Саяси билік №4 тақырып



бет1/3
Дата30.04.2024
өлшемі0,61 Mb.
#201593
  1   2   3
Байланысты:
1481194.pptx

САЯСИ БИЛІК

№ 4 тақырып.

Жоспар

  • 1. Билік ұғымы және оның тұжырымдамалары.
  • 2. Биліктің формалары. Саяси және мемлекеттік билік.
  • 3. Биліктің құрылымы: институттары, ресурстары мен қызметтері.
  • 4. Биліктің эволюциясы. Билікті ұйымдастыру мен оның әрекет ету принциптері.
  • 5. Билік легитимділігі. Билік - саясаттың ең өзекті мәселелерінің бірі.
  • бұл тақырыпта біз биліктің ұғымын, ол туралы негізгі тұжырымдамаларды, оның түрлері мен формаларын, негізгі институттарын, ресурстарын, атқаратын қызметтерін қарастырмақпыз.

Билік ұғымы және оның тұжырымдамалары.

  • Билік – бір адамдардың өзгелерінің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне құқықтық нормалардың, беделінің, еркінің, күшінің, мәжбүрлеудің көмегімен нақты ықпал ету қабілетін, мүмкіндігін, немесе субъектілердің объектілерге өз ықпалын жүргізуді айтамыз. Билік туралы түсінік күнделікті өмірде, ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады және әр түрлі сипатта түсіндіріледі. Мәселен,
  • философтар оны- қоғамдық процестің объективті заңдылығы;
  • әлеуметтанушылар - әлеуметтік үстемдік пен мүліктік, саяси, мәртебелік теңсіздік;
  • экономистер- шаруашылық үстемдік пен ықпал ету;
  • саясаттанушылар - саяси үстемдік;
  • жаратылыстанушылар - табиғат заңдылығы;
  • психологтар - адамның ішкі дүниесі
  • діндарлар - тәңірінің, жаратушының пенделеріне ықпал ету мүмкіндігі туралы тұжырымдармен түсіндіреді. Билік адамзат пайда болғаннан бастап пайда болған әлеуметтік құбылыс.

Билік ұғымы және оның тұжырымдамалары.

  • Қазіргі ғылыми әдебиеттерде биліктің көптеген анықтамалары бар. Олардың ең негізгілері мыналар:
  • 1) Бихевиористік анықтама – билікті адамның өзгелерге ықпал етуге арналған ерекше мінез-құлқы ретінде анықтайды.
  • 2) Телеологиялық анықтама (ағылшын. teleos - мақсат) билікті мақсаттарға жету, нәтижелер алу, шешімдер қабылдау мүмкіндігі ретінде анықтайды;
  • 3) Инструменталды анықтама билікті белгілі бір құралдарды, әсіресе, күштеу құралдарын қолдану мүмкіндігі ретінде анықтайды;
  • 4) Структуралистік анықтама билікті басқару мен бағыну арасындағы қатынастардың ерекше түрі ретінде анықтайды.
  • 5) Конфликтілік анықтама билікті дау-жанжалдарды шешу мүмкіндігі ретінде анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет