“Саяси билік”



бет2/3
Дата22.12.2022
өлшемі8,66 Mb.
#163894
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Саяси билік Байдаулетов Данияр 101АО(1)
анат рк 1 1, Анализ СОЧ 6 классы

Конфуций

  • Конфуций легитимді билік өз халқына қайырымды билік түрі екеніне, халықтың сенімінсіз мемлекет өмір сүре алмайтынына назар аударады. Ол мемлекет басқаруда халыққа қатаң жаза қолдану мен қатаң билік жүргізуге қарсы шығып, алдымен халықты ашықтырмау, оқыту және адамгершілікке баулу қажеттігін айтады. Ел басқарушы қоғамның әрбір мүшесінің өз міндеті мен құқығын жүзеге асыруына жағдай жасауы керектігін және әрбір жеке адам қоғамда өз міндетін атқаруға тиіс екенін ескертеді.
  • Конфуций қоғамдағы тәртіп пен адамгершілікті маңызды санап, мемлекет қызметкерлерінің ролін жоғары бағалайды. Оның пікірінше, билік иелері – билік жүргізу құқына адамгершілік, білімділік, тәртіптілік, халыққа қайырымдылық қасиеттері арқылы жетуі тиіс. 

Платон

Платонның пікірінше, легитимді билік, ол халық қалайтын, таңдап алатын билік - дана философтар басқарған мемлекет, себебі ақиқат білімді меңгеру сол таңдаулы адамдардың қолында. Ол мемлекетті басқарудың тимократия, олигархия, тирания түрлеріне қарсы, тіпті демократияны да қаламайды, себебі билікті қоғамның шағын тобы иемденіп кетуі мүмкін деп есептейді

Аристотель биліктің легитимділігін төмендегідегі принциптер арқылы анықтайды, олар:

1. аристократия – қайырымдылық

2. олигархия – байлық

3. демократия – еркіндік

Оның ойынша, легитимді билік - полития, себебі ол осы үш принципті қамтиды. Легитимді емес билік үстемдігінен арылу жолын мемлекттегі орташа таптың қалыптасып, дамуымен түсіндіреді.

Макс Вебер

Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер легитимді үстемдіктің (саяси биліктің) үш түрін айқындайды: дәстүрлік, харизматикалық, ашық (жария).

  • Біріншісі, дәстүрлік үстемдік. Бұл билік киелі дәстүрге (сенімге) негізделеді. Сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы, халық хандықты, патшалықты дәстүрлі түрде мойындаған. Қоғамдағы әртүрлі дағдарыстар үшін нақтылы ханды, патшаны ғана кінәлағанмен, ал патшалық, хандық оған кінәлі деп есептелмеген.
  • Легитимді үстемдіктің екінші түрі – харизматикалық. Харизма – ерекше дарынды, ақылды, батыр және басқа да үлгілі қасиеттері бар адам. Ондай адамның билік жүргізуін қоғам толық мойындайды. Халық тек ғана сол басшыға бағынып, соған ғана сеніп, оны көсем дәрежесіне көтеруге дейін барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет