1) ұлттық (тәуелсіз мемлекеттер) 2) трансұлттық (аймақтық халықаралық ұйымдар: мысалы, НАТО) 3) әмбебап (әлемдік ұйымдар: мысалы, БҰҰ)
8) Теориялық тәсілдер және халықаралық қатынастар теориясының негізгі дәстүрлі мектептері Қазіргі заманда халықаралық қатынастардың дамуындағы беталыстар, жалпы даму үрдісі бұл мәселенің қойылысын және шешілуін одан әрі күрделендіріп жіберді. Халықаралық қатынастардың ең жаңа анықтамаларының өздері де дәстүрлі болып қалған көзқарастарға әзірге көп өзгеріс енгізе алған жоқ. Солардың ішіндегі халықаралық өмірдегі соңғы кездегі жаңа құбылыстарды барынша ескергені Джеймс Розенаудың аталып өткен ойы. Халықаралық қатынастардың жіктемесі Салалық принцип бойынша:
Экономикалық
Саяси
Әскери, стратегиялық
Мәдени, идеологиялық
Қатысушыларға қарай:
Мемлекетаралы
қпартиялар арасындағы
топ аралық
халықаралық ұйымдар арасындағы
трансұлттық корпорациялар арсындағы
жеке адамдар арасындағы
Геосаяси критерийлер бойынша:
жаһандық (бүкіл планета көлемінде)
аймақтық (мысалы, европалық, азиялық)
субаймақтық (мысалы, Каспий бассейніндегі елдер)
Сонымен қатар, халықаралық қатынастардың күйіне байланысты:
тұрақтылық немесе тұрақсыздық күйі
өзара сенім немесе жаушылдық
ынтымақтастық немесе шиеленіс
бейбітшілік және соғыс жағдайындағы халықаралық қатынастар деп
жіктеуге болады. Халықаралық қатынастардың осы аталған жіктемелері оның қоғамдық қатынастардың ерекше бір түрі екендігіне нұсқайды. Яғни, халықаралық қатынастар қоғам ішіндегі қатынастар және территориялық бірлестіктер шеңберінен шығатын ерекше қатынастар.