Қазіргі элитаға, заңға, формалды ережелерге сүйенушілерге жатқызып,оларды өз кезегінде 4 топқа бөледі:
билік құрылымдарын басқаратын, маңызды шешімдер қабылдайтын жоғары элита;
мемлекет қызметкерлерінің жоғары жігін (министрліктер,ведомствалар,комитеттер басшылары) құрайтын әкімшілік элита;
белгілі бір табысы, кәсіби мәртебесі және білімі бар адамдар(жоғарықызметкерлер,менеджерлер,ғалымдар,зияткерлер);
жоғарыда көрсетілген үш көрсеткіштің (табысы,кәсіби мәртебесі,білімі) біреуі немесе екеуі жетіспейтін аралық (маргинарлық) жағдайдағы адамдар.
Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек,оған Президент аппаратының құрамы (Президент,оның әкімшілігінің бастығы,орынбасарлары,дипломатиялық элита кіреді.Олардың арасында тиімді несиелер алып,бизнеспен айналысып,байығандар баршылық..Олар қаржа-қаражат,экономикалық қорлар,қажетті мағлұматтарға иелік етеді.Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады.
Билеуші элитаға тарту, оларды жаңғырту мәселесіне келсек, жоғары басшыларға берілген немесе солардың балаларымен толығуда. Олар орындарынан босатылса,келесі лауазымды орынға отырады. Соның салдарына ол “ сырттан келетін” адамдарға жабық элитаға айналды. Шынайы көппартиялық болмаған соң, саяси билікке олардың ықпалы шамалы.Сыбайлас жемқорлықтың саны көбеюде. Билік басындағылардың көбі өз күнін күйттеп, жалпы халықтың жағдайы төмендеп,жұмыссыздық белең алуда.
Мұндай жағдайды болдырмай,тығырықтан шығу, саяси элитаның саны мен сапасын көтеру үшін оларды ашық, жариялылық жағдайында,зерделі,білімді,білікті,еліне,халқына шынайы жаны ашып,қызмет ететін азаматтардан таңдаған жөн.
Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын,сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан ақ білгілері келген.Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н.Макиавеллидің “Патша” деген еңбегіндегі тиімді басшылық.
Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады:
басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді;
бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін - соны білулері керек;
топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері,қабілеті болуға тиіс;
басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек.