Сборник материалов май 2020 года г. Петропавловск


Тәрбиелеу және оқыту формалары және әдістері



Pdf көрінісі
бет183/286
Дата18.11.2022
өлшемі12,93 Mb.
#158773
түріСборник
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   286
Байланысты:
Международная конференция сборник
63838066, Мадина А рк ответ, 53-67, 2 5366427762221393202, ТАРИХ №2РК аралық бақылауы жауаптарымен106АБ, 223534, Мәдибаева-Қазақ-әдебиеті
Тәрбиелеу және оқыту формалары және әдістері 
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін 
ұйымдастыру барысында жүргізілетін ойындар мен сабақтар балаларды 
дербестікке тәрбиелеуге негізделеді. Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға 
бағытталған іс-әрекет түрлері: 


334 
-
балалардың өз бетінше еркін іс-әрекеті: ойын, сурет салу, мүсіндеу, 
жапсыру, көркемдік-тілдік әрекет, құрастыру, дидактикалық ойындар мен 
жаттығулар,т.б.; 
-
үлкендердің балалармен бірлескен іс-әрекеті: ойын, сурет салу, 
танымдық-зерттеу, тәжірибе жасау, қатынас жасау, музыкалық-сергіту, 
мерекелер мен сауықтар, дене шынықтыру-сауықтыру, жобалау жәнет.б. 
Күн тәртібінде педагогтің бейресми қарымқатынас негізінде әр баламен 
жеке байланыс жасауына да уақыт қарастырылуы керек. 
Сонымен қатар, күнделікті үлкендермен ойнауына да арнайы уақыт 
бөлінуі тиіс. Бұл ойындар баланың қалауымен ұйымдастырылып, үлкендер 
тарапынан қолдау көрсетілуі керек. Ұйымдастырылатын ойын және оқу іс- 
әрекеттері күн сайын өзінің ұйымдастырылу сипатымен, өткізілетін 
орнымен, түрлерімен ерекшеленіп, баланы жалықтырмайтындай, қызықты 
етіп жүргізілуі қажет. 
Әртүрлі қозғалыс түрлеріне жаттықтыра отырып, балалардың оны 
түсініп, дұрыс, дәл орындауын қадағалау керек. Бұл мақсатты жүзеге асыру 
үшін арнайы ережелері бар қозғалыс ойындары ойнатылады. Оқу мен ойын 
әрекеттерін де баланы жалықтырмайтындай тартымды, мейлінше 
түрлендіріп ұйымдастырған жөн. Өйткені осы әрекеттер арқылы бала жаңа 
ұғымдармен танысады, өзіне таныс емес заттардың қызметі мен оларды 
қолдану тәсілдерін меңгереді. Сондықтан да тәрбиешінің алдында баланың 
шығармашылығын, дербестігін, ерік-жігерін шыңдауға бағытталған түрлі 
ойындарды ұйымдастырып, оны дұрыс, тиімді тәсілдерді қолданып жүргізу 
міндеті тұр. Бала әрекетінің жүйелі даму үлгісін көрсететін, бағдарлау мен 
әрекет кеңістігін ашатын, вариативтілігімен және баланың тікелей 
қатысуымен ерекшеленетін дамытушы орта құру — оқыту мен тәрбиелеу 
үдерісінде өте маңызды рөл атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   286




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет