Саяси элита және саяси топ


Саяси жетекшіліктің табиғаты және қызметтері



бет5/10
Дата08.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#122079
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЭК 211 Абжанова Аягоз слайд саясаттану

Саяси жетекшіліктің табиғаты және қызметтері.
Саяси өмірде оның басты субъектісінің бірі ретіндегі саяси жетекшінің рөлі зор. Қоғам өмірінің қай саласында болмасын жетекшісіз ештеңе де бітпейді, ал саяси үдерісте жетекшінің болуы әбден қажет. Расында, мұнда әртүрлі бағытталған мүдделер тоғысады, кейде олар тіпті бір-біріне қарама-қарсы да болуы мүмкін. Қоғамдағы әрқилы топтардың басын біріктіретін, келісімге келтіріп басшылық жасайтын жетекші адамдар, лидерлер (ағылш. leader – «жетекші», «басқарушы», «көсем» дегенді білдіреді) болады.
Қоғамдық- саяси өмірдің белгілі бір мұқтаждығына орай, атап айтқанда, әртүрлі саяси әлеуметтік мүдделерді бір жүйеге келтіріп, үйлестіру, барлық әлеуметтік топтарды біріктіріп, ортақ мүдделерге сай мақсаттарды іске асыру қажеттілігінен осы саяси жетекшілік институты туындайды. Сонымен саяси жетекшілер деп, қоғамды мәнді саяси мақсаттар төңірегіне жұмылдыра алатын, соларға жету жолында өзінің бар қабілеттерін салып, аянбай қызмет ететін адамдарды айтады. Саяси жетекшіліксіз көптүрлі адами мүдделер, мұқтаждықтар мен ұмтылыстар тоғысы стихиялық түр алып, қоғамды әлдебір ретсіз жағдайларға соқтырады.
Қоғамның өзгеру үрдісіне орай «жетекшілік» ұғымы да өзгеріп, жаңа мазмұн мен жаңа түр иеленеді. Қоғам дамуының алғашқы кезеңдерінде жетекшілік қызметі, көбінесе қауым мүшелерінің сыртқы табиғи күштерге қарсы тұрып, қайтсе де аман қалуына, сөйтіп біріге өмір сүруіне байланысты болған. Бұл қызметті ру, тайпа басшылары, көсемдері атқарған. Қоғам дамыған сайын адам қызметінің жаңа түрлері, жаңа мүдделер мен мұқтаждықтар пайда болып, адамдардың қарым-қатынастары да жан-жақты толығып, әлеуметтік қатынастар күрделеніп сала береді. Қоғамды басқарудың күрделенуіне орай жетекшілік құбылысы дамып, күрделі қоғамдық қатынастарды реттеу, басқару қажеттілігі арта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет