Сборник материалов май 2020 года г. Петропавловск


Оқу үдерісіндегі бағдарламаның рөлі және орыны



Pdf көрінісі
бет181/286
Дата18.11.2022
өлшемі12,93 Mb.
#158773
түріСборник
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   286
Байланысты:
Международная конференция сборник
63838066, Мадина А рк ответ, 53-67, 2 5366427762221393202, ТАРИХ №2РК аралық бақылауы жауаптарымен106АБ, 223534, Мәдибаева-Қазақ-әдебиеті
Оқу үдерісіндегі бағдарламаның рөлі және орыны 
Осы бағдарламаның мемлекеттік тілге үйрету кезіндегі оқу тәрбиелеу 
үдерісінде алатын орыны ерекше, маңызы зор. Өткені тақырыптарды бекіту 
үшін ойын арқылы сабақ өткізу басты рөл атқарады. Бағдарламаның негізгі 
мақсатының бірі ойын арқылы мемлекеттік тілді үйрету болғандықтан, бұл 
жерде ойынның маңызы көп. Ойын - балалардың тілді үйренуге деген 
сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де бір-
бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп сөйлеседі. Ойын балалардың 
тілге деген қызығушылығын арттыру қажет. Өйткені тапсырмаларды 
қызығушылықпен орындай отырып, қайталау кезінде мұғалім тілдің 
дыбысталу мәдениетіне тәрбиелейді, тілдің грамматикалық құрылымын 
қалыптастырады, байланыстырып сөйлеуге үйретеді, шығармашылық 
сөйлеу әрекетіне баулиды.
Тәжірибелік қолданылуы 
Мектепке дейінгі балалардың бойында бұрын қалыптасқан дағдыларын 
өзіндік іс-әрекет жағдайларында қолдану мүмкіндіктерін арттыру арқылы 
шығармашылыққа тәрбиелеу. Сол арқылы қалыптан тыс міндеттер мен 
проблемалық жағдайлардың шешімін өздігінен таба білу қажеттіліктерін 
қолдап, одан әрі жетілдіруге ынталандыру. Баланың нақты ақыл-ойы мен 
тәжірибелік әрекетін іске асыра отырып, оның бойына ұйымшылдық, 
тәртіптілік, ұқыптылық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру; 
Ойын арқылы оқыту технологиясы мектепке дейінгі ұйымдарда кеңінен 
қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін 
мынандай жағдайларды ескеруі қажет. 
1.
Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-
ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау 
2.
Ойын жүргізетін орынның 
мүмкіндігі, 
ойын
жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын – 
алаәзірлеу. 
3.
Балалардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім 
деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкескелуі. 
4.
Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасызету. 
5.
Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің балалардың ынтасын 
тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруғабағытталуы. 
Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін оқып үйрету барысында 
ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды 
пайдаланып отыру балалардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы 
мен зейінін арттырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   286




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет