Саяси ілімдер тарихы 3 тарау. Ежелгі римдегі саяси ілімдер



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата09.03.2023
өлшемі196,57 Kb.
#171612
1   2   3   4
Байланысты:
Тема 3

Луций Анней Сенека
(б.э.д. 3–65 жж.)
император Не-
ронның тәрбиешісі, мемлекет қайраткері, сенатор болған. 
Сенека рухани идея бостандығы үшін күресті. Ол 
адамдардың қай әлеуметтік статусқа жататындығына 
қарамай олар рухани жағынан азат болуы керек деп 
есептейді. «Тіпті құлдың өзі де рухани азат адам, тек оның 
тәні ғана құлдықта» деген. Құлдық жүйені Сенека жоққа 
шығармайды, бірақ ол құл иелерінен құлдарға адам-
гершілікпен қарауын сұрайды. Ол барлық адамдар тағ-
дыр алдында бірдей дәрежеде «құл» деп есептейді. Оны 
ол «біреулер құлқынның құлы, біреулер дүниенің құлы. 
Ең ауыр құлдық – өз еркімен құлдыққа мойын ұсыну» деп 
түсіндіреді. 
Сенека өзінің табиғи-құқықтық тұжырымдамасын 
«тағдыр заңдарына» таңып қояды. Бұл заңға адамзаттың 


25
3-тарау. Ежелгі Римдегі саяси ілімдер
ойлап тапқан нұсқаулары, мемлекет және заңдар түгел 
бағынады деп түсінді. 
Стоиктердің келесі өкілі – 
Эпиктет.
Ол қоғамдағы 
адамдар әрқайсысы өзіне тағдырдан келген істермен ғана 
шұғылдануы керек дей келе, байлық пен құлдық жүйені 
қатаң сынады. Құл ұстау адамгершілікке жатпайтын жат 
қылық деді. «Өзіңе тілемеген жаман істі өзгеге де тілеме. 
Егер саған құл болу ұнамаса, онда өзгені де құлдықта 
ұстама» деген. 
Марк Аврелий Антонин
мемлекет пен құқық туралы 
ойды дамыта түсті. Император-стоик қоғамдағы адам-
дардың заң алдында барлығының бірдей және жауапты 
болуымен қатар, қол астындағылардың ерікті азат болуын 
қалады. 
Стоиктердің саяси ойлары кейіннен рим саяси 
құқығының негізін қалады. 
Тақырыпқа қатысты ұғымдар мен түсініктер:
патша, 
император, республика, билік, плебейлер, патрицийлер, 
мемлекет, заң, саясат, құқық, сана, аристократия, демократия. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет