Сындарлы қақтығыс кезінде, екі тарап арасында келіспеушіліктер туындаса да, мұны екі жаққа да пайдасы тиетін етіп оң жолмен шешуге болады.
Деструктивті қақтығыста келіспеушіліктер жағымсыз нәтижелерге алып келеді, бұл бұзылулар мен антагонизм сезімдерін тудырады.
Сындарлы қақтығыстың оң нәтижелері бар
Деструктивті қақтығыстың теріс нәтижелері бар.
Сындарлы жанжал екі тараптың қарым-қатынасын нығайтады.
Деструктивті қақтығыс екі тараптың қарым-қатынасына нұқсан келтіреді.
Сындарлы қақтығыс әсіресе топтардағы жұмысты жақсартады
Деструктивті қақтығыс өнімділікті төмендетеді.
6)Әлемдік саясат және әлемдік саяси процесс Әлемдік саясат деп — мемлекеттердің және басқа халықаралық субьектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтамыз. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.Әлемдік саясат халықаралық қатынастардың өзегін құрайды. Оған сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар және халықаралық саясатқа бөлінеді. Әлемдік саясат жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар — сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Сондықтан алдымен соларға түсініктеме беріп алайық, Жалпы, бұл ұғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықтай айырма бар.
Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-әрекеттері жатады.
Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүддслерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдык қатынастар кіреді
Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиғыштығын айтады
Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметгік топтар мен жеке адамдар жөне т.б. мемлекетгік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халыкаралық қатынастарда сыртқы және халыкаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және ха-лықаралык саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады. 7)Халықаралық қатынастар ұғымы және оның негізгі субъектілері Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШ басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бүрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдік экономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың қарқынды проңесі жүріп жатыр - Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда (АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бүл аймақтық үйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда. Халықаралық қатынастарға қатысушылардың өзара әрекетін бейнелейтін «актор» термині халықаралық қатынастар ғылымындағы жиі қолданатын термин. Орыс тілі аудармасында бұл термин бізге «актер» ретінде естіледі. Ф. Брайар және М.-Р. Джалилидің айтуы бойынша, - «актор» - бұл белсенді қатысатын және маңызды рөл атқаратын кез-келген тұлға.Яғни, халықаралық қатынастар сферасындағы «актор» деп белгілі бір рөл ойнай алатын және өзгеге ықпал ете алатын кез-келген беделді топты, ұйымды бірлестікті түсіну керектігін көрсетеді. Кез-келген субъект әлеуметтік қауымдастық, халықаралық қатынастарға белгілі бір ықпал еткен жағдайда, мемлекет және оның үкіметі тарапынан құрметке ие болған кезде халықаралық қатынастар акторы ретінде санала алады. Осы себептен, әр актор халықаралық қатынастар қатысушысы болып саналғанымен, әр қатысушысы халықаралық актор бола алмайтындығын көре аламыз. Шетелдік ұйымдармен, кәсіпорындармен немесе шетел азаматтарымен қатынасы бар ұйым, кәсіпорын немесе топ әрдайым халықаралық актор ретінде көріне алмайды. Керісінше бұл рөлді жеке адам орындай алады. Көптеген теориялық бағыттың және мектептің өкілдері дәстүрлі акторға мемлекеттерді, сонымен қатар халықаралық ұйымдарды және халықаралық жүйелерді жатқызады. Мортон Каплан халықаралық акторларды үш түрге бөледі: