Саяси жүйенің қызметі және механизмі



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата14.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#127333
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
11- дәріс Саяси жүйе

Қазақстандағы саяси жүйе. 

 

    Тәуелсіздік жылдары елімізде қалыптасқан саяси жүйенің түбегейлі 



айырмашылығы неде? Осы жылдар  қоғамның саяси жүйесінің  табиғаты мен 

құрылымына,  қызметіне  әкелген  негізгі  өзгерістердің  мәні  мен  мазмұны, 

сапасы  неден  көрінеді?   Бұл  Тәуелсіз  Қазақстанның  мереке  қарсаңында  әр 

саясаттанушы мен саясаткерді ойландырары хақ.  Біз де осыған жауап іздеуге 

талпыныс  жасадық.    Тәуелсіздік  жылдары   Қазақстанның  жаңа  мемлекетін  

және  оның   саяси  жүйесін  қалыптастыру  оңай  болған  жоқ.   Бұл  үрдіс  өте 

қайшылықты,  тартысты,  қателіктер  мен  қатерлер  арқылы  жүргенін  ашық 

айту  қажет.   Қазақстан  мемлекеті  нысаны  мен  табиғатын  анықтауда  ХХ 

ғасырдың  90-шы  жылдарында  еліміздің  саяси  басшылығы  мен 

интеллектуалдық  күштері  алдында   аса  күрделі  міндеттер  тұрды.     Сол 

тарихи  да  тағдырлы  уақытта   дербес  мемлекетті  құру  ісіндегі  төтенше   

жауапкершілікті  өзіне  алған  Н.  Назарбаев  былай  деп  толғанады:  «Қазіргі 

сарапшылар  белгілі  бір  саяси  режим  жайында  баға  бергенде,  оның 

мойнындағы  міндеттерді  ескермей,  баға  беруге  тырысады.  Ол  мемлекетті 

қалыптастыру,  бір  экономикалық  жүйеден  екінші  бір  экономикалық  жүйеге 

көшу,  демократиялану  процесін  дамыту,  әлеуметтік  және  ұлтаралық 

орнықтылықты сақтау және нығайту, сыртқы саяси бағыттар желісін тарту... 

Ұлттық жаңару, мемлекеттікті қалпына келтіру әрдайым оп-оңай жүзеге аса 

бермейді».  Тәуелсіз  Қазақстан   мемлекетінің  қалыптасу   кезеңі  бұрынғы 

КСРО  аумағында  саяси,  әлеуметтік  экономикалық  мүдделер  мен 




қатынастардың  ерекше  шиеленісуі  үдерісімен  қабаттаса  жүрді.  Әлеуметтік 

топтардың мүдделері  мен  қажеттерін  бұрынғы  саяси  режим  қанағаттандыра 

алмады.  Оның  ішіндегі  ең  өткір,  шетін  тұрғандары  –  азаматтардың  саяси, 

экономикалық және әлеуметтік құқықтарын кеңейту, сөз бостандығы, ұлттар 

мен  этностардың  тіл,  мәдениет  саласындағы  сұраныстарын  мүмкіндігінше 

қанағаттандыру,  азаматтардың  қауіпсіздігін  нығайтып,  азаматтық  татулық 

пен  қоғамдық  тәртіпті  нығайту  еді.  Қазақстанның  болашақ  мемлекеттік 

дамуы  туралы  берік,  сындарлы   тұжырымдама  әлі  қалыптаспаған  еді.  Ол 

кездегі еліміз алдында тұрған ең күрделі проблема  мемлекетті қалыптастыру 

еді.  Мемлекет – саяси жүйенің аумақтық, заңды,  жария, егемен, легитимді, 

құқықты,   жоғары  деңгейде   институттанған,  жалпыға  бірдей  әмбебап 

ұйымы.  Ол   қоғамның   саяси  жүйесінің  бір  бөлігі  бола  отырып,  мақсатты, 

жария,  ашық,  заңды,  ел  мен  халықтың   егемендігінің  бірден  бір  көзі, 

субектісі  және егесі ретінде қызмет істейді.  

Мемлекет саяси жүйенің бір бөлігі, ал ол сонымен бірге, оның  барлық 

кіші  жүйелері  мен  салаларын  қамтитын,  біріктіретін,  заңдар  аясында 

олардың  бүкіл  қызмет-тіршілігін  реттейтін,    олар  үшін  біртұтас,  ажырамас 

және  бөлінбес   ұйым  болып  табылады.   Ғылыми  әдебиетте  мемлекеттің  не-

гізгі  аса  маңызды,  сөзсіз,  қоғамдық  қатынастар  табиғаты  мен  мүдделеріне 

жауап  беретін  және  тиімді  мемлекет  құру  мүддесіне  сәйкес  келетін 

белгілеріне  отандық  және  шетелдік  зерттеушілер  дәлелдеуі  бойынша 

мыналар  жатады:  аумағының;  азаматтығы  бойынша  біріккен  халқының; 

белгілі ішкі және сыртқы функциялары анықталған, бұларда саралап, ауқымы 

мен  міндеттерін   анықтаған,  қоғамдық  қатынастардың  барлық  саласын 

реттеуге қабілетті, қажетті адами,  материалдық және қаржылық ресурстарға 

ие  тармақталған   басқару  аппаратының  болуы;  халықаралық  қауымдастық 

мойындаған  шекарасы;  елдің  егемендігін,  тұтастығын,   қорғанысын, 

азаматтарының  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  ұлттық  армиясының,  құқық 

қорғау  органдарының  (сот,  прокуратура,  милиция,  арнайы  қауіпсіздік 

қызметтері  және  т.б.)  болуы.  Қазақстанда  жиырма  жылда  осы  аталған 

белгілер мен қасиеттерге сай келетін егемен, әлеуетті, әлем мойындаған және 

санасатын  мемлекет  қалыптасты.  Ал  елде  қалыптасқан   мемлекеттік 

құрылыстың табиғаты, демократияның деңгейі оны саяси жүйесі қызметінен 

көрінеді.  Саяси жүйе сөздің кең мағынасында  –  белгілі бір қоғамдағы билік 

қатынастарының  іс  жүзінде  анықталынып,  қабылданып,  орындалуының 

тұрақты  формасы.  Ол  –  елдегі  бүкіл  саяси  өмір,  саяси  қатынастардың  және 

саяси  институттардың  жиынтығы.   Бұл  жерде  транзиттік,  өтпелі 

қоғамдардағы  аса  күрделі  міндеттерді  шешуге,  күрделі  қоғамдық 

қатынастарды реттеуге қызмет ететін жаңа саяси жүйені қалыптастыру күр-

делі  мәселе  екенін  еске  ұстаған  жөн.  ХХ  ғасырдың  тоқсаныншы 

жылдарының  басында   жаһандану,  ақпараттық  қоғам,  халықаралық 

байланыстардың күшеюі жағдайында саяси жүйе мен оның институттарының 

функциялары  барған  сайын  күрделеніп,  тармақталып,  олар  қамтитын 

құбылыстар  мен  қатынастардың  ауқымы  кеңейіп,  олардың  өзара 

сабақтастығы,  өзара  байланыстары  күрделенген   уақыт  болатын.  Осы  жаңа 



әлемге,  оның  күрделі  саяси-экономикалық,  идеологиялық  қатынастарының 

дербес  субъектісі  ретінде  ұмтылып  отырған  Қазақстан,  алдымен,  өзін-өзі 

мемлекет  ретінде  анықтап,  мемлекеттік-конституциялық  құрылысын 

түбегейлі  бекемдеу  міндеті  тұрғаны  айдай  ақиқат  еді.   Бүгінде,  жиырма 

жылдық  дербес  дамудың  биігінен  еліміз  бұл  жауапкершіліктен  абыроймен 

шықты  деуге  негіз  бар.  Әлемдегі,  әсіресе,  демократиялық  елдердегі  саяси 

жүйелерді  зерттеген,  теориялық  ой-толғамдарын  әлем  саясаттанушылары 

мойындаған  Толкотт Парсонс, Дэвид Истон,  Габриель Алмонд, Карл Дойч, 

Дж. Бингем Пауэлл және тағы басқа батыстық оқымыстылардың саяси жүйе 

және  олардың  негізгі  институттары   функциялары  туралы  іліміне  сүйенсек, 

Қазақстанның  саяси  жүйесі  институттарының  конституциялық  өріс 

аясындағы  қызметінің  де  өте  күрделі,  сан  тарапты  екендігіне  толық  көз 

жеткізуге болады.  Аталмыш оқымыстылардың, сондай-ақ, ел ғалымдарының 

мемлекет  құрылысы,  саяси  жүйе  табиғаты  мен  қызметіне   қатысты  ғылыми 

зерттеулеріне  сүйене  отырып,  қазіргі  кезеңде  еліміздің  саяси  жүйесінің 

қызметіне  тән  мынадай  негізгі  функцияларды  атап  көрсетуге  болады:  – 

Конституцияға  және  басқа  да  заңнамаға  сәйкес  қоғамды  қазіргі  заманның 

табиғаты  мен  талаптарына  сәйкес  ғылыми  басқару;  –  қоғамның   алдындағы 

мақсат пен міндеттерді анықтау және соған сәйкес  бүкіл қоғамды және оның 

ресурстарын жұмылдыру; – қоғам мүшелерін әлеуметтендіру; – артикуляция 

–яғни,  қоғамдағы  әртүрлі  таптардың,  топтардың  мүдделерін  анықтау, 

бейнелеу  және  оларды  саяси  жүйе  институттары  қызметінде  еске  алуына 

жетісу және тағы басқалары.  

Бүкіл  халықтық  референдумда  1995  жылғы  қабылданған  Қазақстан 

Республикасының  Конституциясы  еліміздің  саяси  жүйесінің  жаңа 

архитектурасын қалыптастырды. Осы жылдан еліміз саяси жүйесі дамуының 

жаңа кезеңі басталды. Ал, еліміздің осы жылдардағы конституциялық дамуы 

оның іргелі негіздерінің беріктігін, өміршеңдігін, оны құраушы  институттық 

құрылымдардың 

міндеттері 

мен 

басқару 


мүмкіндіктерінің 

дұрыс 


анықталғандығын дәлелдеді.     

Еліміздің  саяси  жүйесі  құрылымындағы  жаңаша    түбегейлі 

«анатомиялық»  түзілу  мен  түрленудің  мәні  мен  мазмұнын  жиырма  жыл 

деңгейінен   жинақтай  айтсақ,  біздің  пікірімізше,   негізінен  мыналарға  келіп 

саяды:  

–  ең  алдымен,  еліміздің  саяси  жүйесінде  бұрын  болмаған 

Президенттік  институт,  қос  палаталы,  кәсіби  негізде  жұмыс  істейтін 

Парламент,  көппартиялылық,  азаматтық  қоғам  институттары    Қазақстан 

халқы  Ассамблеясы  тәрізді  принципті  жаңа  саяси  құрылымдардың  түзіліп, 

қалыптасуы және қызмет жасауы;  

–  қоғамдағы  демократия  мен  сөз   бостандығының  даму  деңгейі  мен 

пәрменділігінің  басты  көрсеткіштерінің  бірі  тәуелсіз,  беймемлекеттік 

бұқаралық ақпарат құралдарының дербес те әлеуетті жүйесінің пайда болуы;  

–   Қазақстанда  бұған  дейін  болмаған,  қоғамдық  өмірдің  барлық 

салаларын  кеңінен  қамтитын  жаңа  азаматтық  институттардың  қалыптасып, 

дамуы  және  олардың  қызметіне  қажетті  ұйымдық-құқықтық  негіздердің 




нығаюы;  –   халықаралық  танымал  демократиялық  институттар  негізінен 

біртіндеп  мойындаған еліміздің жаңа сайлау жүйесінің қалыптасуы;  

–  биліктің  негізгі  үш  тармағының:  Президент,  Парламент  және 

Үкіметтің  біріккен  еңбегінің  нәтижесінде  еліміздің  саяси  жүйесінің  барлық 

құрамдас   бөліктері   қызметінің  құрылымдық,  ұйымдық-құқықтық  және 

өзара  қарым-қатынасы   мәселелерін  жан-жақты  реттейтін,  еліміздің 

демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекет  орнату 

бағытында  әлеуметтік-экономикалық  дамуын   қамтамасыз  ететін  заң 

жүйесінің  жаңадан  түзіліп,  қабылдануы  және  бұл  үрдістердің  қоғамдық 

қатынастардағы  қажеттіліктерге  байланысты  үнемі  жетілдірілуі.  Бұл  – 

қоғамдық  қатынастарды,  әлеуметтік  топтарды,  мемлекеттік  және  қоғамдық 

құрылымдарды қамтуының ауқымы, жалпы табиғаты жағынан терең де, көп 

қырлы,  сапалық  өзгерістеp.  Президент,  Парламент  институттары,  әлсіз  де 

болса,  көппартиялық  жүйе  осы  өзгерістердің  ең  маңызды  да,  мәндісі  

бағалаған  жөн.       Сөз  жоқ,  жаңа  тәуелсіз  Қазақстанның  саяси  жүйесіндегі  

ерекше орында, бұрын болмаған жаңа құрылым – Президент институты тұр. 

Еліміздің  мемлекеттік  басқару  жүйесінде  Президент  лауазымы  Қазақ  ССР-і 

Конституциясына  енгізілген  1990  жылғы  24  сәуірдегі  өзгерістерде 

анықталды.  Сол уақыттан бері халқымыз осы ең жоғарғы мемлекеттік саяси 

лауазымға  Н.  Назарбаевты   бірнеше  мәрте  сайлап  келеді.     1995  жылы 

қабылданған  Конституция,  оған  1998  және  2007  жылдары   енгізілген 

өзгерістер  мен  толықтырулар  еліміздегі  бүкіл  билік  жүйесінде   Президент 

институтын үнемі нығайту бағытында. Ең алдымен, еліміздегі басқару жүйесі 

«Президенттік  басқару   нысанында»  деп  сипатталады.  1995  жылғы 

Конституцияның  жобасын  дайындау  жөніндегі  жұмыс  тобын  басқарған 

академик  Ғ.Сапарғалиевтың  пікірінше,  бұл  белгілі  бір  деңгейде  даулы 

түсінік.       Ғылыми  әдебиеттерде  «басқару  нысаны»  деп  республика  немесе  

монархия  есептеледі.  Осылай  атау  әбден   қалыптасқан,  ғылыми  ортада 

бекіген  түсініктер.   Ал  «президенттік  басқару  нысаны»  деген  түсінікті 

Конституция 

авторларының 

төл 


шығармашылдығы, 

қазақстандық 

конституциялық  теориядағы  ізденіс,  басқару  нысанын  анықтаудың 

қазақстандық  нұсқасы  деп  түсінген  абзал.  Бұған  ресейлік  белгілі 

мемлекеттанушы-ғалым  В.  Е.  Чиркин  кезінде  назар  аударып,   уақыттың 

басқару  формалары  туралы  түсініктерге  өзгеріс  енгізетіндігін,  Қазақстан 

Конституциясы  «президенттік  республика»  деп  ешқандай  екіұштылықсыз, 

тура  атайтындығын   арнайы  атап  көрсеткен  болатын.    Конституцияда 

президентализмнің  демократия  институты  ретіндегі  саяси  жүйедегі  орны, 

мәртебесі  өкілдіктері  көрсетіліп,  40-шы  бапта:  «Президент  –  халық  пен 

мемлекеттік  билік  бірлігінің,  Конституция  мызғымастығының,  адам  және 

азамат  құқықтары  мен  бостандықтарының  рәмізі  әрі  кепілі»,  –  деп  нақты 

көрсетілген. Саяси жүйенің құрамдас бөлігі болып табылатын – Президенттік 

институттың  қалыптасып,  дамуы,  оның  бедел  алуы  ұзақ,  күрделі  процесс. 

Сөз жоқ, президенттік институттың қоғамның саяси жүйесіне етене, икемді, 

ажырамас құрамдас бөлігі ретінде кірігіп кетуі, саяси бейімделуі бедел алуы 

уақытты,  тәжірибені,  үлкен  заң  шығарушылық  қызметті  қажет  етеді.  Бұл 



процестер  біздің  елімізде  терең  саяси  тартыстарсыз,  саяси  сілкіністерсіз, 

эволюциялық жолмен  өтті.  

Президенттік институт саяси жүйедегі ерекше институт және барлық 

партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдар қызметінің кепілі болғандықтан, ол 

бүкіл  саяси  жүйеге  немесе  оның  басым  көпшілігіне  сүйенгенде  ғана  саяси 

жүйеде  топтастырушы,  байланыстырушы  рөл  атқарады.  Бұндай  тірек-

сүйенішсіз  президенттік  институттың  әлеуметтік-саяси  базасы  әлсіз  болуы 

мүмкін.  Назар  аударарлық  бір  мәселе  –  Шығыс  Еуропа  мен  Орталық 

Азиядағы  кеңестен  кейінгі  барлық  елдерде  президенттік  немесе  жартылай 

президенттік  билік  жүйесі  пайда  болды.  Бұл  саяси  жүйе  дамуындағы,  ел 

алдында 

тұрған 


әлеуметтік-экономикалық 

мәселелерді 

шешудің 

күрделілігіне  байланысты.  Билік  тармақтары,  әсіресе,  Парламент  пен 

атқарушы  билік  арасындағы  текетірес  пен  шиеленісті,  толассыз  талас, 

елдердің  саяси  мәдениетінің  ерекшелігі  президенттік  институтты  өтпелі 

қоғамдар,  кезеңдер  алдында  тұрған  міндеттерді  шешудің  тиімді  билік 

нысаны ретінде таңдау – ұтымды жол. Қазақстандағы осы саяси-мемлекеттік 

институттың  қызметіне  келсек,  жиырма  жылдан  астам  уақыт   президенттік 

институттың ұтымды жақтарын көрсетіп берді.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет