Қабылғазина К.,
ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к.
ЖАСТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДАҒЫ
ФАНТАСТИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР РӨЛІ
Адам баласы өз өмірінде дүние құпиясының тылсым сырларын ашып көруге тырысып
бақты. Олар ойша да байқаулар жасады. Оның негізгі əдісі – фантазия. Сол қиял əлемімен
ғарышқа да самғап бақты. Жас өркендер ең алғаш ғарыш туралы фантастикалық
шығармамен 6-сыныпта танысады. Соның бірі – Талап Сұлтанбековтің «Ғажайып
планетасы». Бұл шығармада мектеп оқушыларының интеллектуалды қабілетін арттыратын
112
жайттар көптеп саналады. Олар физика, астрономия ғылымының терминдерімен тұңғыш рет
осы əңгімеде танысады. Мысалы, тартылыс күшін өлшейтін гравитомашина, жанды денені
өзіне тартып алатын биомагнит, электронды телескоп, электронды ми, атом зеңбірегі, сəуле
семсері, киборгтар. Бұлармен «Байқоңыр-12» ғарыш кемесі жабдықталған. Бұл құбылыстар
қазіргі мектеп оқушыларының жанына жақын, бəлендей қиындық келтірмейді. Өйткені
қазіргі балалардың фантастикалық шығармаларға деген қызығушылығы басым. Əсіресе осы
жанрдағы киноларды көп тамашалайтындығы бəрімізге мəлім. Жалпы бұл фантастикалық
əңгіменің қысқаша мазмұны төмендегідей: “Тұңғиық” жұлдыз жүйесіне сапар шегіп
қайтатын Байқоңыр -12 космос кемесі бір экспедициядан қайтып келе жатқанда оталғыш
жүйесінен ақау шығады. Амалсыз сарғыш ғаламшарға қонуға мəжбүр болады. Ол ғаламшар
өте ерекше. Оның бетіне метеорит болып балықтар түседі. Ғаламшар атмосферасы «сүлік»
тəріздес құстарға толы. Мұхит сияқты толқын атып жатқандай. Əредік жарқылдап от
шығады. Атмосферада белок пен оттегі көп шоғырланған. Кеме аспаптары ғаламшар үстінде
оттегін бөліп шығаратын қуатты көздер бар екенін тіркеді. Фотосинтез процесі
атмосфераның жоғары қабатында жүреді. Өсімдік атаулы ауада жүзіп жүреді. Қара жерге
бұрғы салып жіберсең, топырақ орнына қоймалжың сұйықтық ағады. Жел болмаса да, ағаш
бұтақтары бірін бірі соққылап жатады. Аспанда бөрненелер ұшып жүреді. Оны ағаш
бұтақтары қағып алып, қуысқа тығып жатады. Ыстық леп адамды ұйықтата алады. Биолог
Тұранов зерттей келе «ғаламшардың жаны бар» деген қорытындыға келеді. Енді осы
əңгімені оқытудағы басты мақсам – оқушыларды шығармашылық қабілетке баулу . Мұндай
шығармалардың шəкірттердің жеке көзқарасының қалыптасуына, жеке тұлға болып дамуына
əсер ететіні сөзсіз. Фантастикалық шығармаларды оқыта отырып, шəкірттердің өздеріне
қиял-ғажайып тақырыбына қалам тартқызу нəтиже бермек. Мысалы, бір шəкірттің
туындысында былай деп сипатталған:
«Əдебиет сабағы болатын. Фантаст жазушы Т. Сұлтанбековтың «Ғажайып планетасын»
өтіп жатқан едік. Үйде оқып келген болатынмын. Шығарма кейіпкерлері ғажайып планетаға
аттанады. Биолог Тұранов, Мариям Темірболатова, Экипаж командирлері Оразов, Осипов,
Кибер – бəрі əртүрлі ғажайып оқиғаларға куə болады. Шығарма өте қызықты. Кенет біз
отырған бөлменің төбесіне көтеріліп кеттік. Төменде қалып бара жатқан ғимаратқа қарасақ,
тəрбие ісі жөніндегі орынбасар көптеген ұстаздар қауымы таң қалып, қол бұлғап тұр. Біздің
қуанышымызда шек жоқ. Бабалар қаны мен терін төккен жерімізді аспан əлемінен
қарасаңыз... Не деген кеңдік! Жап-жазық дала таусылар еместей шетсіз-шексіз көрінеді.
Қалықтаған қанат астында қарлы шыңдар асқақтайды, ұзын өзендер ирелеңдейді. Иə,
осынша байтақ, əрі бай мекен өз мемлекетің болғаны неткен бақыт!
Міне қызық, біздің өзіне қондырып алып, аспанға əуелеткен «Байқоңыр-20» зымыраны
екен. Экипаж командирі біздің бағытымызды түсіндірді: «Құрметті шəкірттер! Біз сендерді
үлкен жауапкершілікті жұмыспен алып барамыз. Астана қаласындағы бəріне мəлім, біздің
мақтанышымызға айналған – Бəйтеректің құлау қаупі бар. Біз өмір сүрген ғарышқа қарсы
ұйымдасқан «Антиынтымақ» зымыранының ойын кеше аспан денелері хабарлады. Бізге
сендердің асқан білімдерің қажет. Үш тапсырма орындалса, біздің зымыран жеңіске жетіп,
Бəйтерегіміздің құлау қаупі жойылады. Тапсырмалар: өнер көрсету, сұрақтарға бірден жауап
беру, Отан жайлы құнды өлең құрау. Іске сəт , балалар! Ұмытпаңдар, Бəйтерегіміздің
тағдыры – сендердің қолдарыңда. Зымыран ішінде көрсеткен білімдерің мен жан-жақты
қасиеттерің бүкіл əлемге белгілі болады. Соның арқасында бізге қарсы зымыран
жойылады». Экипаж командирінің айтқандарын бұлжытпай тыңдадық. Бойымызға күш-
жігер бітіп, намыс ұялады. Топ командирі етіп мені сайлады. Үлкен жауапкершілікті
сезіндім. Достарым бар өнерін көрсете бастады. Мен тізімдерін жазып, реттеп бердім.
Өзімнің білетін өлеңдерімді оқыдым. Барлығы да өз өнерлерін көрсетудк, əсіресе Манара əн
салғанда, бүкіл зымыран дүрілдеп қоя берді. Бұл тапсырма өте сəтті өткеніне сенемін.
Себебі біздің жастар шетінен өнерлі. Ал енді аспан денелерінің бізге қояр сұрақтары əрі
оңай, əрі қиын да болып келді. Ұйымшылдықпен жарыса жауап бердік. Енді өлең құрау
113
тапсырмасына келгенде, біраз ойлануға, ұйқасқа үлкен мəн беруге тура келді. Отан
тақырыбында өлең құрау үшін бар рух-жігерімізді салдық:
Айналдым сенің атыңнан қазақ,
Ел болдық еркін ақ пейіл азат!
Желбіреп тұр ғой төрімде биік,
Көк туың көркем, жібектей ғажап!
Осылайша біз білімнің арқасында көк жүзінің көлеңкесінен сүрінбей өттік»,-деп қиял
əлеміне сүңгиді.
..........................................
1.
Мархабаев А. -Х. Қазақ фантастикалық əдебиеті. –Алматы: Ана тілі. 1998.
2.
Əбдезұлы Қ. Рыскелдиева Г. Тұрсынғалиева С. Қазақ əдебиеті. 6-сыныпқа арналаған оқулық.
–Алматы: АрманПВ. 2010.
Қанипаш
Мəдібай
ҚАШАҒАН КҮРЖІМАНҰЛЫ
(1845-1929)
Қашаған ақынның шығармашылығы айрықша шебер, шешен тіл қолданысымен,
тіршіліктің сан алуан құбылыстарына батыл бойлаған ұтқырлығымен, замана күйін барлаған
əлеуметшілдік бағыттарымен қазақ əдебиетінің тарихында елеулі орны бар, мəнді мұра.
Қашаған ақын қазіргі Түркіменстан жерінде дүниеге келеді. Ата-анадан ерте айрылған
ақын ағайындарының қолында өскен. Жастайынан кісіге жалданып, күнкөріс қамымен талай
жерлерде болады. Айнала дүниеде өтіп жатқан жақсы мен жаман, ақ пен қара, толып жатқан
өмір құбылыстарын көкейге түйіп өседі.
Он бес жасқа келгенде
Таяқ алып қолыма,
Қойымның түстім жолына.
Табанға шарық байладым,
Жұмысқа басты сайладым.
Орынбор деген қалаға
Сергей деген көпестің
Серкелі қойын айдадым.
Өзінің айтуында түсінде аян болып, өлең қонғаннан кейін қатарға ілініп кеткен. Оған
шейінгі уақытта жас жігіт таяқ та жейді, тамақтың да тапшылығын көреді.
Ор деген судың бойымен
Қарашекпен бардым жағалап.
Електің бойын жайладым,
Қара сухар шайнадым.
Жабағыдан сырыған бөркім бар,
Жүдеп жүрген көркім бар.
Көрдеубайлар қамайды,
Қойға бар деп сабайды,
Бармасқа қандай еркім бар?!
Қашаған – қазақ сөз өнерінің тарихындағы қайталанбас дара ақындардың бірі. Ақын арнау
өлеңдер шығарған, айтыс сөзде де өнер ұштаған, жыршылық дəстүрді дамытқан, өз жанынан
дастандар шығарған.
Қашаған ақындығындағы қайталанбас дара сипаттар ақын шығармаларының тілдік
қолданысында, сөз табу, сөз таңдау, сөз айшықтау тəсілдерінде; шығарма құрылымындағы
шебер қисындарда; ел тарихына деген айрықша ықылас-ынтасында.
Қашаған ақын тілге ұста, шебер, шешен. Тауып айтады. Таңдап сөйлейді. Сөз айшықтау
тəсілдерінде дəстүр «бұзып» қайталанбас, өзіндік қолданыстар туғызады. Ақын сөзбен сурет
114
салып отырады. Дүниепайым өрісі шалқар ақын сырт əшекейге жоқ. Дөп басып, нақты
жеткізеді.
Қашаған Күржіманұлы өзі өмір сүрген дəуірдің ауыр, ащы шындықтарын қамтып отырып
толғаған туындылары қоспасыз, жатық өмір суреттерімен өрілген. Ақынның біршама
өлеңдері мал дегенде жанын беретін, сол малдың қызығын өзі де, өзге де көрмей салпақтап,
күйген көже ішіп күн кешетін сараң, қарау байлардың образын ашқан.
«Оразалы байға айтқаны» өлеңінде сараңдық қанмен біткен жанның күйкі, күйбең
тірлігіне ақын ашынып мін айтады. Оразалы деген бай – аты бай, дүниеден кенде емес. Бірақ
заты жарлы. Шықбермес Шығайбаймен, Қарабаймен туыс тип. Ақын сараңдық дертін бір-екі
деталь, азғана сипаттау сөзбен тамырын басып, тауып алады. «Бай» тозған тоқпақ жастанып
ұйықтайды, түйенің қырық шоқпыты жабуын төсеніш етеді. Қырық күн шілдедегі қорегі
қара ұннан ашытқан көжесін «Балқара» деп атақтап қояды. Төбесін күн тесіп, малдың ізінде
ілбіп жүрген «байды» Қашаған ақын іліп-қағып əбден əшкерелеген. «Байларға» арнау
өлеңінде де қоғамдағы ауқатты топтың дəл, нақты қалпы көрініс тапқан.
Ақын бірнеше байдың мінезін алады. Бірі – сараң, бірі – кердең, келесісі – мақтангөй.
«Есқали сұрыға айтқаны» арнауында ақын табан асты сөз тауып, түйреп сөйлеудің, қатты,
ащы айтудың шебері қалпында көрінген. Қонаға келген кісіге рай бермеген суықтық
ақынның жанын қариды. Əсіресе дін ұстанған болып отырған сопының аяр, алдамшы
кейпіне күйінеді.
Домбырасына «шайтанның ағашы» деп тиіскен сопыға айтарын іркіп қала алмаған ақын
елдің пейіліне ризашылық білдіріп, өзінің не əрі, не бері болмай қалған қолайсыз күйін
жырлап кетеді.
Қазақ өлең сөзіндегі дəстүрлі арналар Қашаған туындыларында жаңа ағыс, тың қуатпен
молығып, тола түскен.
Ақынның «Аралбайды жұбатуы» атты көңіл айту сөзі – ел поэзиясындағы көңіл-қос
өлеңнің өзіндік бір үлгісі. «Тойбастар» толғауында да ақынның дəстүр дамытқан, дəстүр
байытқан даралығы көрінеді.
Төтеннен төгіп сөйлеу машығы – Қашаған ақынның шығармашылық қуатының бір қыры.
Қашаған ақын адамның ғұмыржас кезеңдерінің үздіксіз өзгеріс қалпын суреттеудің ежелгі,
дəстүрлі желісін өз көзімен көріп, сезінген құбылыстармен дамыта жалғастырды. «Жетпіс
беске келгенде» атты туындыда белгілібір шақтың күйі төселген шеберлікпен айнымай
бейнеленген. Аяуы жоқ өткінші уақыт адамды нендей халге түсірмейді десеңізші! Айтқыш,
тапқыш ақын зар-замандық сарында туған толғауларында дүниенің беталысына алаңдайды.
«Замана халі» шығармасы құбылған тіршілік аясындағы азғындап бара жатқан адам, кетіскен
ағайындылар, діннен безу, өтірік пен өсек, қайырсыз бай, ибасы жоқ жас, харамға үйір
көптің күйін салмағы ауыр, түйіні тастай ой қауіппен айтып шығады.
Тілге шебер ақын аумалы-төкпелі заманның жайын «Күн орнынан ауысып кеткендей»
сұмдыққа балаған. Қашаған кез келген жағдайға орай өлең шығарып тастауға шебер, айтқыш
ақын. Адам мінезінің осал тұстарын «көтере алмайтындай».
Қашаған Күржіманұлы айтыс өлеңде де үздік, жүйрік. Нұрыммен айтысы дін жұмбағына
құрылған. осында ақынның айтқыштығы, тапқыштығы жəне жарқырай түседі. Нұрымның
қиын сауалдарына қисынды жауап беріледі. Ара-арасында Қашаған ағаға еркелеп,
тақырыптан бұра тартып ой қыстырып, сөз қыстырып отырған. Жарасымды наз, еркелік
сезіледі. Нұрымның «Дүниенің басы неден жаралған?» деген сауалына ə дегенде «Сол
дүниені жаратып жатқанда қасында тұрған мен емес» деп бір түйреп өтіп барып, жауабын
айтуға ойысады. Танымдық мəні өз алдына, бұл айтыс тапқыштық, тапқырлық мəнінде аса
көркем айтыс.
Қашағанның Ізбаспен айтысында ақынның сексеннен асқан шақта да сөзден қалмаған
ширақтығы көрінеді. Суретпен сөйлейді, батырып-батырып айтады. Осында Қашаған жеке
бас өкпеден гөрі жалпы жасы кішінің үлкенген құрметі жоғалып кетпесін деп
алаңдайтындай.
115
«Буыны босаған» қарттықтың құпия құбылыстары бұрын-соңғыда жоқ бейнелеу
тəсілдерімен шебер сипатталады.
Мен мұхит жатқан тереңмін,
Шамшырақ жанған түбінде.
Қашаған дүние-болмыстың бұлжымас заңдарынан бұрыс кетіп опа таппасыңды сəт сайын
көлденең тартады.
Шөже деген бір торғай,
Ұясында жатқанда.
Көкті тіреп жатам деп
Аяғын жатар көсіліп.
Қырғи құсқа жолықса
Төрт бөлініп төс еті
Қанаты қалар кесіліп.
Қашаған құбылысына қарай тауып, тауысып, түгендеп айтуға шебер. Ақынның өзіндік
қолтаңбасы қанық туындыларының қатарын оның дастан-жырлары толықтыра түседі.
«Адай тегі», «Атамекен», «Топан» атты аңыз-хикая, өткен тарих, шынайы оқиға арқау
болған дастандары өмір шындығымен суарылған нақтылығымен, дəстүр оздырған
жаңашылдығымен мəнді. «Адай тегі» аңыз-хикаясы Байұлының шежіресін тарқатып айтумен
басталады. Дастан байырғы эпикалық жыр-толғаулар үлгісінде үдете айтылады.
Ұйықтап көзі ілінсе
Байдың қызы Қанбибі.
Шашыраған бір нəрсе,
Тұла бойға білінді
Төмен қарай жүгірді
Құрсағына кідірді...
Ақын дін тарихындағы ғайыптан жаралу сюжетін тірек еткен.
Үзбей, үдете айту дəстүрінде туған оқиғалы дастанда шежіреші Əспембет дүниенің
мысалынан көп əңгіме айтады, айдаладан тауып алған нəресте өзіңе бала болсын дейді.
Қыздың жүкті болуы, баланы айдалаға қалдырып кету, жер көре шыққан қыз əкесінің əлгі
баланы тауып алу жайы шебер қиюластырылып, еліте баяндалған. Дін, иман жайынан
сауатты, ізгілік мұраттар, Алланың құдіреті, мұсылманның парызы туралы Қашаған
ақынның көкейіндегі күйлер өлең өрісіне жайылғанда өзгеше бір көркем түйін,
суреттеулермен көрініп отырған.
«Атамекен» дастанында да ақын тілі шебер, тапқыш. Қиыстырып құлпыртып, құбылтып
жеткізудің төселген жүйрігі.
Бөкей мен Жəңгір хан болған,
Халықтың басы даң болған.
Ақын туындыларының бір сипаты – батырлық, жаугершілік дəуірлер сарынын жеткізу.
Елдік, ерлік мұраттарды қозғау. Қашаған үш қиян туралы, қайырсыз болған қоныс туралы
Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауында айтылған жайларға үндес сөйлейді. Мұрат
«Жеті жұрт кеткен жер» дейді. Қашаған да «Талай ел болған жер екен» деген.
Қашаған образ ашуға, сыртқы қалыпты суреттеуге, ішкі жан күйзелісін жеткізуге шебер.
Ақын көп шығарманы ауызша суырыпсалма үлгіде айтқандығына қарамастан, оның
шығармалары мінсіз жазба туындыдай қабылданады.
«Қарасай-Қази» жырында Қарасай Таңдап тапқан тұлпардың түлеп сала берген тұстағы
сырт қалып өресін жылқы малын танитын жан сезіне қояр сəтті детальмен бейнелеп, ешкім
таппаған, айтпаған баршаға аян сəтті дəлме-діл жеткізеді, жарқ еткізіп көзге көрсетеді.
Жылқы малының асқақ тұрқы, шекесінен қарайтын сұлу сəні туралы Қашаған ақындық
нұрмен, тілмен айтқан. Түйдек-түйдек, кесек-кесек, батыл-батыл айтып отыру мақамы
Махамбет дəстүрін тірілтеді.
Қашаған – айтқаны айыз қандыратын сужорға жүйрік. Үздік ой, оралымдар шебері.
Шалқар дарын.
116
Қашаған тілінің қабаттарында ана тілінің қайталанбас ерекшеліктері мол ұшырасып
отырады. Сөз қолданыста ауызша шешендік «ауыздықпен алысып», дүние айшықтары жалт-
жұлт нұрымен қуантады, төпеп, төгіп-төгіп айту дағдысы таңырқатады.
«Топан» дастанындағы құтырған құрт туралы баян иланымды. Ақын азғындаған адам, ас
та төк ысырапшылдық, бұзылған ниет дүниені бүлдірді, телегей теңіздің ашуға басып,
жағалаудағы елді жазалауы жұрттың бұзылған пейілі, бұзық ниетіне орай болмай қоймайтын
опат еді дейді.
«Қарасай-Қази» дастаны – Қашағанның белгілі желіге құрылғанына қарамастан даусыз
төл туындысы. Қашаған – жыршылық өнердің де майталманы. «Қарасай-Қази» жырының
нұсқаларының бір-екі үлгісін салыстыра қарағанда Қашағандай жырлаған ешкім болмағаны
көрінеді.
Ілияс Жансүгіров «Қашаған – жүйрік жырау, елдің тілі» десе, біліп айтқан. Қашаған
жүйрік шұғыл құбылыстарға жедел үн қосып отырады. Қашаған тілге шебер. Таппаған
теңеуді табады. Тұспалмен жүрек жаулайды.
Поэзия тілінің шексіз мүмкіндігін ақын емін-еркін пайдалана алған. «Қырғауылдай қызыл
нар» деген тіркестің өзі-ақ Қашағанның жан байқамаған құпияларға, көріністерге сергектігін
көрсетеді. Сезімталдығын жеткізеді. Қазтуған тілінде Махамбет толғауларымен
құрылымдық, үлгілік, оралым, атаулар мол.
Қашаған образ ашып отырады. Қарасайдың анасы, Орақ батырдың бір көзі соқыр, бір
қолы кемтар, таңдап тапқан жары – дана. Баласына тұлпар алуға малың жетпесе мені де қос
дейді. Балаларын батырлыққа қайрап, баурап, жорыққа жібереді. Осы əйел бейнесі – əлем
əдебиетіндегі баламасы жоқ бейне.
Шығармада ұлттық мінез шынайы сипатталған. Ер Қосай 90 жасқа келсе де, жорықтан
үмітін үзбейді. Бұл – дəстүр. Ақтамберді, əріде Қазтуғандардан жалғасқан үрдіс. «Əлі жаудан
ойым бар», – деп қасарысады қарт Қосай.
Образ ойнатып, суретпен сөйлеуде алдына жан салмаған жүйріктің бірі – Қашаған.
Атылған оқтың дəл осылайша суреттелуі қазақтың жауынгерлік поэзиясы семсердей өткір
тілмен өрілген дəл осылайша образбен, ойнатып суреттеуді Қашаған жырында ұшыратады.
Садағын қолға алады,
Толықсып тұрған қалмақты
Толғай тартып қалады.
Баланың атқан қол оғы
Аспаннан түскен жасындай
Саулап өтіп барады.
Қашаған – ел ортасында болған, сол ортаның қуаныш, мұңын бөлісіп ғұмыр кешкен халық
ақыны. Оның поэзиясы өмір құбылыстарын əр қырынан қамтиды. Ақын жалпы сөйлеп
ғибрат айтудан гөрі тіршіліктің нақты сəтіне орай ойды суретпен толғап, бейнелі баяндаймен
əсерін күшейте жеткізіп отырады. Осылайша дəстүрлі толғау үлгілерін бояуы қанық өмір
суреттеріне қарай бұрып, өлең сөзде өзіндік тың ағыстар ашады. Ел ішінде көрген,
түйгендерін дер шағында өлеңге қосып отыру машығы, дүние құбылыстарын реалистік
шеберлікпен нақтылап көрсету шеберлігі Қашаған ақынның поэзиясындағы дара
қолтаңбасын айқындайды.
Қашаған Күржіманұлының «Тойбастар» атты терме-толғауы қазақ əдебиетінің дəстүрлі
бір арнасы – тойбастар жырлар үлгісінде ұзатылып бара жатқан қызға қаратып айтылған
жыр.
Ақын той, оның өмірдегі мəні, ерлі-зайыпты өмірге бастау болатын неке қию салты, оның
арғы тарихы, туған үйден ұзатылып кетіп бара жатқан қыздың ризашылықпен аттануы
туралы ой толғаған. Жат жұртта бақытты бол деп бата береді.
Қашаған адамның ғұмыр жас кезеңдерінің сан қилы қалпы көрініс тапқан қазақ
əдебиетіндегі ежелгі, дəстүрлі желіде де жыр-толғаулар шығарған. Ақын азғындаған адам,
бұзылған заман райына алаңдайды. Айтқыш, тапқыш ақын əдебиет тарихындағы
117
зарзамандық сарындар желісіне «Замана халі» өлеңінде түйінді тоқтамдар қосқан. Бұзылған
заман райын «Күн орнынан ауысқан» сұмдыққа балайды.
Қашағанның шоқтығы биік туындысының бірі – «Топан» дастаны.
Каспий теңізіндегі орасан апат жайын ақын адам ниетінің бұзылуы, байлыққа құнығу,
бармын деп мардымау, т.б. ізгілік, кісілік қалыпқа кереғар құбылыстардың зардабы деп
біледі. Топан – тасқынның басы теңіз жайлаған елдің кешегі қымбат, жақсы күндерін
баяндап басталады.
Ерлері бар еді егескен,
Дұшпанымен шекескен.
Абыройы асқардай
Не жақсымен теңескен.
Шығармадағы құтырған құрт туралы аңыз желісін ақын соншалықты дəлелді, иланымды
ашады. Опаттың түп себебі осы құртта. Жаманшылықтың тез жайылу құбылысын ақын
тұспалдап жеткізеді. Құтырған құрт – елдікке келген індет.
Қашаған – биік адамгершілік ұстанымдар ақыны. Оның шығармаларына елдік, ерлік,
дəстүр, өр рух, адамшылық қасиеттер арқау болды.
Қашаған – дəстүр дамытып, байытқан, өлең сөзде жаңа өрістер ашқан, дарын қуаты
жойқын сирек дарындардың бірі. Ілияс Жансүгіров айтқандай, жыр жүйрігі, елдің тілі.
Қашағанның əдеби мұрасын жинап, баспаға шығарып зерттеуде Е.Ысмайылов,
Х.Сүйіншəлиев, Қ.Сыдиқов, т.б. ғалымдар ақынның əдебиет тарихындағы айтулы орнын
көркемдік негізде, дерекнамалық мəнде айқындай түсті. Қашаған ақынның көркемдік əлемі
тұрғысында əлде де жүйелі зерттеулерді қажет етіп отырған құбылыстар аз емес.
Кенжегулова
Н,С.
к.ф.н., доцент университета Международного бизнеса
ИЗДАТЕЛЬСТВО «БАЯНЖУРЕК» И КОРПОРАЦИЯ «ZHERSU» - ИСТИННЫЕ
ПАТРИОТЫ В ДЕЛЕ ИЗДАНИЯ ДЕТСКОЙ ЛИТЕРАТУРЫ
Из истории известно немало примеров плодотворного сотрудничества коммерческих
структур и объектов культуры. Из русской истории мы знаем знаменитого мецената Савву
Морозова, Третьякова, которые не жалели своих средств для сохранения культурных
объектов и духовных ценностей родного русского народа. Из истории казахов нам известно
легендарное имя Атымтая –Жомарта – Щедрого Атымтая, а в 19 веке Ахмета Оразаева –
учредителя газеты «Казах». Также мы знаем учредителей премии «Тарлан», которые в
наше нелегкое время поддерживают современную культуру нашей страны...
Среди таких меценатов следует знать деятельность корпорации «ZHERSU», которая
своими благотворительными деяниями поддерживает издание детской литературы в
Казахстане. Сотрудничая с Союзом писателей Казахстана и с издательством «Баянжурек»
корпорация ежегодно с 2007 года проводит традиционный международный конкурс
«Дарабоз». Уже девятый год стартует конкурс, который выбирает самые лучшие
произведения для своих юных читателей.
Произведения, получившие призовые места печатаются на казахском языке в книге
«Кəусар бұлақ» и в переводе на русский язык в книге «Чистый родник».
Международная премия «Дарабоз» имеет следующие номинации:одно - Гран-при, две
первые премии, две вторые, три третьи и четыре поощрительные премии. Книги, как на
казахском, так и на русском языке бесплатно раздаются в государственные библиотеки, в
библиотеки ВУЗов, колледжей и школ. В каждой книге напутствие читателям дает
руководитель корпорации «ZHERSU»Бауыржан Оспанов.
Вот что он написал в одной из из очередных серий книги «Чистый родник»:
Дорогой юный читатель!
118
Бесспорно истина, что книга – источник знаний и кладезь практических навыков и
мудрости. Именно благодаря книгам мы впервые теоретически и практически познаем
окружающий нас мир. Именно книга – одно из самых оптимальных средств для
интеллектуального развития личности, для самопознания, формирования нервых ступеней
традиционной и новаторской культуры. Как говорил великий Абай:
Не думай о выгоде, а думай о чести,
Стремись знать больше и лучше.
Нужные знания ты в книге найдешь,
Читай, не ленись,старайся знать больше.
Для того, чтобы трудиться на благо нашей родины, чтобы стать Гражданином и
Патриотом, сбольшой буквы, необходимы в первую очередь, системные знания, которые
может дать только книга. Поэтому желаю тебе, мой юный друг, чтобы эта книга смогла
стать для тебя одной из ступеней для познания окружающего мира и самого себя.
Прими и прочитай, выпущенную для тебя книгу «Чистый родник», в которой собраны
лучшие произведения казахских писателей!
Издательство «Баянжурек» выпускает также произведения казахских писателей, но оно
больше известно казахстанским читателям, благодаря плотворному сотрудничеству с
копрорацией «ZHERSU».
Достарыңызбен бөлісу: |