Саяси жүйенің қызметі және механизмі



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата14.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#127333
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
11- дәріс Саяси жүйе

Біріншіден, 

Президентті  бүкіл  халықтың  сайлауы,  бүтіндей  алғанда, 

саяси  жүйенің  демократиялық  легитимділігін  көрсетеді,  өйткені,  Президент 

қызметі  қашан да көпшілік сайлаушылардың мүддесін білдіреді.  



Екіншіден, 

билік  тармақтарының  аражігінің  анықталып,  президенттік 

институттың қызметі  демократиялық саяси жүйедегі әртүрлі шектеулер мен 

өкілдіктер арқылы саясат таразысын тең ұстауға мүмкіндік береді.  



Үшіншіден, 

бүкілхалықтық  сайлау  арқылы  сайлаушылар  саяси 

жүйенің  бүкіл  қызметіне  принципті,  жанды  өзгерістер  енгізе  алады,  саяси 

құндылықтар  мен   басымдықтарда  сабақтастықты  қалыптастырады.  Осы 

жылдары  жаңадан  қалыптасқан,  кеңестік  жүйеде  болмаған   биліктің  

маңызды тармағы –  қос палатадан тұратын  Қазақстан Республикасының заң 

шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді  органы 

қос  палаталы  Парламент  болды.   Қазақстанның  кәсіби  парламентаризмге 

келер  жолы  күрделі  де  қайшылықты,  саяси  шиеленісті,  бұралаңды   болды. 

Осы   тартысы  көп,  қиын  жолда  бұрынғы   Конституциялар  бойынша  (1978 

және  1993  ж.)  сайланған  Республика     Жоғарғы   Кеңесінің  1990  жылы 

сайланған  он  екінші,  1994  жылы  сайланған  он  үшінші  құрамдары  саяси 

себептерден  өкілділік  мерзімі  аяқталмай,  мерзімінен  бұрын  таратылды. 

Соңғы  құрамы  бір  жылдай  ғана  жұмыс  істеді.      Елімізде  парламенттік 

демократия,  парламентаризм  көптеген  қиындықтармен,  саяси  тартыспен, 

қайшылықтар арқылы, біртіндеп қалыптасып келеді. Ел Парламентінің 1995 

жылғы  Конституция  және  «Қазақстан  Республикасы  Парламенті  және  оның 

депутаттарының  мәртебесі  туралы»  конституциялық  Заңының  негізінде  он 

бес  жылдан астам уақыт  ішіндегі белсенді заң шығарушылық,  өкілді және 

саяси  қызметінен    белгілі  бір  тарихи-саяси,  демократиялық   қорытындылар 

шығаруға болады.  

 

 



Корпусы    ұлттық  элитаның  қатарын,  жоғарғы  мемлекеттік 

органдарды  жаңа,   тың  күштермен  толықтырудың   жемісті  саяси  мектебіне 

айнала  бастады  деуге   толық  негіз  бар.    Әрине,  Парламент  саяси   элитаны 

қалыптастырудың  бірден-бір  мектебі  емес.  Олар  Президент  Әкімшілігі 

жүйесінде,  ғылыми  ұжымдарда,  Үкімет  құрамында, облыстық  әкімдіктердің 

жоғарғы  буынында,  саяси  партиялар  жүйесінде  де   қалыптасады.  Алайда, 

саяси  жариялылық  пен  ашықтықтың,  билік  легитімдігінің  мектебі  болып 

табылатын,  бүкіл  тіршілігі  халықтың  көз  алдындағы  парламентшілердей 

басқа топтар әлеуетті, саны жағынан көп емес.      Парламенттің нығаюымен 

бірге, 


парламентшілердің 

өздері 


де  

өсіп, 


саяси,

 

демократиялық, 

интеллектуалдық   құқықтық,  рухани  тұрғыдан  толысып,  кемелденді.  Олар 

парламентаризм  мектебі  аясында   елдегі  күрделі  қоғамдық  қатынастардың  

табиғатына  үңіліп,  зерделеп,  ондағы  қайшылықтарды,  заңмен  реттелмеген 

проблемаларды  көріп,   талдауды,  елдегі  кезек  күттірмейтін,  халықты 

алаңдатып  отырған  әлеуметтік-экономикалық,  рухани  өзекті  мәселелерді 

Үкімет  алдына  қойып,  шешілуін  талап  етуді   игерді.    Еліміздегі  1998  және 

2007  жылдары  өткен  конституциялық  өзгерістердің  екі  толқыны  да,  ең 

алдымен,  негізінен,  Парламенттің  Президентпен,  Үкіметпен  өзара  қарым-

қатынасын,  құзыреттерін  және  оның   депутаттарын  сайлаудың  ұйымдық-

құқықтық   мәселесін  қамтыды  Соңғы  конституциялық  өзгерістердегі 

парламент  институтының  рөлін  көтеруге  жасалған  қадамдар  белгілі  бір  

мөлшерде  парламентаризм  институтын  нығайтуға  бағытталғанымен,  біздің 

пікірімізше,  ол  әлі  жеткіліксіз.  Ол  парламентаризм  институты  беделін 

нығайтудың  түбегейлі  мәселелерін  шешкен  жоқ.   Ал,  өкілді  органның 

пәрменді  де,  көпсалалы  қызметінсіз  қазақстандық  жаңаруға  қажетті 

құқықтық  өрісті  қамтамасыз  ету,  мемлекеттік  құрылысты,  кадр  саясатын 

жетілдіру,  әсіресе,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тиімді  күресу,  елді 

демократиялық  басқару  стилін  қалыптастыру  мүмкін  емес.  Бұл  реттегі  ең 

басты  мәселелердің  бірі  –  Парламенттің  бақылау  функцияларын  кеңейту. 

Парламентаризмнің  мәні  –  мемлекеттік  билік  жүйесіндегі  Парламенттің 

белгілі бір үстемдігі және атқарушы билік қызметіне оның тарапынан нақты 

бақылаудың  болуы.  Бұл  екі  талап  тұрғысынан  келгенде  де,  еліміз 

Парламентінің  қызметі  шынайы  толыққанды  парламентаризмге  қойылатын 

талаптарға  толық  сай  келмейтіндігі  белгілі.  Конституциялық  дамуымыздың 

келесі  сатысында  Парламентке  бүгінгі  конституциялық  өрісте  белгілі  бір 

бақылау  функциялары  берілуі  керек  деп  есептейміз.  Нақты  бақылау 

функциялары жоқ Парламент – халық өкілеттігі мен билігін пәрменді жүзеге 

асыра алмайды. Осы ретте конституциялық теория саласындағы белгілі неміс 

ғалымы  В.  Гессеннің:  «Нағыз  демократиялық  мемлекеттің  парламенттік 

болмауы  мүмкін  емес,  парламентаризм  конституциялық  режимнің  тәжі 

болып табылады» деген тұжырымын еске салғымыз келеді. Қазақстанның да 

конституциялық  режим  мен  конституциялық  жетілуі  жолындағы  аса 

маңызды  қажеттілік,  ең  алдымен,  Парламенттің,  әсіресе,  Мәжілістің 

құзыреттерін кеңейту. Республика саяси жүйесіндегі келесі бір елеулі өзгеріс 

–  әлжуаз,  әлсіз  де  болса,  көппартиялылықтың  қалыптасуы.  Бұл  үдеріс  



елімізде  қайшылықты,  күрделі  болды.  Саяси  партиялар  да  қалыптасудың, 

дамудың «балалық ауруын» өз бастарынан кешті. Олай болу табиғи да заңды 

еді.  Біздің  халқымыздың  да,  оның  саяси  лидерлерінің  де  саяси  және 

идеологиялық  әр  алуандықта  өмір  сүру,  дербес  мемлекетті  басқару 

тәжірибесі  жоқтың,  барлығы  дерлік  кешегі  СОКП-ның  саяси  мектебінен 

шыққан  жандар  еді.  Оларға  тәуелсіз,  көпұлтты,  халқының  саяси  және 

әлеуметтік  жіктелуі  аяқталмаған  мемлекеттің  жаңа  саяси  жүйесінде  жаңа 

бағдарламаларға  негізделген  саяси  партиялық  құрылысты  қалыптастыру 

оңайға  түспегені  белгілі.  Қазақстанның  партиялық  жүйесінің  қалыптасуына 

1996 және 2002 жылдары Парламент қабылдаған «Саяси партиялар туралы» 

Заң  қажетті  құқықтық-ұйымдық  өрісті  қалыптастырды.     Дамыған 

демократиялық елдерде партиялар саяси инфрақұрылымының әлеуетті, саяси 

дербес,  белсенді  құрамдас  бөлімі  болып  табылады.  Азаматтық  қоғам  мен 

мемлекеттің  арасындағы  саяси  делдалдық,  дәнекерлік  рөл  атқара  отырып, 

олар қоғамдық пікірдің қалыптасуына, азаматтардың позицияларына шешуші 

әсер  етеді.   Кемел,  толыққанды  партиялық  жүйесі  бар  мемлекеттердегідей, 

біздің  елімізде  де  саяси  партиялар  мынадай    аса  маңызды  функцияларды 

жүзеге асыруға тұрақты  ұмтылып келеді:    

 

 а)  халықтың  қоғамдық  саяси  белсенділігінің  стихиялық  түрлерін 



бақылау  мен  ықпалдастыруға  болатын  институттандырылған  нысандармен 

алмастырып,  азаматтарды саяси өмірге қатысуға ынталандыру; ә) халықтың 

әлеуметтік  жіктері  мен  топтарының  шынайы  мүдделерін  анықтап,  оларды 

сұрыптап,  жинақтап,  шоғырландыру  және  өзінің  көп  векторлы  қызметі 

арқылы соларды қорғап, жүзеге асыруға ұмтылу;   

б)  елдегі  саяси,  әлеуметтік-экономикалық,  рухани  ахуалды,  олардың 

даму 

үрдістері 



мен 

бағыттарын 

үнемі 

жіті 


талдап, 

өзгеру 


перспективаларына,  өзгерістері мен мүмкіндіктеріне болжамдар жасау;  

в)  азаматтардың  саяси  мәдениетін  жетілдіру  және  олардың  саяси 

кемелденуі  мен  азаматтық  позициясын  қалыптастыру  жөнінде  тұрақты  да 

мақсатты жұмыс жүргізу;  

г) билік органдарына сайлау кезінде кандидаттар ұсыну және оларды 

қолдау, өкілетті және атқарушы билік органдары мен жергілікті өзін-өзі бас-

қару  құрылымдарының  қызметіне  қатысу  және  тағы  да  басқалай. 

Қазақстандағы  демократиялық үдерістерді тереңдетуге, саяси партиялардың 

қызметін  жандандырып,  олардың  мемлекеттік  билікті  жүзеге  асыруға 

қатысуына  кең  құқықтық  өріс  ашуда.  Қазақстан  Парламенті  1998  жылғы  7 

қазанда  қабылдаған  «Қазақстан  Республикасының  Конституциясына 

өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Заңының  орны  ерекше  болды. 

Заң – ең алдымен, Парламент Мәжілісіне 10 депутаттың партиялық тізімдер 

негізінде  сайланатынын  анықтап,  Парламентке  барлық  саяси  партиялардың 

өз  өкілдерін  жіберуіне  және  сайлаушылардың  өздерінің  саяси  еркін, 

толығырақ  және  баламалы  таңдау  негізінде  жүзеге  асыруына  мүмкіндік 

берді.  Осы  демократиялық  қадам  барлық  саяси  партиялар  өміріне  үлкен 

қозғалыс әкелді. Парламентке 1999 жылғы сайлау кезінде елдің саяси жүйесі 

серпінді  қозғалысқа  келіп,  саяси  партиялар  өмірі  жанданып,  олар  өз 



қызметіне

 

электораттың  назарын  аудару,  олармен  жұмыстың  әр  түрлі 

нысандарын пайдалану, БАҚ-пен жұмыс, әртүрлі әлеуметтік топтардың мүд-

делерін қамтып, өзінің әлеуметтік базасын, қатарын кеңейту  жөнінде ілкімді 

де  икемді  шараларды  жүзеге  асырды.   Бұл  ретте,  әсіресе,  Коммунистік  

партияның  сайлау  кезіндегі   жұмыстары  қайсыбір  жергілікті  ресми  билік 

тарапынан  көрсетілген  біршама  тосқауылдарға  қарамастан,  еліміздің 

электораты  санасынан  өз  орнын  тапқанын  атап  өту  әділеттілікке  жатады.  

1999  жылғы  сайлау  қорытындысында  депутаттар  құрамындағы  жаңару 

нәтижесінде  ел  Парламентіне  –  саяси  элитаға  жаңа  толқын  келді. 

Парламенттің  жаңа  саяси-партиялық  құрамының  ықпалымен  оның  бүкіл 

қызметінде  көп  мүдделі,  алуан  үнді,  сан  пікірлі  қазақстандық  электораттың 

шынайы дауысы, позициясы естіле

 

бастады.  Қазақстан Парламенті еліміздегі 

әлі  де  әлсіз  саяси  әр  алуандылықтың,  әлжуаз  оппозицияның  ұстанымдары 

мен  пікірін  де  қамтып,  жария  демократиялық  трибуна  ретінде  қалыптаса 

бастап  еді. Өкінішке орай, бұл процестер Парламент Мәжілісіне 2004 жылғы 

күздегі  сайлаудың  барысында  тоқтап,  сол  келеңсіз  саяси  ахуал  2007  жылғы 

сайлауда  да  жалғасты.  Ресми  солшыл  оппозиция  да  (коммунистер)  және 

ұстамды  оңшыл  оппозиция  да  («Ақ  жол»  партиясының  өкілдері) 

Парламентте  бірде-бір  орынға  ие  болған  жоқ.     Бүтіндей  алғанда,  «партия» 

деп  аталатын  көпфункционалды  әлеуметтік-саяси  феномен  талаптарына 

толық сай келетін партиялардың қалыптасуына қажетті сындарлы және берік  

конституциялық,  заңнамалық  негізінің  болуына  қарамастан,  біздің 

пікірімізше,  елімізде  қайшылықты,  созылмалы  сипат  алды.  Оның  әртүрлі 

объективті  және  субъективті  себептері  болды:  –  партиялардың,  олардың 

лидерлерінің негізінен бірпартиялық, бір идеологиялық жүйеде тәрбиеленіп, 

шыңдалуы жаңа әлеуметтік- экономикалық, саяси-идеологиялық кеңістік пен 

шындықта  қызмет  жасауға  дайын  еместігі,  кейде   тіпті  дәрменсіздіктері;  – 

жеке  лидерлердің  саяси  өркеуделілігінен  (амбиция)  туған  саяси 

бағдарламасы  жағынан   қайсыбір  ұсақ  партиялардың  да  пайда  болуы, 

олардың  көпшілігінің  жастардың,  интеллигенцияның  арасында  беделінің 

төмендігі; –  халықтың  саяси  мәдениетіндегі  олқылықтар,  партиялардың 

саяси-ағартушылық,  халықты   саяси  әлеуметтендіру,  әртүрлі  мүдделерді 

артикуляциялау,  агрегациялау  сияқты  партиялардың  өздеріне  тән  ең 

маңызды функцияларды толық игере алмауы немесе олардың маңызын  жете 

бағаламауы,  бұқарамен  жұмыстың  бүгінгі  заманғы  әдістері  мен  техникасын 

игере  алмауы.  Қазіргі  партиялық  өрісте  әртүрлі  саяси-идеологиялық, 

ақпараттық-технологиялық  ресурстарды   еркін  де  тиімді  пайдаланып,  өзінің 

саяси  лидері  Президент  Н.  Назарбаевтың  мол  беделі  мен  басқару 

тәжірибесіне  сүйеніп  отырған  «Нұр  Отан»  Халықтық-Демократиялық 

партиясы саяси кеңістікте үстемдік етуде. Әрине, бұл жерде партияның әкім-

шілік  ресурстарды  пайдаланып  отырғандығын  ешкім  теріске  шығара 

алмайды.  Кейінгі  кезеңде   партиялық  кеңістікте  «Әділет»,  «Ақ  жол» 

партияларының  кейбір  шағын  бастамалары  мен  саяси  мәлімдемелерінің  өзі 

елімізде  стагнациялық  жағдайда  тұрған  партиялық  құрылысқа  сәл  болса  да, 

қан  жүгіртіп,  қозғалысқа  келтірді.  Өзінің  құрамына  интеллигенцияның  бір 



топ  шоғырын  біріктірген    «Әділет»  еліміздің  саяси  жүйесін  жетілдіру 

туралы   мынадай  нақты  ұсыныстар  айтуда:  –  елімізде  билік  институттары 

арасындағы  тежемелік  және  тепе-теңдік  жүйесін  жетілдіріп,  Парламенттің 

функцияларын  кеңейту,  Парламент  депутаттарын  сайлаудың  тәртібіне 

ішінара өзгерістер енгізіп, Ассамблея ұсынған  депутаттыққа кандидаттарды  

Президенттің  Сенат  депутаты  етіп  тағайындауы;  –  сайлау  заңнамасын  одан 

әрі  жетілдіріп,  оның  партияларға  кедергілер  қоймауына  жетісіп,  Парла-

менттің  өкілдік  функциясының  толығуы  процесін  жандандыру;  –  барлық 

партияларға  аймақтық  және  республикалық  БАҚ-қа  еркін  шығуына 

мүмкіндік  беріп,  елде  әр  алуанды  ақпараттық  кеңістік  қалыптастырып, 

Қоғамдық  телеарна  құру  және  тағы  басқа  да  нақты ұсыныстар    Партияның 

саяси  лидері  М.  Нәрікбаевтың  Қазақстанның  қазіргі   кезеңдегі  партиялық 

жүйесі саяси жүйенің болымсыз  тетікшесі (придаток) ғана деген тұжырымы 

–  осы  саладағы  ахуалға   «Әділеттің»  аузымен  айтылған  әділетті  баға.            

«Ақ  жол»  демократиялық  партиясының   Орталық  Кеңесінің  кеңейтілген 

Төралқа  отырысы  2009  жылдың  21  ақпанында  «Қазақстан  Республикасын 

саяси модернизациялаудың бағдарламасын» мақұлдап, жария еткені белгілі.  

Партия елдің саяси жүйесіндегі ахуалға сыни тұрғыдан өткір баға бере келіп, 

модернизация  аясында   Қазақстандағы  билік  тармақтарының   арасындағы 

тежемелік және тепе-теңдік қағидатын жетілдіру мақсатында мынадай нақты 

да  түбегейлі  ұсыныстар  жасады:  –  Қазақстан   бір  палаталы  Парламент  – 

Мәжіліске  ауысып,  ол  елдің  ең  жоғарғы  өкілетті  және  бірден-бір  заң 

шығарушы  органы  болуы  керек  те,  Мәжіліс  депутаттары  санын  150  адамға 

дейін  көбейтіп,  оның  жартысы  пропорционалдық  жүйемен,  қалған  бөлігі  

сайлаушылар  саны  бірдей  бір  мандатты  округтардан  сайлануы  тиіс;  – 

Мәжіліске  заңдарды  түсіндіру  құқының  берілуі;  –  Президент  Премьер-

Министрді  депутаттық  фракциялар  ұсынған  кандидаттардан  іріктеп  

ұсынғаннан  кейін  ғана  Мәжіліс    бекітеді    және   Мәжіліс  Үкіметтің 

құрылымын  бекітуге  өкілетті  болады;  –  бүгінгі  Сенаттағы  кадрлық 

тағайындау  жөніндегі   барлық  өкілеттіктер   Мәжіліске  ауысады,  ол   нақты 

бақылау өкілеттіктеріне ие болады және тағы басқалары. Осындай даму, өсуі 

қиыншылық,  әрі  тартымды   саласы.  Саяси  партиялар  мен  қозғалыстардың 

елдегі  сан  алуан  әлеуметтік  топтардың,  әсіресе,  жастардың  әлеуметтік  және 

саяси  мүдделері  мен  бағдарларын,  қызығушылықтарын  нақты  білудің  және 

солардың  негізінде  өз  қызметінде  серпіліс  жасаудың  биік  талабы  тұр.  Олар 

әр саяси мүмкіндікті, әр саяси науқанды ұтымды  пайдалануы керек-ақ. Олар 

бұл  мәселеде  жиі  қателіктер  жібереді  деп  есептейміз.  Соның  бір  көрінісі   – 

2011  жылдың  3-ші  сәуірінде  өткен  Президент  сайлауына  бірнеше,  кейде 

оппозициялық  деп  аталатын  партиялардың  қатыспауы,  бойкот  жариялауы. 

Бұл  партиялардың  билік  үшін,  электорат  үшін,  оған  ықпал  етіп,  оны  өзінің 

саясатының  арнасында  ұстап,  соған  тартуы,  өз  саяси  бағдарламасын 

түсіндіріп,  биліктің  қызметіне  ашық  баға  беруі  үшін  осындай  сәтті,  кең, 

жария  мүмкіндікті  пайдаланбауы  –  стратегиялық  тұрғыдан  кең  ауқымды  

қателік   болды  деп  бағалауға  болады.    Қазақстанның  егеменді  мемлекет 

кезеңінде  саяси  жүйенің  құрылымдық   дамуындағы  сапалық  өзгерістердің 



бірі  –  оның  құрамдас  бөлімі  ретіндегі  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 

(БАҚ)  жаңа,  өскелең  рөлі.    Еліміздің  саяси  жүйесіндегі  БАҚ-тың  

институттану  үдерісі  тегеурінді  жүріп  жатыр.  Ол  аса  маңызды  көпсалалы, 

көпқырлы әлеуметтік-саяси, ақпараттық, қоғамды топтастыру және әлеумет-

тендіру,  танымдық  және  білім  берушіліқ,  қоғамдық  пікірді   қалыптастыру 

функцияларын  атқаратын,  демократиялық,  азаматтық,  саяси  және 

идеологиялық әр алуандықты білдіретін институт ретінде түзілуде деп айтуға 

толық  негіз  бар.  Сонымен,   бүгінде  БАҚ  –   саяси  жүйеде  ақпарат  көзі  ғана 

емес, ол көп функционалды, саяси реттеудің, саяси тұрақтылықты бекітудің,  

әлеуметтік  инновацияның  тегеурінді  де  қуатты  тетігі.  Қазақстанның 

демократиялық  саяси  жүйесін  бүгінде  БАҚ  қызметінсіз  елестету  мүмкін 

емес. Мына бір деректер елімізде бұл саладағы өзгерістерді толық сипаттай 

алады.  Егер,  1990  жылы   елімізде  10  республикалық  мемлекеттік  газет   пен 

журнал  басылып,  эфирге  251  теле-  және  радио  канал  шыққан  болса,   қазір 

Қазақстанда – 7281 БАҚ жұмыс істейді, олардың 1170-і газет, 460-ы журнал, 

158-і  теле-  радио  компаниялар,  15-і  ақпараттық  агенттіктер.



 

Қазақстандағы  

қазіргі  кезеңдегі   саяси  үрдістерде  қоғамдық  өмірдің  БАҚ  араласпайтын  

саласы  жоқ.  Әр  қырынан,  әр  саладан,  әр  деңгейден  көрінеді:  саяси  және 

әлеуметтік,  экономикалық-нарықтық,  этносаралық,  дінаралық  қатынастар, 

білім,  денсаулық,  тіл  саясаты,  төтенше  оқиғалар,  үлесшілер  мүддесі, 

жарнама,  сыртқы  қатынастар   –    осылардың  ешқайсысы  да   қазақстандық 

БАҚ назарынан қалған емес. Қазақстандық БАҚ-да әлемдегі демократиялық 

елдердегі  осындай  институттардың   әр  түрлі,  көпсалалы  функцияларының 

барлығын дерлік атқаруда. БАҚ бойындағы демократиялық әлеуеттің екінші 

бір  құрамдасы  –  бизнес  немесе   билік  құрылымдарының,  әлеуметтік 

институттардың 

іс-әрекеттеріндегі 

заңдардан, 

қоғамдық 

моральдан 

ауытқудың   қандай  да  болсын  көріністерінің  бүкіл  халықтың  хабардар 

болып, бұндай жатымсыз құбылыстар төңірегінде ымырасыз, сыни қоғамдық 

пікір  қалыптастыруында  жатыр.   Бүгінде  еліміз  Конституциясының  20-шы  

бабына  сәйкес   цензураға  тыйым  салынғанда,  кім  және  не  туралы  болса  да  

бәрін  айтуға  болатындай  ахуал  қалыптасты.  Бүгінде  жария  саясат 

бұрынғыдан  да  кең  түрде  жария  бола  бастады.  Қазақстанның  тәуелсіздік 

жылдары  қалыптасқан  жаңа   саяси  жүйесі  эволюциялық  процестер, 

экономикалық  реформалар  мен  дағдарыстар,  қоғамдық-саяси  санадағы  күрт 

өзгерістер, жылдар бойы қалыптасқан идеалдар мен саяси құндылықтардың, 

бағдарлар  мен  сенімдердің  күрт  өзгеруі  жағдайында  өтті.  Оның  даму 

болашағы  кең  демократиялық  өрісте  болады  деп  есептейміз.  Саяси  жүйе 

қызметін  жетілдірудегі  алдағы  саяси  кезеңдегі  ең  басты  проблема,  біздің 

ойымызша, – он құрамындағы  орталық және жергілікті өкілді органдардың 

ролін  нығайтып,  билік  тармақтары  арасындағы  шынайы,    тежемелік,  әрі 

тепе-теңдік  механизмді  жетілдіру.  Бұл  ретте  біз  Қазақстандағы  саяси 

транзиттің  және  саяси  жүйенің  даму  перспективаларына  өз  зерттеулерінде 

сындарлы  талдау  жасаған  М.  Әшімбаевтың  «биліктің  үш  тармағы 

арасындағы  өзара  қатынастардың  келесі  кезеңі,  сірә,  өкілді  биліктің 

күшеюімен сипатталатын болады. Басқа сөзбен айтқанда ел Парламенті орта 



мерзімдік  перспективада  үлкен   өкілетті  және  функционалдық  толық 

салмаққа ие болады деп күту керек» деген болжамы дұрыс және қоғамымыз 

дамуының  терең  мүдделеріне  сай  келеді  деп  есептейміз.   Президент  Н. 

Назарбаев  2011  жылғы  президенттік  сайлау  алдындағы  бағдарламасында 

және 

ұлықтау 


рәсіміндегі 

сөзінде 


еліміздің 

саяси 


жүйесін 

демократияландыру,  Парламенттің  өкілдіктерін  кеңейту  және  оның 

құрамына  бірнеше  партиялар  өкілдерінің  сайлануы  мәселесін  көтерді. 

Парламенттің  мемлекеттік  бағдарламалардың  (мысалы:  индустриялы-

инновациялық,  білім,  денсаулық  және  т.  б.  )  орындалуына  бақылау  жасау 

керектігін айтты. Бұл, біздің пікірімізше, келешекте Парламент өкілдіктерін 

кеңейту жөнінен заңнамалық өзгерістерге  батыл баруды қажет етеді. Демек, 

бұл шаралар келешекте халық билігін демократияның мәні, мақсаты ретінде 

нығайтудың сара , өрісті жолы болады деген сөз. 

 

 



  

                              

 

 

 



 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет