Саяси элита және саяси топ



бет2/10
Дата08.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#122079
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЭК 211 Абжанова Аягоз слайд саясаттану

Саяси элита-деп билік жүргізуге байланысты маңызды шешімдер қабылдауға тікелей қатынасатын, билік құрылымында жетекші рөл атқаратын, соған орай өзіндік артықшылықтарға ие болатын әлеуметтік топты айтамыз.
Саясаттануға бұл ұғымды алғаш енгізген итальяндық ғалым, әлеуметтанушы В.Парето (1848-1923) болатын. Марксистік ілімде тарихтың жасаушысы бұқара халық деген қағидаға қарама-қарсы В.Парето және оның жасақтары, яғни элиталар теориясының негізін қалаушылар саясаттағы тұлғалардың рөлін баса айтады және олардың қандай талаптарға сай болуы керектігін негіздейді. Қазіргі саяси ғылымда оның ерекше бір саласы ретінде осы элитаның пайда болуы, қалыптасуы, қоғамдағы рөлі туралы элитология ілімі дамыған. Элитологияның басты бір мәселесіне элиталарды жіктеу мәселесі жатады. Элиталар олардың атқаратын қызметіне орай, (яғни, функционалдық белгі бойынша) саяси, экономикалық және мәдени-ақпараттық деп үшке бөлінеді.
  • “Элита” терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923).

  • “Жалпыға бірдей социология трактатында” (1916) ол “элиталардың айналу” теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.
  • РобертМихельс(1876-1936)“Саяси партиялар, Демократия-ның олигархиялық үрдістері туралы очерк” (1911)деген еңбегінде “олигархияның темірдей заңын” шығарды.

  • Оның ойынша, бұкара халықтың өзіне өзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді. Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың колдауына ие болды. Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшіліктен біртіндеп алшақтайды, қоғамның қарапайым мүшелеріне өздерін қарсы қояды. Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға-тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос киял. “Олигархияның темірдей заңы” осы дейді Р. Михельс.
  • Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916—1962) “Билеуші элита” атты еңбегінде АҚШ-тың XX ғ. ортасындағы элитасына талдау жасайды. Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп анықтайды. Оның ойынша, қоғам үшін ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикалық және әскери институттар. Соған орай билік элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар құрайды
  • Франция саясаттанушысы Р.Ж. Шварценбергер “Абсолюттік құқық” деген еңбегінде қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды. Францияда ол саясаткерлерден, жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан тұратын биліктің үшбұрышын құрайды. Олар үкіметті калыптастырады, мемлекетті билейді, ірі корпорациялар мен банктерді басқарады.
  • Гаэтано Моска (1854—1941) элита теориясын “Саяси ғылым негіздері” (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы бола- тын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет