Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет30/78
Дата23.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#177472
түріСборник
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78
Байланысты:
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)

Клиникалық жағдай №9


Науқас 28 жаста, клиниканың терапия бөлiмiне келесi шағымдармен жатқызылды: ентiгу, кеудесiнiң оң жағының ауырсынуы, қалтырау, дене қызуы, шаршататын құрғақ жөтел.


Екі аптадан берi ауырады, емхана терапевті тыныс жолдарының ЖРВИ (ОРВИ) диагнозын қойған, ем нәтиже бермегендiктен науқасты ауруханаға “пневмония” диагнозымен емдеуге жiберген. Амоксициллин, парацетамолмен ем бастаған, 10 тәулікке дейiн жағдайы жақсармаған. Стационарға ауруы басталғаннан 13 тәулікте түсті.
Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, акроцианоз. Дене қызуы 38,20С. Тыныс жиілігі 24 минутына. Кеуде сарайы асимметриялы, оң жағы ұлғайған. Кеуде сарайының оң жағы тыныс алу актiсiнен қалыңқы. Дауыс дiрiлi осы аймаққа өткiзiлмейдi, перкуссияда: бұғана орта сызығымен 3 қабырға деңгейiнде перкуссиялық дыбыс қысқарып, тұйық дыбысқа ұласқан. Аускультацияда: тұйықталған аймақта тыныс естiлмейдi, тұйықталған аймақтың жоғарғы шегінен бронхтық тыныс естiледi. Пульсі 100 минутына, әлсiз, симметриялы. Жүректiң оң жақ шегi анықталмайды, жоғарғы шегі 3 қабырға аралықта, сол шегі 5 қабырға аралықта сол бұғана орта сызығынан 2см латеральдi орналасқан. Жүрек тондары әлсiз, ырғақты, тахикардия. АҚ 100/70 мм сын. бағ. lшi жұмсақ, ауырмайды. lсiнулер жоқ.
Қанның жалпы анализiнде: эрит. 4,5х1012/л, лейк. 12,8х109/л, эоз. 4%, нейтр.: т/я 10%, с/я 58%, лимф. 20%, мон. 8%. ЭТЖ 32 мм/сағ.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: оң жақ плевра қуысында гомогендi қара көлеңке, жоғарғы жағы қисық қиғашты, кеуде ортасы ағзаларының қарсы жағына ығысуы бар. Латерограммада оң жақ плевра қуысында сұйықтық анықталды.
Плевралық пункцияда 500 мл сероздық экссудат алынды, құрамында нейтрофильдер 90% дейiн, белок 62%. Ривальт сынамасы +++, ЛДГ 1000 ммоль/л.
Кеуде сарайының плевралық сұйықтықты алғаннан кейiнгi рентгенограммасында оң өкпенiң базаль бөлiгiнде өкпе тiнiнiң инфильтрациясы анықталды.

1. Осы науқастағы ең жетекшi синдромдарды атаңыз?





  1. Өкпе тiнiнiң инфильтрат (тығыздалу) синдромы

  2. Өкпеде қуыс түзілу синдромы

  3. Интоксикациялық

  4. Бейспецификалық қабыну

  5. Тыныс шамасыздығы

  6. Плевра қуысына сұйықтықтың жиналуы

  7. Плевра қуысына ауа жиналу синдромы

  8. Қызба

2. Келесi тұжырымдар осы науқасқа қатысты:





  1. Дифференциялық диагнозын туберкулезбен және плевра рагімен жүргiзу керек.

  2. Плевралық пункцияны жасау қажет болатын.

  3. Диагнозды анықтау үшiн кеуде қуысының ФБС және КТ жасау қажет.

  4. Кеуде аралығы ағзаларының ығысуы өкпе ателектазынан.

  5. Емдеу дәрмектерi – фторхинолондар.

3. Диагнозды жазбаша түрде құраңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет