Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет26/78
Дата23.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#177472
түріСборник
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78
Байланысты:
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)

Клиникалық жағдай №7

20 жастағы жігіт, аурухананың қабылдау бөліміне келесі шағымдармен жеткізілді: қалтырау, дене қызуының 400С дейiн көтерiлуi, басының ауыруы, іріңді қақырықты, ұстамалы жөтел, қалыпты күйдегі ентігу, тәбетінің жойылуы.


Үш күн бұрын науқастың тісін жұлған, келесі күні қалтырау, дене қызуының 380С дейiн көтерiлуiне байланысты стоматологке қайта барған, оксациллин тағайындалған, оны дене қызуының қалыптасқанына дейін екі-ақ күн алған. Емді тоқтатқан соң-ақ дене қызуы қайта көтерiлiп, басы ауырып, іріңді қақырықты ұстамалы жөтел, ентігу дамыған. Науқас стационарға ауруы басталғаннан 3 тәуліктің соңында түсті.
Об-ті: түскен кездегі жалпы жағдайы ауыр, тері жамылғыларының қатаң қуқылдығы, еріндерінің цианозы бар. Қарағанда кеуде сарайының оң жартысы тыныстан қалыңқы, тыныс жиілігі 40 мин. Перкуссияда оң өкпенің жоғары, орта бөліктерінің үстінде өкпе дыбысының қысқаруы, тыңдағанда әлсіз везикулалық тыныс негізінде үнді, майда көпіршікті ылғалды сырылдар анықталды. Жүрек шектері қалыпты, тондары айқын, ЖЖС 120 минутына. АҚ 110/70 мм сын. бағ.
Кеуде сарайы органдарының тікелей проекциядағы жалпы шолу рентгенограммасында: оң өкпенің жоғары, ортаңғы бөліктеріндегі гомогенді емес ошақтардың фонында көптеген жұқа қабырғалы қуыстар анықталды.
Қан анализінде: лейк. 18х109/л, эоз. 1%, метамиелоциттер 2%, т/я 14%, с/я 67%, лимф. 14%, мон. 2%, ЭТЖ 47 мм/сағ.



  1. Жетекші симптом мен басқа клиникалық белгілеріне сүйеніп, басты синдромдарын нақтаңыз, олардың ерекшеліктеріне байланысты күдікті аурулар тізімін құрыңыз. Диагнозын болжаңыз, асқынуларына көңіл бөліңіз.

  2. Кеңеске мамандарды шұғыл шақырыңыз. Аурухананың қай бөліміне жатқызу тактикасын шешіңіз. Ем жоспарын құрыңыз. Антибактериялық ем таңдау ерекшеліктеріне тоқтаңыз.

7. Жауаптары:


1. Негізгі симптомдары жөтел, алдында бактериемия эпизодына себеп болған операция бар, қақырықтың бірден іріңді болып бөлінуі, гектикалық қызба, оксациллиннің көмек ете бастауы – келесі синдромдардан күдіктендіреді: өкпенің тығыздалу синдромы (стафилококтік этиологиялы); қызба; бейспецификалық қабыну; интоксикация.


Болжам диагнозы:
Нег. ауруы: Стафилококтік буллезді пневмония, оң өкпенің жоғарғы, ортаңғы бөліктеріндегі, жедел барысты. (J15.2)
Асқ.: ТШIII
2. Шұғыл консилиум реанимация бөлімінде өту керек, яғни мұндай жағдайдағы науқас реанимация бөліміне шұғыл госпитализацияланады. Консилиумге торакальді хирург, реаниматолог, пульмонолог, жетекші кезекші дәрігер, рентгенолог қатысу керек. Тексерулердің барлығы науқас төсегінің қасында ұйымдастырылады. Ем, соңынан, пульмонология бөлімінде жалғастырылады. Этиологиялық ем пенициллиназаға тұрақты, қорғалған антибиотиктерден таңдалады, олар: амоксиклав, уназин, қорғалған цефалоспориндер, соңында, яғни алдыңғы антибиотиктер нәтижесіз болғанда – респирациялық фторхинолондар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет