1 Саяси жүйе түсінігі, құрылымы мен қызметі 2 Саяси жүйенің жіктелуі 3. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
1 Саяси жүйе түсінігі, құрылымы мен қызметі.
Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси жүйе қызметі - саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:
1) қоғам дамуының мақсат-міндеттері мен жолдарын анықтау;
2) қабылданған мақсаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қоғам қызметін үйымдастыру;
3) материалдық және рухани құндылықтарды бөлу;
4) мемлекет пен әлеуметтік қауымдардың сан алуан мүдделерін келістіру;
5) қоғамдағы адамдар мен топтардың мінезқұлқын анықтаушы заңдар мен ережелерді дайындау;
6) саяси құрылыстың ішкі және сыртқы қауіпсіздігі мен түрақтылығын қамтамасыз ету;
7) саяси сананы қалыптастыру, қоғам мүшелерін саяси қатысу мен қызметке тарту;
8) заңдар мен ережелердің орындалуына бақылау жасау.
Саяси жүйенің құрылымы
Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды: 1) саяси институттар; 2) саяси қатынастар; 3) саяси ережелер; 4) саяси мәдениет.
2 Саяси жүйенің жіктелуі.
Саяси жүйелердің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.
Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:
1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;
2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;
3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;
4) Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;
5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.
Г.Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп жіктейді. Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Жарым-жартылай индустрияланған саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Тоталитарлық саяси жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар.
3. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру өкілеттігіне ие.
Сайып келгенде, Қазақстан өзінің басқару формасы бойынша Президентік республика болып табылады. Қазақстанның Үкіметі атқарушы тармақ өкіметін басқарады. Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын екі палаталы парламент заң шығарушы тармағының өкіметін басқарады.
Өкіметтің Соттық тармағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен басқарылатын жалпы юрисдикциясы бар соттар жүйесімен ұсынылады. Қазақстан Республикасының Конституциялық нормалары орындалуының бақылауы бойынша міндеттерді Конституциялық Кеңес орындайды. Республиканың Бас Прокуратурасы және Ішкі Істер Министрлігі тұсындағы құқық қорғау органдар жүйесі заң бойынша бақылау мен мемлекеттік тәртіпті іске асырады.
Қазақстан – әкімшілік-территориялық бірлік болып келетін аймақтарға бөлінген унитарлы мемлекет.