Саяси режим деп



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі22,13 Kb.
#91873
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Саяси режимдер

Демократиялық саяи режим мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, демос (гр.сөзі demos — халық) қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократия — әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады. Демократияны ерекше әлеуметтік құндылық дей отырып, ежелгі грек ойшылы Демокрит былай деген: "Демократиядағы кедейлік патша кезіндегі молшылықтан (азаматтардың) қаншалық артық болса, еріктілік құлдыққа қарағанда соншалық жақсы".
Демократия өз тамырын алғашқы басқару құрылымдары мен шешімдерді әлеуметтік өмірдің қатысушылары тікелей өздері қабылдаған қоғамның мемлекетке дейінгі кезеңінен алады. Тарихи әдебиетте, саяси ойлар тарихында, батыста негізінен Афины қала-мемлекетінің, Новгород вечесінің, ал шығыста Шыңғыс ұрпақтарының және оған жақын адамдардың ортасынан жоғары билеушіні — ханды сайлауы, жерлерде жергілікті билеушілер — билердің сайлануы, ашық пікір алысудың негізінде жайылым бөлісу, сыртқы басқыншылардан қорғану және т.б. өмірлік маңызды шешімдердің қабылдануы туралы көп жазылған. Бұл жағдайлар Қазақ хандығының тарихында да орын алған. Алайда құрылымданған сословиелерге, таптарға, әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және басқа да топтарға бөлінген қоғамда жүзеге асатын демократиялық басқару, тиісті түрде модификацияланбауы мүмкін емес.Сондықтан біз демократияны қоғамның саяси құрылымы ретінде, саяси режим ретінде қарастырамыз. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру формасы мен саяси жүйе ретіндегі қазіргі кездегі демократия өкілдік демократия түріңде қызмет етіп, дамиды. Әлеуметтік тұтастықты қамтамасыз ететін саяси режим ретіндегі демократияның басты ерекшеліктер бар:
1. Еркіндік принципі – бұл принциптің салтанат құруы саяси режимнің креативті әлеуетін көтереді. Адамның қоғамдық істерді басқаруға қатысу мүмкіншілігі кеңейе түседі. Тұлға өз ойын айтуға және өзін танытуға кең мүмкіндік алады және ол тек Құқықтық нормалармен ғана шектеледі.
2. Саяси бәсекелестік – Мұнда қоғамның саяси элитасы декларациялар жариялау, уәделер беру, қоғамдық өмірдің маңызды проблемаларының шешімдері берілген әлеуметтік бағдарламаларды жасақгау арқылы халықтың назарын өздеріне аударып, қолдауына ие болу үшін ашық күрес жүргізетін бәсекелес саяси күштерге бөлінеді.
3. Демократиялық режимнің саяси жаңалықтарды қабылдай білу қабілеті - Мұнда демократияның саяси жүйе ретінде беріктіктің, тұрақтылықтың қажетті қорына ие бола отырып, сыртқы өсерлерді белсенді қабылдауы мүмкіндігімен, оларға лайықты жауап бере алуымен, тіпті каджет болған жағдайда бейімделуімен, өзін-өзі жетілдіруімен анықталады.
4. Саяси қатынастар субъектілерінің іс-әрекеті мен кұрметі үшін саяси кеңістік жасау – Мұнда мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның өзара бірлесіп қызмет етуін, сондай-ақ олардың әр түрлі ұйымдастыру формаларын, әдістерін, күштері мен құралдарын қамтитын терең тізбектелген саяси жүйе қалыптасады.Саяси режим ретіндегі демократияның және қызмет атқарып отырған саяси мәдениеттің басты белгісі-тұлғаның Құқықтық қорғалуы. Демократиялық режим-конституциялық режим. Конституция баптарында тұлғаның негізгі Құқықтары мен олардың кепілдіктері жазылған.
5. Демократиялық қоғамдағы саяси және идеологиялық плюрализм – Мұнда әрқилы саяси тенденциялар мен олардың ұйымдық кдлыптасуы, саяси ойлары, әрекеттері пайда болатын көпсубъектілі қоғам ретінде сипаттайды. Азаматтардың саяси белсенділігі азаматтық қоғам институттарын ұйымдастыруға алып келеді, онда азаматтардың мемлекеттік билік құрылымдарынан тәуелсіз саяси өмірге қатысуға ынтасы өзін-өзі ұйымдастыру, өз қайраткерлігі мен өзін-өзі басқару жолымен жүзеге асады. Бірақ азаматтық қоғам құрылымдары Конституция мен мемлекет зандары белгілеген шеңберде ұйымдасып, қызмет істеуі тиіс. Мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның бірлесіп қызмет етуі конституциялық нормалармен және мемлекет зандарымен анықталынады. Мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның құрылымдары қоғамның тәуелсіз элементтері ретінде қызмет етуі тиіс. Мемлекеттік билік азаматтық қоғам институттарының бақылауында болады, себебі олар мемлекеттік биліктің калыптасуына, оның саясатын түзеп, жузеғе асуына белсенді түрде ат салысады.Билікті, оның шешімдері мен акцияларын, олардың салдарын үнемі сыни тұрғыда бағалайтын және жариялы, ашық сынау жолымен қоғамдық көзқарасты қалыптастыратын оппозициялық саяси элитаның көмегімен жүзеге асады.Биліктің белдеулік тұрғыдан атқарушы, заң шығарушы және сот билігі болып бөлінуіне, сондай-ақ оның құрылысы түрлеріне (унитарлық, федеративті, конфедеративті); жергілікті жердегі өзін-өзі басқару органдарының күшею мүмкіндігіне (билікті тікелей жергілікті жерлерде жүзеге асыратын биліктің төменгі тармақтарындағы билік өкілеттігі) байланысты жүзеге асатын мемлекеттік биліктің құрылымдық икемділігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет