Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет34/78
Дата23.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#177472
түріСборник
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78
Байланысты:
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)

Клиникалық жағдай №11

38 жастағы науқас әйел қабылдауға келесi шағымдармен келді: аптасына 1-2 рет болатын тұншығу ұстамалары 30 минуттан 2 сағатқа дейiн созылады, ұстама кезiнде қатты қинайтын құрғақ жөтел мен айналасындағыларға естілетін құрғақ сырылдар мазалайды.


Анамнезiнен: өзiн 6 жылдан берi дертті санайды, ауруын басынан өткерген пневмониямен байланыстырады. Алғашқы кезде ұстаманың ұзақтығы 5-10 минутқа созылып сальбутамолмен басылатын болған. Соңғы 2 жылда тұншығу ұстамаларының ұзаруына байланысты стационарда жиi жатқан. Жоғарғы тыныс жолдарының вирусты инфекцияларымен ауырады, ұстамадан тыс уақытта кілегейлі-іріңді қақырықпен жөтел мазалайды. Соңғы тұншығу ұстамасы 1 сағат бұрын басталған, сальбутамол ингаляциясы көмек етпеген.
Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Дене қызуы 37,20С. Науқас орындық арқалығына екi қолын сүйеп отыр, дистанциялық сырылдар естіледі. Терi жамылғылары қуқыл, диффузды және акроцианоз. Кеуде сарайы күбi тәрiздi, өкпенiң төменгi шектерi төмен түскен, перкуссияда қорап дыбысы, аускультацияда әлсiреген везикулалық тыныс, тыныс шығару фазасы аса ұзарған, көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естiледi, ТЖ 38 минутына. Жүрек тондары әлсiреген, ырғақты, 106 минутына, өкпе артериясы үстiнде II тонның акцентi. АҚ 120/70 мм сын. бағ. Бауырының Курловпен өлшемдері 10-8-7 см.



  1. Клиникалық синдромдарды атаңыз (оған негіз болатын жетекші симптомдар). Дифференциялық диагноз жүргiзiңiз. Болжам диагнозын жазыңыз.

  2. Жедел көмек көрсетiңiз.

  3. Ұстама кезiнде болуы мүмкiн ЭКГ өзгерiстерiн жазыңыз.

  4. Емдік тактиканы таңдаңыз. Стационарлық немесе стационар алмастырушы технологияны қолданып өршуін басыңыз, GINA ұсыныстарына сүйеніп (хаттамада ұсынылған) бронх өткізгіштігін бақылау емін жүргізіңіз.

11. Жауаптары:


1. Бронх өткізгіштігінің тұрақты және ұстамалы бұзылыс синдромы (тұншығу ұстамасы мен қақырықты жөтел); өкпе ауалылығының арту синдромы; ТШ және субфебриль қызба синдромдары. Аталған синдромдар бронхтық астма мен ӨСОА болжатады.


Болжам диагнозы:
Негізгі ауруы: Бронхтық астма, бейаллергиялық түрі, ауыр персистеуші ағымды (V сатысы); бақыланбайтын, өршу фазасы (ұстама кезеңі) ауыр дәрежелі. (J45.8)
Асқ.: ТШІІ. Созылмалы өкпе текті жүрек?
2. Жедел көмек вена ішіне ГКС, эуфиллин салудан, оттегілік емнен басталады, нәтижесін бағалай келе, бірінші тәуліктен басталған ұзақ әсерлі бета-миметиктер мен ИГКС қалдырып, эуфиллинді алып тастаймыз, жүйелі ГКС дозасын барынша азайтып, одан кетуге тырысамыз.
3. ЭКГ: RІІІ>RІІ >RІ; SV6, SV5 терең – оң қарыншаға күш түсу немесе қалыптасқан гипертрофия белгілері.
4. Науқаста стационарлық шұғыл емге көрсетпелер бар. Бронх өткізгіштігін қалыптастыру үшін ГКС жүйелі, в/і: Преднизолон 60-90 мг; Эуфиллин 2,4%-10мл; ипратромиум бромидінің ингаляциясы (қысқа әсерлі антихолинэргиялық дәрмек бета-агонистермен біріккенін немесе жеке), және оттегі қолданылады.
Стационардан шыққанға дейін және кейін бронх өткізгіштігін тұрақты бақылау мақсатында GINA ұсыныстарына сәйкес аталған топтардың ұзақ әсерлі дәрмектерін және ИГКС тағайындау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет