Саяси жүйенің қызметі және механизмі


  Саяси  жүйенiң  құрылымы  мен  қызметтері



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата14.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#127333
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
11- дәріс Саяси жүйе

2.  Саяси  жүйенiң  құрылымы  мен  қызметтері

.  Саяси  жүйенiң  мынадай 

құрылымнан тұрады: 

 1. саяси институттар; 

 2. саяси қатынастар; 

 3. саяси ережелер; 

 4. саяси мәдениет;  

Саяси 

институттарға

 

мемлекет, 



саяси 

партиялар, 

кәсiподақтар, 

кооперативтер, жастар, әйелдер т.б. ұйымдары мен бiрлестiктерi  жатады. 



Саяси  қатынастарға

  таптардың,  этникалық  бiрлестiктердiң,  тұлғалар  мен 

қоғамның, азамат пен мемлкеттiң арасындағы қатынастар кiредi. 

Саяси  ережелер

  саяси  институттардың  өзара  бiрлесiп  әрекет  етуiн 

қамтамасыз етедi және саяси жүйенiң ережелiк негiзiн құрайды. 



Саяси мәдениет

 деп саяси мәдениет деп белгiлi бiр қоғамда немесе 

әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әрекеттердiң ұқсастық 

жиынтығын айтады. 

Саяси жүйенің құрылымы (жүйешелері): 

1.

 



институциональдық жүйеше 

2.

 



нормативтік жүйеше 

3.

 



функциональдық жүйеше 

4.

 



коммуникативтік жүйеше 

5.

 



мәдени жүйеше 

6.

 



идеологиялық 

Қоғамның саяси жүйесінің  институциональдық  жүйешесі  –  бұл  институттар 

жиынтығы  (мекемелер,  ұйымдар)  саяси  биліктің  қызметімен  байланысты. 

Оған кіретіндер 

1.

 

мемлекет (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары) 



2.

 

саяси  инфрақұрылым  (саяси  партиялар,  қоғамдық-саяси  ұйымдармен 



қозғалыстар, лоббистік топтар) 

3.

 



бұқаралық информациялық құралдар (көгілдір экран, радио, баспасөз) 

4.

 



діни мекемелер 

Қоғамның  саяси  жүйесінің  нормативтік  жүйешесі  –  бұл  қоғамның  саяси 

өмірін анықтайтын және реттейтін саяси нормалар, адамгершілік принциптер 

және дәстүрлер. Бұған жататындар: 

1.

 

заңдылық нормалар (конституция, заңдар, нормативтік актілер) 



2.

 

қоғамдық ұйымдар қызметінің нормалары 



3.

 

жазылмаған салт және дәстүрлер 



4.

 

этикалық - моральдық принциптер және нормалар 



Қоғамның саяси жүйесінің функционалдық жүйешесі – билікті (саяси режим) 

жүргізудегі  әдістерімен  түрлері,  әртүрлі  саяси  процесстерде,  саяси 

қызметтерінің бағыттары және формаларының көрінісі. 

Қоғамның саяси жүйесінің  коммуникативтік  жүйешесі  –  саяси  жүйенің  ішкі 

өзара  қызметінің  жан-жақты  формаларын  қамтиды,  мысалы,  партиялар  мен 

мемлекет  арасы,  сонымен  қатар  саяси  және  экономикалық  жүйешіктер 

арасын, және басқа бір елдердің саяси жүйесінің арасын қамтиды. 

Қоғамның саяси жүйесінің мәдени жүйешесі – бұл саяси жүйенің сол қоғамға 

үйлесімді қалыптасқан образдарының (стереотиптерінің) саяси ағымдарының 

тұтастай  типі,  интеграциялық  факторы,  құндылық  бағыттары  және  саяси 

тәртібі. 



Қоғамның саяси жүйесінің  идеологиялық  жүйешесі  –  бұл  қоғамның  саяси 

өміріне  қатысқан  мазмұны  жағынан  әртүрлі  саяси  идеялар,  көзқарастар, 

сезімдер, ағымдар жиынтығы. 

Саяси жүйенің функциясы: 

1.

 

қоғам дамуының жолдарын, міндеттерін, мақсаттарын анықтау 



2.

 

қабылданған  бағдарламамен  мақсаттарды  жүзеге  асыруда  қоғам 



қызметін ұйымдастыру 

3.

 



материалдық және рухани құндылықтарды бөлу 

4.

 



мемлекетпен  әлеуметтік  қауымдастар  арасындағы  әртүрлі  мүдделерді 

келістіру 

5.

 

қоғамдағы адамдармен топтар тәртібіне ережелер мен заңдар жасау 



6.

 

саяси құрылыстың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін және тұрақтылығын 



қамтамасыз ету 

7.

 



қоғам мүшелерін саяси қызметке тартуда саяси саланы қалыптастыру 

8.

 



саяси нормаларды сақтауда, әрекеттерді болдырмауда заңдармен 

ережелер орындалуын бақылау 

3.  Саяси  жүйенiң  түрлерi.  Әр  елдiң  саяси  жүйесi  бiр-бiрiне  ұқсамайды, 

дегенмен  ұқсастық  жақтарын  табуға  болады,  сөйтiп  саяси  жүйенi 

топтастыруға да болады. Саяси жүйе әртүрлi негiздерде шектелiнедi. 

1.

 



елдiң экономикалық даму деңгейiне 

2.

 



саяси өмiр формасының даму деңгейiне 

3.

 



қоғам типiне 

4.

 



саяси мәдениет типiне. 

Саяси  жүйенi  жiктеудiң   әр  түрлерi  кездеседi.  Мәселен,  марксизм 

саяси жүйенi  жiктеуге  негiз етiп   өндiрiс тәсiлi  мен қоғамның  таптық 

құрылымын алады. 

Американдық  ғалымдар  экономиканың  өсу сатысы  концепциясы бойынша 

адамзаттың  даму  тарихын  мынадай  бес  сатыға  бөледi:  1  дәстүрлi  қоғам;  2. 

өтпелi  қоғам;  3.  алға  жылжу  қоғамы;  4.  индустиалдық  қоғам;  5. 

постиндустиалдық қоғам. 

Сонымен бiрге  саяси жүйенi басқару тәртiбiне қарай: 

демократиялық саяси жүйе, автоитарлы саяси жүйе, тоталитарлы саяси жүйе 

деп те бөледi. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет