Сборник материалов международной научно-практической конференции посвященной 75-летию д ф. н., профессора Абдул-Хамид Мархабаева «современные технологии подготовки



Pdf көрінісі
бет23/29
Дата19.02.2020
өлшемі2,97 Mb.
#58382
түріСборник
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
Байланысты:
thesis11798


 
ҚАРЖЫ ЖАҒЫНАН ТƏУЕЛСІЗ БАСПАСӨЗ ҚҰРУ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Тəуелсіз  жəне  тиімді  БАҚ-тың  өмір  сүруі,  ертеден  кезкелген  жетістікті  демократияның 
бейнесін  білдіреді,  сондай-ақ  ол  жаңа  жұмыс  орындарын  ашатын  нарықтық  экономикамен 
өте  тығыз  байланысты.  Экономикалық  прогреспен  қатар  тиімді  де  тұрақты  жұмыс  істеп 
тұрған БАҚ тəуелсіздігімен өміршеңдігі жөнінде саяси шеңберден тыс мəселе көтереді. Егер 
БАҚ-тың  дамуы  мен  балалар  өлімінің  азаюы  экономикалық  көрсеткіштерге  байланысты 
болса - онда Дүниежүзілік банк пен БҰҰ-ның даму бағдарламасы сияқты институттар БАҚ-
ты жалпы əлеуметтік, экономикалық процестердің қозғаушысы ретінде қолдауы қажет /1/. 
Шындығында  БАҚ-пен  экономикалық  құбылыстардың  арасындағы  байланыс  бір 
көрінгендей қарапайым емес. БАҚ экономикалық əрекеттерге ықпалын тигізеді, бірақ жалпы 
экономикалық  жағдайы  өзінен  өзі  БАҚ-ның  денсаулығына  əсер  етеді,  соның  бастылары 
аудиторияға  əсер  ету  жəне  жарнама  берушілерге  əсер  ету  болып  табылады,  себебі  оның 
нəтижесінен  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қаржылай  тəуелсізді  туындайды.  Əр  елдің 
тəжірибесі  көрсеткендей  баспасөз  елдің  экономикалық  жағдайына  байланысты  құрылады, 
оған  күш  бере  отырып  жəне  өзі  де  одан  күш  алады  -  əрине  бұның  бəрі  заң  мүмкіндік 
бергенде,  сонымен  қатар  БАҚ  басшыларының  өткірлігі  мен  саясатының  арқасында  ғана 
болады. 
Польшаның «Газета выборга» атты ірі апталық басылымы коммунизм кезеңіндегі əскери 
жағдайдағы  қиын-қыстау  жылдарды  басынан  өткерді,  түрмеге  отырғызылған  редакция 
қызметкерлерін  қолдау  үшін  басылым  қолмен  терілді.  Баспасөзді  мемлекеттің  темір 
бұғауынан  босатқан  демократия  бүкіл  экономикалық  тəртіпті  жəне  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының  жағдайын  түбегейлі  өзгертті.  90-жылдардың  ортасында  «Газета  выборга» 
жекешелендіріліп  радиода,  телевизияда  жəне  интернетте  жұмыс  істей  бастады,  сондай-ақ 
Польшадағы жеке жарнама берушілердің нарығын игере бастады /1/. 
Бір  кездегі  қуғын-сүргінге  ұшыраған  бұл  газеттің  редакторы  София  Быдлинска  жұмыс 
ауқымын  кеңейте  түсу  үшін  есеп  жүргізе  отырып  өтпелі  кезеңде  алынған  акцияларының 
құны көтеріліп 2,3 млн.долларға өскенін байқады. 
Шындығында, барлық медиа-компаниялар осындай дəрежеге көтеріле алмайтынын айтқан 
жөн. Малавилік журналист жəне редактор, кəсіпкер 1999 жылдың қантарында «Бизнес уотч» 
атты  тəуелсіз,  айына  бір  рет  шығатын  журналдың  негізін  қалады,  бұл  журнал  Африканың 
оңтүстігіндегі  демократиялық  дамуға  енді  бет  алған  елдің  экономикалық  даму  жағдайын, 
кəсіпкерліктегі жаңалықтар тақырыбын бейнелеуге  арнаған. Ол үнемдеп табыс сұрамайтын 
əлі журналистік оқуынбітірмегендерді жұмысқа алды жəне өз басылымына малавиялық жеке 

181 
 
жарнама  берушілерді  тартты.  Бірақ,  оқырмандар  төлем  ақы  төлеген  төрт  нөмірден  соң 
əрбіреуі  500  данамен  «Бизнес  уотчты»  жабуға  тура  келді.  Құны  өскен  акцияларының 
пайдасын  есептеудің  орнына  Андерсон  Фимуланш,  басылымының  жабылғанына  екі  жыл 
өтседе  төлеуге  ұсынылған  есеп-шоттан  арыла  алмады  жəне  «Мен  əлі  телефонның  төлем 
ақысын төлемедім» - деп реніш білдіреді. 
Көптеген  кедей  мемлекетгердің  қатарына  жататын  Малавида  сауатсыздықтың  деңгейі 
жоғары  жəне  тауар  тасымалдау  мен  бизнестің  саясатқа  ықпалы    жоқ.  Польшадағы  медиа-
бизнестерге  шетелдік  инвесторлар  миллиондап  долларлар  құйғанда,  африканың  өзін-өзі 
ақтамайтын  бұқаралық  ақпарат  құралдары  ешқандай  аудиториясы  мен  пайда  түсіретін 
жарнамалық базасы жоқ батыр баспасөз ретінде қабылданды, тіпті саяси жағдай мен заңдары 
бұған кедергі келтірмейтіндігі де айтуға болады. Көбіне бұл елдерде басты жарнама беруші 
ретінде  мемлекет  болады.  Тіпті  тəуелсіз  компаниялардың  өздері  мемлекетті  сынға  алатын 
баспасөзге жарнамасын бермейді. 
БАҚ-тың  құқысы  мен  міндеті  жайлы  қызу  дебаттардың  астарында  БАҚ-ты  қолдайтын 
бағдарламалармен  айналысатын  халықаралық  ұйымдар  елеп  ескере  бермейтін  қарапайым 
дерек жатыр: бұқаралық ақпарат құралдары бұл - бизнес. Жоғарыда келтірілген Польша мен 
Малавидің  тəжірибесі  ақпарат  бизнесі  үлкен  жетістіктерге  жетумен  қатар  сəтсіздіктерге  де 
əкеп соғуы мүмкін. Кез келген бизнес іспетті ақпаратгық бизнесте қоршаған экономикалық 
ортаның  ықпалына  тəуелді.  Бірақ  ол  ішкі  валдық  өнімінің  өсуі  мен  төмендеуіне  қарағанда 
көп жұмыс атқарады.  Медиа-бизнестегі табыстылық аудитория құрудағы, бедел жинаудағы 
стратегияның əртүрлі экономикалық жағдайға байланысты құрылуымен анықталады. 
Сонымен  қатар  көптеген  сараптаушылардың  айтуынша  тиімді  жұмыс  істейтін  БАҚ 
«дамуға  үлес  қосқан»  нарықтың  тиімділігіне  жəне  қоғамның  ақпараттық  потенциалын 
көбейтуге үлес қосқан БАҚ, бұл шарттардың бəрі тек қаржылай тəуелсіз БАҚ болғанда ғана 
іске  асатындығын  есте  ұстау  керек.  Бүл  тəуелсіздік  өз  кезегінде  экономикалық  ортаға 
байланысты,  оны  нақтылы  медиа-компаниялар  жекелеген  экономикалық  құбылыстарды  өз 
пайдасына пайдалана білуі керек. 
Қаржы жағынан тəуелсіз болу жолы 
Қаржылай тəуелсіз болу өте қиын жол. Қаржылай қиындықтар қалталы байлардың қолына 
итермелеп  тəуелсіздігінен  айыру  мүмкін.  Əлсіз  демократиялық  жағдайда  қаржылай 
қатынасы əлсіз БАҚ саяси жəне экономикалық мүдделердің қолында кетіп, бизнестің құралы 
емес үгіт-насихат жүргізетін құралға айналуы мүмкін. 
Өтпелі  кезеңде  Словакиялық  іскерлік  апталық  газеттердің  қолдаушысы  болған,  кейіннен 
сол  елдегі  «Правда»  газетінің  редакторы  Татьяна  Репкова  былай  деп  жазады:  «Бұрынғы 
коммунистік  елдердегі  цензураның  орнына  сөз  бостандығын  шектейтін  экономикалық 
жағдай келді. Тəуелсіздік көзқараспен қарағанда бұл жақсы, бірақ оныбəрі түсіне бермейді». 
Осыған  ұқсас  пікір  2001  жылдың  қазан  айында  журналистиканың  Халықаралық 
орталығының   интернеттегі бюллетенінде жарық көрді 
(
http://www.ijnet.org
  )  Онда  былай  делінген:  «Сербиядағы  басылым  БАҚ-ы  қиын 
экономикалық  жағдайға  душар  болып  отыр,  көбіне  қаржыландыру  көзін  қажет  етеді. 
Нəтижесінде  «олар  саясаткерлердің  қанжығасына  оңай  түсіп  қалады»»,  -  деген,  «Бета» 
ақпарат  агенттігінің  бас  редакторы  Драган  Янич,  Философия  жəне  социология  Институты 
жүргізген дөңгелек стол дискуссиясының қатысушыларына қаратып. 
Сербтік  редактордың  айтуынша  экономикалық  қиындықтар  БАҚ-тың  қиындықтан  шығу 
жолын іздестіруге міндеттейді, ал бұл саясаткерлердің қолдауымен жəне жекелеген арнайы 
мүдделерді  құрған  топтарға  əкелуі  мүмкін.  Бұл  жағдайда  редакция  саясатының  еркіндігі 
жапа шегуі мүмкін. Газеттің немесе насихат жүргізуші компанияның жұмысы тиімсіз болуы 
мүмкін,  ал  егер  ол  сайлауды  жеңіп  шығуға  көмектессе  немесе  керекті  заңдардың 
қабылдануына  атсалысса  ол  баспасөздің  иесі  өз  жұмысының  нəтижесімен,  кеткен  шығын 
ақталды деуіне болады. 
Посткеңесік елдер экономикалық процестердің жоғарлауы мен құлдырауларынан болатын 
қиындықтардың баспасөзге əсер  етуі жағынан көрнекті дəлел. Кеңес Одағының құлаған екі 

182 
 
жылынан  соң  елдегі  еркін  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  дамуы  қарқынды  жүрді,  бірақ 
жаңа  медиа-мəдениет  экономикалық  ауыр  шындықтармен  қарамақайшылыққа  тірелді.  Ал, 
сондай-ақ, он жылдың ішінде кісі басына шаққандағы пайданың кірісі 50 пайызға төмендеп, 
жарнамаға  кететін  шығын  нүктесінде  тұрып  қалды,  көптеген  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
жаңа  жоғары  саяси  деңгейдегі  қаржыландырушылардың  қолына  түсіп  қалды,  олар 
мемлекеттік жəне БАҚ-ты өз тар мүддесінде қолданатын жеке адамның иелігі. 
Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін көптеген ресейлі БАҚ-тар кəсіби тəуелсіздікке, сонымен 
қатар,  мемлекет  тарапынан  жəне  бизнес  саласындағы  қаржыландырушылар  тарапынан 
материалдық  көмек  іздестіре  бастады.  Бұл  форма  құлау,  құлдыраудың  жолы  болатын. 
Біріншіден,  мемлекет  өте  аз  қаржы  бөлді,  оған  қазіргі  таңдағы  медиа-компаниялар  құру 
мүмкін еместі, ал екіншіден, одан əрі партиялыққаржыландырушыларға тəуелді болу сапалы 
журналистиканы  ұйымдастыруға  не  БАҚ-қа  маңызды  аудиторияның  түсіністігін  де 
посткеңестік кезеңде алшақтатты. 
Дьюк Университетінің Терри Сэнфордындағы Ресей БАҚ-ын зерттеушілерінің бірі Эллен 
Микиевичтің  пікірінше  БАҚ-тың  тұтынушылары  мына  құбылыспен  келесіп  кеткен  дейді: 
ресей оқырмандары мен көрермендері ақпараттың дəлдігі мен ақиқаттығын күтпейді себебі 
«ақпарат  атты  құбылыстың  өзі  нақтылы  нəтиже  емес»-деп  біледі.  Сондықтан  ресейліктер 
БАҚ өнімдеріне бір тенденциядағы хабарламалардың жиынтығы деп қарайды, соның ішінен 
тыңдаушылар шындыққа жанасатын ақпараттарды өздері құрастыруы қажет. 
Бұл  күндері  аймақтық  үкіметтер  өз  бюджеттерінен  белгілі  мөлшерде  БАҚ-ты  қолдауға 
қаржы  бөлуде,  қаржының  көлемі  көп  болмаса  да  бұл  субсидилер  тəуелсізбəсекелестерінің 
басын  ауыртуы  мүмкін,  себебі  олардың  не  саяси  əріптестері  жағынан  қолдауы  жоқ  жəне 
жергілікті  үкіметтік  органдар  көмек  көрсетіп  орырған  жоқ.  Олар  субсиди  алып  отырған 
бəсекелестері  тарапынан  үлкен  проблемаларға  душар  болып  отыр,  себебі  субсиди  алған 
бəсекелестер  кеткен  шығынды  өтеуде  мемлекет  бөлген  қаржымен  есеп  айырысып  жəне 
төмен құнды жарнамаларды басуға мүмкіндігі бар. 
Кейбір  мемлекеттен  тəуелсіздігін  сақтап  қалған  медиа-компаниялар  1990  жылы  Ресейде 
пайда  болған  қаржылай  кəсіпкерлік  империяның  қолдарына  түсіп  қалды.  Бұл  аталмыш 
«олигархтар» БАҚ-ты сапалы жəне жаңалықтар көзі ретінде қарастырудан гөрі өз мүдделерін 
қорғайтын  үгіт-насихат  жүргізуші  топ  ретінде  қарастырады.  Бұндай  БАҚ-ы  мемлекет  пен 
олигархтар  арасында  күрес  қүралы  ретінде  пайдаланылды,  соның  нəтижесінде  бұл  ақпарат 
құралдарының жəне мемлекетке жағымды ақпарат қүралдарының «тəуелсіздігі» шектелді. 
Бірақ  соған  қарамастан  көптеген  ресей  БАҚ-ның  басшылары,  ел  өтпелі  қиын  кезең 
фазасынан өтіп енді Польша немесе бұрынғы Шығыс Германияның жағдайына өтеді дейді. 
Тұрақты  экономикалық  жағдай  құру  қажет,  БАҚ-на  шыншыл  жарнама  берушілердің  тобы 
келіп мемлекетгік көмек пен олигархтық субсидиялардан азат етуі керек. 
Сандық үзіліс жəне сандық шекара 
Бүгінгі таңда  «сандық үзіліске» байланысты əлемде алаңдаулар туып отырғанда мынаны 
айта кеткен жөн, əдетте жоғары сандық технологиялардың дамуы ескі технология негізінде 
ақпарат  кеңістігі  бұқаралық  ақпарат  құралдарына  толы  болған  жерде  жүреді.  Бұл  жөнінде 
Пиппа Норрис «Сандық үзіліс: азаматтық қоғамның белсенділігі, ақпараттың кедейшілік пен 
интернет  əлем  елдерінде»  деген  еңбегінде  былай  деп  жазады:  «Швеция,  Америка  Құрама 
Штаттары жəне Австралия сияқты ақпараттық технологияларға бай елдер басқа елдерден тек 
интернетті  пайдалану  жағынан  ғана  алда  емес,  сонымен  қатар  басқада  коммуникацияның 
құралдары  тарату  жағынан  да,  персоналді  компьютерлер  мен  кəдімгі  ұялы  телефондарды 
пайдалану  жағынан  да  алда.  Ескі  мен  Жаңа  медиа-технологияларды  пайдалану  жағынан 
белгілі  бір  өзгешелік  жоқ,  ол  онлайндық  БАҚ  серверлердің  таралуы  мен  телефон, 
персоналдық  компьютерлер,  радиоқабылдағыштар  мен  теледидарлар  жəне  газеттік 
басылымдарға  байланысты.  Бұл  дамушы  елдердің  жалпы  əлемдік  коммуникациялық 
ағымдардан  артта  қалып  келе  жатқанын  білдіреді,  мысалы,  Буркина-Фасо,  Йемен  мен 
Вьетнамда  көптеген  ақпараттық  технологиялардан  артта  қалған,  сондай-ақ,  дəстүрлі  БАҚ, 

183 
 
радио  сияқты  жəне  газеттер,  ал  мобильді  телефон  байланысы  мен  компьютерлік 
коммуникациядан мүлдем артта қалған»/1/. 
Сонда  да  онлайндық  мүмкіндіктер  кейбір  журналистерге  мемлекеттің  дəстүрлі  БАҚ-қа 
қадағалауын  айналып  өтуіне  мүмкіндік  береді.  БАҚ  дамуындағы  эволюциясының  қызықты 
процестерінің бір Малайзияда болды, бұл «азиялық экономика кереметі елінде», Махатхира 
басқарып  тұрғанда  «қатыгездік»  пен  «зұлымдықты»  жариялымдарға  тиым  салатын  заң 
қолданған. 
Түгел 
жаңалықтықбасылымдар 
жылына 
лицензияланатын 
болған. 
Арандатушылық  туралы  заң  жəне  ішкі  қауіпсіздік  туралы  заң  үкіметтің  саясатын  сынауға 
тыйым салатын болған. 
Бірақ  Малайзиядағы  онлайндық  медиа  платформалар  жоғары  қолдауларға  ие,  себебі 
жоғары  технологиялардың  отаны  болып  есептелінетін  елде  бұл  салаға  дəстүрлі  БАҚ-қа 
қойылған шектеулер қойылмауға тиіс. 
Үкіметтің  көзқарасына  келіспей  қарсылық  білідіретін  новатор-журналист  Стивен  Ганнің 
1999  жылдың  аяғында  интернеттегі  «Малайзиакины»  газетіне  қолдау  көрсетіп  оны  бүгінгі 
күнге  шейін  шығарып келеді.  Бұл  газеттің  оқырман  аудиториясы  120  000-нан  150000  адам. 
Оңтүстік-Шығыс Азияның баспасөз ұйымынан алған бастапқы капиталдың арқасында 18 ай 
өткен  соң  өзінің  интернет-басылымына  100.000-дай  оқырман  тартты,  бұл  ол  есептеген  20 
000-нан  бес  есе  көп.  Жарық  көру  барысында  «Малайзиакины»  өзіне  жеке  жарнама 
берушілерді тартып, шығындарының 50 пайызын ақшалай жапты. 
Мұндай  бизнес-стратегия  Малайзия  экономикалық  жəне  саяси  реалдарына  бейімделген, 
белсенді  жарнама  беру  базасымен  қатар  онлайн  режимінде  дəстүрлі  баспасөз  баспайтын 
материалдарды  беретін,  электронды  газетті  оқитын  аудиториясы  бар.  «Ең  басты 
мəселелердің бірі осы саланы дамытуға дəстүрлі баспасөзді өз қарамағында ұстап интернетке 
цензура қоймауға келіскен мемлекеттің саясаты оңды болып біз оны қазіргі күні пайдаланып 
отырмыз» - дейді Ган/2/. 
Тез  даму  прогресіне  ие  болған  Орталық  жəне  Шығыс  Европа  елдері  реформалардың 
қарқынды жүруі - экономикалық реформаларды БАҚ дамуының құрамдас бір бөлігі ретінде 
кіріктірген.  Бүл  елдер  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  жекешеленуін  қолдап  қана 
қоймайды,  сонымен  қатар  мемлекеттік  жəне  аймақтық  бюджетке  салмақ  салуды  азайту, 
экономикалық  реттеуші  саясатын  жүргізу,  медиа-бизнесгі  экономикалық  қолдау  жағдайын 
жақсарту  мəселелерін  ақпараттық  негізге  қоюды  көздеген.  Сондай-ақ,  олар  БАҚ-тың 
мемлекеттік органдарды сынауы жағдайында еркін өмір сүріп үйренген, себебі ондай сынау 
үкіметтің саясатында кеткен қателіктерді түзетуіне қызмет етеді деген сенімде. 
 Бұл мақалада айтылған ой-пікірлер міндетті түрде автор көзқарасын білдірмейді
................................................. 
1.  Тим  Карринггон  жəне  Марк  Нельсон    //  «Ғаламдық  проблемалар»    АҚШ  Мемлекеттік 
департаментінің  электронды  журналы,  2003  жылдың  ақпаны,  8  том,  1  нөмірі.Тим  Каррингтон  - 
Дүниежүзілік  банк  Институтының  қоғаммен  байланыс  жəне  баспасөзбен  байланыс  қызметкері
Марк Нельсон - Дүниежүзілік банк Институтының Париждегі бағдарламасы жетекшілерінің бірі
Екеуі де негізінде «Уолл-стрит джорнэл» журналының бұрынғы тілшілері болып қызмет еткен
2. Ғаламдық проблемаларАҚШ Мемлекеттік департаментінің электронды журналы, 2003 
жылдың ақпаны, 8 том, 1 нөмірі
3. http://www.ijnet.org 
 
Əбдіғапарова
 С.,  
ҚазҰУ, 1-курс магистранты 
 
«МЕНІҢ ЖАНРЫМ – КҮНДЕЛІК» 
(Қазақ баспасөзіндегі эпистолярлық жанрлар
 
«Эпистолография»  термині  грек  тілінен  аударғанда  «жолдау»,  «хат»  деген  мағынаны 
білдіреді.    Ол  хат  түрінде  жазылған  шығарма.  Эпистолярлық  əдебиетке  ірі  қоғам 
қайраткерлерінің өзара жазысқан, тарихи мəні бар, əдеби мұраға  айналған хаттары жатады. 

184 
 
Эпистолография  жанр  ретінде  көне  дəуірден  бастау  алады.  Цицеронның,  Горацийдің, 
Сенеканың хаттары эпистолярлық публицистиканың негізін қалады. Кейін хатпен жазылған 
роман  пайда  болды.  Мысалы,  орыс  жазушысы  Н.М.Карамзиннің  «Орыс  саяхатшысының 
хаттары» осыған мысал бола алады.  
Қазақ  əдебиетінде  Шоқан  Уəлиханов  пен  Ыбырай  Алтынсариннің  орыс  достарына, 
Абайдың  туыстарына  жазған  хаттары  бар.  Бұл  жанр  1916-жылғы  Ұлт  азаттық  көтеріліс 
кезінде  де  халық  поэзиясына  арқау  болды.  Мысалы,  Құбаша  ақынның  Əбдірахман 
Иманқұлұлына  жазған  хаты».  Бұл  жыр-хаттар  патшаның  бұйрығына  қарсы  шығып, 
Амангелді  Иманов  бастаған  көтеріліске  шығуға  үгіттеді.  Майданнан  жазылған  хаттарда 
жауыздық  пен  əділетсіздікке  қарсылық  білдірсе,  майданға  жазылған  хаттарда  ел-жұрттық 
сағынышы мен амандық-саулығы баяндалады.  
Эпистолярлық жанр Кеңестік дəуірде айрықша дамыды.  Мұхтар Əуезов, Сəбит Мұқанов, 
Ғабит  Мүсірепов,  Қасым  Аманжолов  сынды  дара  тұлғалардың  жазысхан  хаттары  тарихтан 
белгілі.  Əлихан  Бөкейхановтың  «Дала  уалаяты  газетіндегі»  «Ашық  хат  жапан  балсына», 
«Қазақ»  газетіндегі  Ахмет  Байтұрсыновтың  «Досмайыл  қажыға  ашық  хатын»,  Міржақып 
Дулатовтың «Ашық хатын» қазақ эпистолярлық жанрының алғашқы нұсқалары деп білеміз.  
Хат  –  əдебиет,  хат  –  тарих,  хат  –  көркем  шығарма.  Хат  белгілі  бір  мəселені  екінші  бір 
кісіге  баяндау  барысында  жазылады.  Жазушы,  ақын,  ғалымдар  жазған  хаттар  əрдайым 
ерекшеленіп тұрады. 
Хаттың мынандай түрлері бар: құттықтау хат, алғыс хат, ұсыныс хат, арыз хат, үндеу хат, 
полемикалық хат, публицистикалық хат, ретроспективалық хат, оқырман хаты. 
Эпистолярлық  жанрдың  тағы  бір  түрі  –  күнделіктер.  Күнделік  –  əлемдік  əдебиеттану 
ғылымында  мемуарлық  жанр  құрамында  қарастырылып  келеді.  Күнделік  жазбалары  қазақ 
əдебиеті  тарихында  көне  дəуірлерден  қалыптасқандығы  белгілі.  Күнделік  екі  мақсатта 
жазылуы  мүмкін.  Бірінші,  адам  өзінің  жандүниесін,  сырын  қағаз  бетіне  түсіреді.  Екіншісі, 
аудиторияға арнап жазылады. 
Эпистолярлық  жанрда  пікір  алмасу,  əңгімелесу  белгілі  бір  аралықта  хат  жазысу  арқылы 
жүргізіледі. Арақашықтық иллюзиясы, сағыныш, ностальгия, естелік, мүңдасу секілді көңіл-
күй мозайкасы орын алады. 
Талай  жыл  бұрын  жазылып,  архивте  жатқан  тарихи  хаттарға  баспасөз  жан  бітіреді. 
Хаттар, күнделіктер қаламгердің жеке архивінен де, жақын жандарынан да табылып жатады. 
Бізге белгілі Камал Смаилов пен Шерхан Мұртазаның «Елім, саған айтам,елбасы сен тыңда» 
атты сериялы хаттары солардың жалғасы іспеттес. 
1990  жылдан  бергі  қазақ  газет-журналдарын  ақтарсақ,  басылым  беттерінде  хат-
күнделіктердің көп жарияланғанын байқаймыз. Əсіресе, «Қазақ əдебиеті» газеті. 
Бауыржан  Момышұлының  хаттары  отыз  томдық  жинағына,  «Көз  алдымда  бəріңсің» 
кітабында  жарияланған.  Бұл  хаттар  1999-2000  жылдар  аралығында  «Қазақ  əдебиетінде» 
жарияланған.  «Алматы ақшамы»  газетінің 2006-жылғы 5-қаңтардағы нөмеріне жарияланған 
«Баукеңнің белгісіз хаттары» да бар. 
Даңқты Момышұлы өзінің жеке мұрағатын (шығармаларының түпнұсқасын, естеліктерін, 
хаттарын,  əртүрлі  жазбаларын)  өмірінің  соңғы  жылдарында  Орталық  Мемлекеттік 
Мұрағатқа өткізген екен. Жалпы жұртшылыққа беймəлім Бауыржан Момышұлы хаттарының 
көбі мұрағатта сақтаулы. 
Замана келбеті, ел ертеңі, ұлт мəселесі жəне тағы басқа проблемаларды қозғаған хаттардан 
батырдың  əр  нəрсеге  деген  ой-пікірін,  жандүниесіндегі  толғаныстарды  білуге  болады. 
Тағылымы мол, өсиеті терең осындай дүниелерді газет бетінде жариялау «Алматы ақшамы» 
газетінің  ерекшелігі  деуге  де  болады.  Бауыржан  Момышұлының  «Социалистік  Қазақстан» 
газетінің  редакторы  жолдас  Үсебаевқа!»  хатында,  жеңістің  жиырма  жылдығына  орай 
ұйымдастырылатын іс-шаралар жайлы пікір айтады. Рейхстагка жеңіс туын тіккен Рақымжан 
Қошқарбаев  еңбегін  халыққа  айтуды  тапсырады.  «Бұл  нұсқау  емес,  тек  жолдастық  пікір 
алысу ретінде айтылып отырған сөз. Айыпқа бұйырмаңыз» дейді хатта.  

185 
 
«Қазақстаннан  420  Совет  Одағының  батыры  шыққан.  Олардың  əрқайсының  ерліктері  – 
ертегі аңыз. Олар туралы архивтік материалдар Ғылым академиясының қараңғы бұрышында 
қара  жіппен  тігулі  жатыр.  Əлі  олар  туралы  естеліктер  толық  емес.  Оларды  жарық  көру 
мəселесін  өзіңіз  қалай  ұйымдастыру  керектігін  ойлаңыз»  деп  аяқталады.  Хат  1965-жылдың 
27-қаңтарында жазылған екен. 
Баукеңнің    сыншы  Есмағамбе  Ысмайыловқа  жазған  хатында:  «Кейбір  азаматтар  менің 
хаттарымның  мазмұнынан  гөрі  қатты  айтылған  сөздеріне  көңіл  бөліп,  «солдаттың» 
мəдениетте  қандай  еншісі  бар.  Сенсіз-ақ  күн  көреміз  деген  сияқты  əңгіме  айтады»  деп 
жазады. 
«Қазақ əдебиеті» газетінің 1999-жылғы №46 санында құнды хаттардың бірі жарияланған. 
«Мəлік  Ғабдуллин  мен  Бауыржан  Момышұлының  өзара  жазысқан  хаттарында  өзгеше  бір 
сыр жатыр» деп аталады. Екі алыптың бірін-бірі сынауы олардың бізге беймəлім сырларын 
танытады.  Бұл  хат  бұрын  еш  жерде  жарияланбаған.  ҚР  Орталық  Мұрағат  қорыннла 
сақтаулы. 
Бұл газетте Бауыржан Момышұлының Мұхтар Əуезовке, Ілияс Омаровқа жазған хаттары, 
Сəбит Мұқановтың Нұрлыбек Баймұратовқа хаты, Мұхтар Əуезовтың Смағұл Сəдуақасовқа 
хаты,  Зейін  Шашкиннің  Есмағамбет  Ысмайыловқа  хаты,  Ғабит  Мүсіреповтың  Ілияс 
Омаровқа хаты жарияланған.  
2002  жылдың  26-сəуірінде  «Қазақ  əдебиетінде»  «Авторға  келген  жаңа  хаттар»  Əзілхан 
Нұршайықовқа арналған. Əз-аға оқырмандарынан жыл сайын жүздеген хаттар алып отырған. 
Қазір  жазушы  мен  оқырман  арасында  мұндай  байланыс  жоқ.  Газет  бетіндегі  оқырман 
хаттары жазушыға деген құрметті білдіреді. 
2002 жылы 29-наурызда Мұхтар Мағауиннің «Мен»-нен «ол»-ға дұғай сəлем деп аталады. 
Ол Асанəлі Əшімұлына арналады. «Бір ауыз уəж айтпасам, өзіңді сыйламағандық болар еді» 
дейді жазушы. 
«Қазақ  əдебиеті»  газетінде  қазір  хаттар  өте  сирек  беріледі.  Соңғы  жылдары  Əзілхан 
Нұршайықовтың «Мұхтар Шахановқа хаты» жарияланған. Əдебиетіміздің ақсақалы Мұхтар 
Шахановтың 1986-жылғы Желтоқсан шындығын ашуда жəне қазақ тіліне «мемлекеттік тіл» 
дəрежесі  берілу  тұсында  жасаған  істеріне  баға  бере  келе:  «Ел  үшін,  халық  үшін  ымырасыз 
əрекетке  барып,  жалаңтөстік  таныту  –  ердің  ерінің  ғана  қолынан  келетін  батырлық  екенін 
білеміз»  деп  жазады.  Мұхтар  Шахановтың  жауап  хаты  да  баспасөзде  өшіп  бара  жатқан 
эпистолярлық жанрды қайта жаңғыртқандай. 
«Жоқ,  Əзеке,  мен  ешқандай  ерлік,  батырлық  жасаған  емеспін.  Азаматтық  борышымды, 
міндетімді  атқаруға  ғана  талпындым.  Менің  орнымдағы  кез-келген  адам  осындай  мінез 
көрсетуге тиіс еді» деп жазады. 
«Алаш  айнасы»  газетінде  «Əуезовтың  хаттары  табылды»  атты  мақала  жарияланған. 
«Барша  қауымнан  сүйінші  сұрағандай  болып  отырмын!  Əкем  Мұхтар  Əуезовтың  бес  хаты 
табылды. М.Əуезовтың рухани жазба мұрасы – шексіз мұхит. Енді мұхтартану ғылымы алға 
өрлейді» деп жазады Мұрат Əуезов. 
2010  жылы  27-қазанда  «Егемен  Қазақстан»  газетінде  Қайрат  Рысқұлбековтың  хаты 
харияланған.  Желтоқсанның  сол  бір  даңқты  күндерінде  алаңға  атойлап  шыққан  жастардың 
жартысынан астамы қазақтың қыз-келіншектері болғанын бүгінде зерттеушілер айтып жүр. 
«Құрметті қаракөз қарындастар мен жылы жүзді жеңгейлер! 
Шын жүрек, ақ көңіліммен алғашқы көктемнің күлімдеген мерекесі 8-март Халықаралық 
əйелдер күнімен құттықтаймын! 
Қамқоршы қайын жəне ағаларың, 
Жəрдем берер жағаларың. 
Қыздар үшін тар қапасқа 
Келіп түскен тұлпарларың»  
 
 
 
  
Қайрат Рысқұлбеков Ноғайбайұлы.  
13.03.1986 ж. 
Ст.60,65,173-1 

186 
 
Срок-ату жазасы 
08.03.1988 
Бывший ст-т ААСИ г.А-Ата 
Сын Моюнкума Джамб.обл. 
 
Осылай  деп  астына  қолын  қойған.  Міне,  Қайраттың  қапас  түрмеден  қазақ  қыздарына 
жолдаған сəлем хаты осы. 
Сатыбалды  Даулов  жазады:  «Зердеме  сеніп  күнделік  жүргізбегеніме  өкінемін. 
Оқығанымды,  естігенімді,  көргенімді  жадымда  сақтауға  келгенде  алдыма  жан  салмаушы 
едім.  Əсіресе,  өзіме  ұнаған  өлең  шумақтары  бір  оқығанда  немесе  бір-ақ  рет  тыңдағанда 
магнитофон  таспасына  жазылғандай  көкірегімде  жатталып  қалатын.  Зерде  шіркіннің  де 
көнеретінін, тозатынын кім білген. Алпыс жыл ғұмыр ішінде бастан не өтпеді, не көрмедік?! 
Солардың көбі қазір көңіл айнасынан біржола өшіп, бірсыпырасы көмескі тарта бастағандай. 
Тек балалық, жастық шақтың əсерлері ғана бояуы солғын тартпаған қалпы көз алдымда əлі 
тұр.  Енді  келіп  күнделік  жазуды  ерте  бастағанды  дағды  еткендерге  қызыға  да  қызғана 
қарайтындаймын. («Қазақ əдебиеті, №13, 30.03.2007) 
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев та күнделік жазған. Адамдық сыры мен күйзелісін білген 
сайын оның жанын ұғынғандай боласың.  «Ашығын айтқанда, өзімнің қандай адам екенімді 
де  білмеймін...  Алайда,  жаным  менің  тым  мейірбан,  жүрегім  менің  өте  жұмсақ.  Сірə, 
сондықтан  шығар,  Толстойдың  «жауыздыққа,  зорлыққа  қарсыласуын»  менің  де 
қолдайтыным.  Мен  зерттеуші  емеспін,  ақынмын.  Адамзаттың  қайғысы  мен  қуанышы  мені 
жеке  адамның  өзінен  артық  қызықтырады.  Адамдардың  жаман  екенін,  жақсы  екенін 
ажыратушы мен емеспін. Өйткені өзім де солардың бірімін. Мені жұрттың тағдыры, оларды 
қоршаған  ортаның  шындығы,  олар  өмір  сүріп  отырған  уақыт,  оларды  басқарып  отырған 
қоғам қызықтырады... 
Қаласа да, қаламаса да жұрт мені ақын ретінде түсінеді. Ал адам ретінде кім түсіне қояр 
дейсің.  Тіпті  ең  жақындарым  да...  Түсініңдерші,  мен  туғаннан  адаммын,  адам  қалпымда 
қалам...»  (Мұқағали  күнделігінен,  10  маусым,  1974  жыл)  деп  жазады.    Күнделіктегі  осы 
жазуларды  оқығанда,  көп  жағдайда  адамдық  көңілдің,  ықыластың  жетпей  жатқандығын 
аңғарасыз.  Кейін  Мұқағали  күнделігі  кітап  болып  басылды,  жаңадан  табылғандары  «Жас 
Алаш» газетінде де басылып тұрыпты. 
«Ана  тілі»  газеті  Зейнолла  Қабдоловтың  жары  Сəуле  апайдың  күнделігін  біраз  уақыт 
жариялады.  
Түрлі  жанрда  қалам  тербеген  Əзілхан  Нұршайықов  та  күнделік  жазудың  шебері. 
«Қаламгер жəне олардың достары» эпистолярлық романы мен «Өмір өрнектері» атты кітабы 
осының дəлелі. Алайда, бұл кітаптан үзінділер баспасөзде жарияланбаған. 
Күнделік – мемуарлық əдебиеттің ішкі жанры. Күнделік – ойдың кеңі. Күнделік – қызық 
жанр, керемет жанр. 
«Қазақ əдебиінің» 1999 жылғы 10-қыркүйектегі нөмерінен Оралхан Бөкейдің де күнделік 
жазғанын  білдік.  Ол  «Жазушының  ең  қысқа  күнделігі».  Ол  айналасын  жіті  бақылайтын 
сергек қаламгер еді.Үндістанға сапарын күнделікке тізбек болыпты. Сондағы жазылған үш-
төрт  парақ  табытпен  бірге  елге  келіпті.  Ол  Үндістанда,  қонақ  үйде  түннің  бір  мезгілінде 
мəңгілікке көз жұмды. 
Ол  күнделікте  «10  мамыр,  1993.  Түстен  кейін  Алматыдан  Шымкентке  ұшақпен  ұштық. 
Кешке  таман  қондық.  Ертеңіне  Ташкентке  келіп,  күні  бойы  Делиге  билет  алудың  соңында 
жүрдік.  Ташкент  таза.  Тəртіпті.  Қазақтардан  гөрі  ел  болып  қалғаны  байқалады.  Бізден  гөрі 
арзан.  Бірақ  зəлімдеу.  Біз  алты  адамбыз.  Делиге  ұшарда  үш  мың  сомды  тектен  тек  алып 
қалды» деп жазған. 
Нұртөре  Жүсіп  былай  дейді:  «Сіз  Саттар  Имашевты,  Əлкей  Марғұланның,  Ғабиден 
Мұстафиннің, Əнуар Молдабековтың, Сейтжан Омаровтың, Ғабит Мүсіреповтың, Оспанхан 
Əубəкіровтың,  елге  Өкіреш  атымен  əйгілі  болған  əртіс  Рахметбай  Төлеубаевтың,  Ыдырыс 
Ноғайбаевтың.  Болат  Жандарбековтың,  Асқар  Сүлейменовтың,  Қалтай  Мұхамеджановтың, 

187 
 
Камал  Смайловтың  қай  жылы  қай,  қай  күні  қайтыс  болғанын  білесіз  бе?  Жобамен  жылын 
білетін боларсыз. Бəлкім, мүлде білмессіз... Мен мұның бəрін бір ғана кітаптан біліп алдым. 
Кітаптың аты – «Менің жанрым – күнделік». Кітаптың авторы – Асанəлі Əшімов. Бұл жинақ 
көркем шежіре. 
Күнделік те, хат та əдебиет жанры. Талай жыл мұрағаттарда жатқан хаттарға бір күні тіл 
бітеді.  Олар  баспасөз  арқылы  бүгінгі  ұрпаққа  тіл  қатады.  Қазіргі  баспасөзде  хаттар  мен 
күнделіктер өшіп барады. Қазір адамдар хат жазбайды. Жазушылардың да кімге, қандай хат 
жазып  жүргендері  белгісіз.  «Қазақ  əдебиеті»  газеті  2000-жылдардағы  дəстүрді  жаңғыртып, 
ақын-жазушылардың хаттарын оқырмандарға ұсынса екен деген тілек бар. 
Ұлы тұлғалардың өмірін, ойларын, сағынышын сезіну де бір ғанибет екен... 
 
 
Сəрсенбай
  Ж.А
ҚазҰУ  қызметкері 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет