Клиникалық жағдай №26
45 жастағы ер кісі ентігуге, құрғақ жөтелге, эпигастрий аймағында тамақтан соң дамитын ауырлық сезiну мен дискомфорт сезіміне, ауамен кекiруге, жүрегiнiң айнуына, iшiнiң өтуге бейiмдiлiгiне, тәбетiнiң нашарлауына, дене салмағының 4 кг төмендеуiне шағынды.
5-6 жылдан бері асқазаны тамақтан кейін 1,0-1,5 сағаттан соң ауырады, аузына қышқыл дәм келеді. 5-6 айдан берi жоғарыдағы шағымдары мазалағандықтан емханада гастриттен емделген, ферменттер мен но-шпа қабылдаған, шамалы жақсаруын байқаған.
Об-тi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, көңiл күйi басылыңқы. Терi жамылғылары мен көрiнетiн кiлегей қабаттары қалыпты түстi, лимфа түйiндерi ұлғаймаған. Дене салмағы кемiген (бойы 165 см, салмағы 58 кг). Өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүрек тондары әлсiзденген, ырғақты, ЖЖС 78 мин. АҚ 130/80 мм сын. бағ., пульсiнiң толуы, кернеуi қанағаттанарлық. Тiлi құрғақ, ақ өңезбен жабылған. Ішi жұмсақ, тынысқа қатысады, пальпацияда эпигастрий аймағының шамалы ауырсынуы бар. Бауыры мен талағы пальпацияланбайды.
Қан анализiнен: Нв 120г/л, эрит. 3,8х1012/л, ТК0,95, лейк. 7,8х109/л, ЭТЖ 17 мм/сағ.
Қан сары суының темірі 10,0 мкмоль/л. Сары суының темір байланыстырғыш қасиеті 82,4 мкмоль/л.
ФГДС: өңешiнің кілегей қабаты гиперемияланған, кардиі қабыспайды, асқазанның кiлегей қабаты қуқыл, ошақты гиперплазиялар мен атрофиялар бар, НР+. Қалтқысы ашық, антраль бөлiгiнде өт, 12 елi iшектің кілегейі өзгермеген.
Жетекшi синдромдары. Болжам диагнозы.
Тексеру жоспарын құрыңыз.
Емi.
№26. Жауаптары:
1. Жетекші синдромдары мен симптомдары: рефлюкстік синдром (жұтқыншақтың тітіркенуінен дамыған жөтел – рефлюкстік аурудағы ЛОР синдромы); асқазандық диспепсия; эпигастрий аймағының ауырсынуы; өңеш пен асқазан кілегей қабаттарының морфологиялық өзгерістері; сидеропения, анемия, гипоксиялық ентігу; салмақ тастау.
Болжам диагнозы:
Нег. ауруы: Созылмалы диффузды гастрит, НР ассоциацияланған, субтоталь атрофиямен, өршу фазасында. K29
Конк. ауруы: Дуоден-гастер-эзофаголық рефлюкс, рефлюкс эзофагит.
Асқ.: Созылмалы темір-тапшылықты анемия І дәрежесі. Созылмалы фарингит.
2. Тексеру жоспарына клиникалық зерттеу кешенімен бірге ЭКГ; спирография; онколог кеңесін қосу керек.
3. Жөтел мен ентігудің арнайы емі қажет емес, НР ассоцияцияланған гастрит пен рефлюксті емдеу арқылы бұл симптомдардан құтыламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |