Саяси жүйенің қызметі және механизмі.
1.
Саяси жүйе түсінігі мен негізгі концепциялары.
2.
Саяси жүйенің құрылымы, қызметтері.
3.
Саяси жүйенің жіктеленуі.
Саяси жүйе түсінігі мен негізгі концепциялары
. Қоғамның саяси
жүйесі дегеніміз – бұл күрделі, әртүрлі саяси институттар тарамдарының
жиынтығы, әлеуметтік-саяси қауымдастықтар, өзара қатынастарымен
қимылдарының формалары арқылы саяси билік жүзеге асады.
1) Д.Истонның жүйелiлiк моделi. Саяси жүйе ұғымы 1953 жылдан берi
қолданылады. Алғаш рет саяси жүйе теориясы американдық ғалым Д.Истон
қалыптастырды. Д.Истон саяси жүйенi қоғамның көпшiлiк бөлiгiмен
байланысты, оның негiзiнде қоғам шешiмдер қабылдайтын әлеуметтiк өзара
әрекеттер мен институттар деп анықтады. Д.Истонның саяси жүйе моделi
теориялық негiзi төрт базалық категорияны өзiне қамтиды: 1) «саяси жүйе»;
2) «қоршаған орта»; 3) «реакция»; 4) «керi байланыс».
Бұл модел бойынша саяси жүйенiң әрекет етуi 4 кезеңдi қамтиды:
1.
Бұл «кiрiс», сыртқы ортаның саяси жүйеге талап пен қолдау
формасында ықпал етуi.
2.
Әәлеуметтiк талаптардың балама шешiмдерге айналуы, үкiметтiң
белгiлi бiр көңiл бөлулерi болып табылады.
3.
Бұл «шығыс», шешiмдердiң қабылдануы және оның практикалық
шаралар формасында таратылуы.
4.
Үкiметтiң қызметiнiң нәтижесi сыртқы ортаға «керi байланыс» арқылы
ықпал етедi. Саяси жүйе «ашық жүйе» болып табылады, сыртқы
ортадан тұрақты импульстердi алып отыратын. Оның негiзгi мақсаты
жүйенiң өмiр сүруi мен тұрақтылығын ортаға бейiмделуi арқылы
сақтау.
Д.Истон өз моделiн талаптар мен қолдаулардан тұратын «кiрiс» және керi
байланыстын бастапқы жолы болып табылатын «шығыс» факторына бөлдi.
Ол талаптардың өзiн ортадан келетiн сыртқы және жүйенiң өзiнен
туындайтын iшкi талаптарға бөлдi. Талаптар сипаты жағынан алуан түрлi.
Жеткiлiктi қолдауларсыз саяси жүйе тиiмдi де сенiмдi түрде қызмет
ете алмайды.
Талап импульстары
мен қолдау
импульстары жүйеге
ретiмен келiп тұруы қажет, олай болған жағдайда, ол дағдарысқа ұшырап
қызмет етуiн тоқтатуы мүмкiн. Әр қилы импульстардың шамадан тыс артуы,
ол қолдаулардың жеткiлiксiз көлемi режимнiң өз легитимдiлiгiн жоғалтуына
себепкер болуы мүмкiн. Бұқара халықтың әртүрлi талаптарынан келiп түсiп
жатқан талаптарға деген көзқарас көп жағдайда саяси жүйенiң түрiне
байланысты. Легитимдi, демократиялық жүйелер мұндай сұраныс
талаптарды өз қызметiн қалыпты атқарудың қажеттi шарты деп түсiнедi.
Халық әдетте, өздерi ықпал ете алатын, өз сұраныстары мен қажеттiлiктерiн
қанағаттандыра алатын саяси топтар мен лидердi қолдайды.
Саяси жүйенiң құрылымдық-функционалдық моделiнiң негiзiн салушы
Г.Алмонд. Ол саяси жүйенiң қызметiн екi топқа бөледi:
А) Кірiс. Кiрiс қызметiне жататындар: саяси әлеуметтену, қатысуға тарту,
азаматтардың мүдделерiн жинақтау, мүдделердi агрегаттау. Кiрiс қызметiн
азаматтық секторлар орындайды (қысым тобы, саяси партиялар, қоғамдық
ұйымдар т.б.)
Б) Шығыс. Шығыс қызметiне: заң нормаларын жасау, қолдану, орындау,
бақылау жатады.
Саяси жүйе теориясы, оның ойынша, қызметтiң әртүрлi деңгейiндегi өзара
байланысын зерттейдi. Г.Алмонд саяси жүйенi әртүрлi мемлекеттiк және
мемлекеттiк емес құрылымдардан тұратын саяси iс-қимылдардың формасы
ретiнде қарастырады. Саяси жүйе өзiнiң бүкiл компоненттерi мен
элементтерi бiрлiгiнде тұтас құрылым ретiнде шығады, ол өзiнiң қызметiнiң
барысында күштi орталықтанған байланысының болуымен сипатталады.
Д.Истон, Г.Алмонд атап көрсеткендей, саяси жүйеде ең бастысы оның
болмысында (құрылымы) емес, iс-әрекетiнде (қызметi).
Сонымен, саяси жүйенiң шешетiн мәселелерiне мыналарды жатқызуға
болады:
1. Бұл қоғамды саяси басқару мәселесi қоғам дамуының нақты бағдары мен
мақсаты тек саяси деңгейде
жасалып, анықталып әртүрлi
әлеуметтiк
күштердiң мүдделерiнiң ықтималды келiсiмi iске асырылады. Бұл мәселенiң
шешiлуi қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, қоғамдық теңдiк, әдiлеттiлiк,
еркiндiк сияқты басым түсiнiгiн қалыптастырып, қорғауға ықпал етедi.
2.
Қоғамдағы
саяси жетекшiлiк мәселесiн шешудi
iске асыра отырып,
саяси жүйе индивидтер мен топтардың мүдделерiн бiлдiру, ескерту және
әлеуметтiк жүйенiң тұтастығына қауiптi шиеленiстi жағдайларда билiк
институттары мен саяси қатысу арқылы мәселенi дұрыс реттеуi қажет.
3.Халықты әлеуметтiк-саяси қызметке тарта отырып және
оларды қоғамдағы басты идеалдар мен құндылықтарға бағыттап, саяси жүйе
қатынастарды жаңартушы құрал қызметiн атқарады.
4.Кез келген саяси жүйе ақпараттық байланыс мәселелерiнiң үлкен көлемiн о
рындайды. Ол ортамен мақсатты түрде бағытталған өзара байланысты iске
асырып, болып жатқан өзгерiстерге сәйкес дер кезiнде жауап қайтаруға
мүмкiндiк беретiн сыртқы ақпараттар ағымын қабылдайды және оны
таратуды ұйымдастырады.
Саяси жүйе қызметiнiң кешендiлiгi мен жүйелiгiмен сипатталады. Олар
бүкiл қоғам деңгейiнде, әрi оның түрлi саласына байланысты iске асырылуы
мүмкiн. Олар саяси жүйе мен оның жекелеген компоненттерiне тұтас
құрылым ретiнде тән.
Американ
саясаттанушысы
К.Дойч
саяси
жүйе
моделiн
«кибернитизациялау»
барысында
оны
одан
әрi
дамыта
түстi.
Кибернетиканы– коммуникация мен бақылау туралы ғылым дей келе, К.Дойч
саяси жүйенi ақпараттарды шығару мен өңдеу туралы ғылым ретiнде
қарастырды. Коммуникация– осындай құрылымдық қатынастарды тарату
болып табылады. Арналар– ақпараттарды тарату жолдары. Олай болса,
коммуникациялық үрдiстер ұйымның қызмет етуi үшiн шешушi мәнде
болады.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесi деп билiк жүргiзiп, қоғамда тұрақтылық
пен тәртiптi қамтамасыз ететiн, әлеуметтiк топтар, таптар, ұлттар,
мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтiн ұйымдар мен
мекемелердiң жиынтығын айтамыз.