Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет74/78
Дата23.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#177472
түріСборник
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)
Shonbay Ekinshi-bolma.561257
Клиникалық жағдай №40

10 жастағы пациентті балалар пульмонологилық бөліміне келесі шағымдармен жатқызды: қиын бөлінетін кілегейлі-іріңді қақырықпен жөтел.


6 тәулік бұрын аурған, алдымен дене қызуы 38,5оС дейін жоғарылаған, жалпы жағдайы өзгермеген, ертеңіне құрғақ тынбайтын жөтел қосылған. Амбулаториялық жағдайда қызуын түсіретін дәрмектер, шөптер тұнбаларын ішкен. 5-ші тәулікте аз қақырықты жөтел қосылған. ЖРИ жылына 3-4 рет ауырған. Екі ай бұрын жіті бронхитті басынан өткерген, амбулаториялық жағдайда флемоксин, муколитиктер, қақыртқыш жинақтар ішкен. Аллергиялық анамнезі өзгеріссіз.
Об-ті: баланың жағдайы орта ауырлықта, ұйқысы мен тәбеті бұзылмаған. Тері жамылғылары бозғылт. Тері асты шел қабаты дұрыс дамыған. Аңқасында жайылған гиперемия. Кеуде сарайы жайпақтау. Аускультацияда әлсіреген везикулалық тыныс негізінде майда көпіршікті асимметриялық сырылдар, тыныс жиілігі 20 мин. Басқа жүйелерде өзгерістер жоқ.
Қан анализінде: НВ 136 г/л, эр. 4,3х1012; лейк. 12,4х109 /л; ЭТЖ 18мм/сағ; эоз.1%, т/я 1%, сегм/я 57%, лимф. 35%, мон. 6%.
Кеуде сарайы рентгенограммасында: өкпе суретінің интерстиций және тамырлық компоненттер есебінен диффузды күшеюі, өкпе түбірлері кеңейген, диафрагмалар күмбездері анық. Кеудеаралық көлеңкесі қалыпты.



  1. Сіздің болжам диагнозыңыз.

  2. Дерттің этиологиясын болжаңыз.

  3. Осы этиологиясына тән симптомдарды бөліңіз.

  4. Өкпе-бронхтық дерттердің қайсысымен дифференциялайсыз?

  5. Диагнозын нақтайтын зерттеулерді тағайындаңыз.

40. Жауаптары:





  1. Жіті бронхит.

  2. Mycoplasma pneumoniae.

  3. Дерттің жалпы жағдайына әсер ете қоймаған дене қызуының жоғарылауынан басталуы, аускультацияда асимметриялық майда көпіршікті сырылдардың дамуы, рентгендік зерттеуде өкпе суретінің күшеюі.

  4. Пневмониямен, (пневмонияда аускультациялық көріністерінің асимметриялылығының, бір жақты ошақты өзгерістердің болуы тән. керек характерно – локальность аускультативной симптоматики и

  5. Арнайы Jg А, M, G анықтау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет