойындауға негізделген. Бұл ретте халық басшының билігінің рационалдылығына көз жүгіртпей ақ, оны әулие, киелі, қасиетті деп таниды. М. Вебер бастапқыда мұны адамзатқа діни насихат жүргізген пайғамбарларға қатысты қолданады. Алайда, көсемнің жеке басына табынудың (Ежелгі дүние мен орта ғасырлардағы императорлардың, КСРО-дағы Сталиннің, Қытайдағы Мао Цзе Дуньнің, Солтұстік Кореядағы Ким Ир Сеннің) көмегімен билікті мойындау дәл осы харизматикалық легитимділіктің мысалы бола алады.
  • 3) Ақыл – парасаттық, құқықтық легитимдігі (рационалды).. Бұл Заңға, Конституция мен ақыл-парасатқа негізделген легитимділіктің түрі. Мұның өзі дәстүрлі биліктен ұтымды билікке өту кезеңіне сай келеді. Рационалды ақылға қонымды заңға негізделген билік көпшілік тарапынан қолдау табатын, өз-өзін ақтайтын билік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет