Сборник материалов международной научно-практической конференции



бет13/16
Дата29.01.2018
өлшемі3,5 Mb.
#35988
түріСборник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Әдебиет

1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – 17 қаңтар. – 2014.

3. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген.

4. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітілген.

5. Қазақстан жоғары оқу орындарында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. – Алматы. – 2015.

УДК94(574)

Славомир Горак, Ph.D., проф. Университета Карлов, Чешская Республика, г. Прага
ИНТЕГРАЦИОННЫЕ ПРОЦЕССЫ В ПОСТСОВЕТСКИХ СТРАНАХ ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ ГЛАЗАМИ ЗАРУБЕЖНЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ
Автор статьи рассматривает такой важный вопрос, как роль интеграционных инициатив Республики Казахстан в обеспечении безопасности в Центрально-Азиатском регионе. Он анализирует позитивные и негативные факторы, влияющие на интеграционные процессы в регионе.

Мақаланың авторы Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы интеграциялық бастамалардың Қазақстан Республикасындағы қаупсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қарастырылады. Бұл аймақтағы интеграциялық үдерістерге позитивті және теріс факторлардың ықпалы қарастырылған.

The author considers such an important issue as part of the integration initiatives of Kazakhstan in ensuring security in the Central Asian region. It analyzes the positive and negative factors affecting the integration processes in the region.

Казахстан занимает важное место в Центральноазиатском регионе, из всех стран Центральной Азии. Эта страна  наиболее  подготовлена к тому, чтобы  войти в  процесс политического и экономического интегрирования мирового сообщества. Это обусловлено рядом факторов, среди которых особую роль играют географическое положение страны, наличие богатых природных ресурсов, высокие темпы экономического роста. Однако в современном  мире ни одна страна, в том числе и Казахстан,  не может развиваться вне контекста глобализации, которая  бросает вызов национальным экономикам на  их устойчивость.   В силу различных факторов, сегодня  Центральноазитские страны находятся не в лучших условиях в рамках глобальной конкуренции. Становится  очевидным, что ответом на вызовы глобализации может стать региональная интеграция стран Центральной Азии.

Реальное экономическое взаимодействие в Центральноазиатском регионе не представляется возможным без обеспечения военно-политической безопасности. В условиях глобализации  уровень  угроз   настолько велик, что справиться с ними в одиночку немыслимо. Поэтому национальная безопасность Казахстана тесно увязывается с безопасностью Центральной Азии и Евразии в целом. Как отмечает М.Т. Лаумулин, после событий 11 сентября 2001 г. Центральная Азия оказалась напрямую вовлеченной в мировую геополитику. С этого времени проблемы безопасности РК и в целом Центральной Азии получают новое, геополитическое качество [1, с. 3]. Учитывая, что Казахстану сложно превратиться в  полноценного и равноправного субъекта  геостратегии в одиночку, актуальным становится создание регионального геополитического блока  Центральной Азии в качестве активного участника геополитики.

Центральноазиатский регион стал зоной столкновения геополитических интересов крупнейших мировых игроков. Поэтому важным является вопрос о выработке единой региональной позиции по  проблемам  взаимоотношений с государствами, чьи интересы пересекаются в Центральной Азии. Представляется, что в рамках  геополитического блока решать подобные задачи было бы проще.       

Интеграционная практика, накопленная в мире, актуализирует для стран СНГ вопрос изучения и адаптации имеющегося опыта к региональным условиям. Особенности интеграционных процессов в регионе Содружества связаны с общностью исторических, культурных, социально-политических, экономических основ государственности новых независимых стран. Поскольку рассматривается тема интеграции постсоветских государств Центральной Азии в связи с урегулированием политических конфликтов, следует рассмотреть значение понятия «интеграция» [2, с. 89].

В постсоветский период в Центральной Азии предпринимались многочисленные попытки интеграции государств региона на политической, экономической, военной основе. Особую активность по интеграции государств Центральной Азии проявляет Казахстан и его лидер Н. Назарбаев. Заслуги главы Казахстана положительно оцениваются и в странах СНГ. По этому поводу, первый заместитель Председателя Исполнительного комитета – Исполнительного секретаря СНГ Владимир Гаркун, подчеркнул «большую роль Президента Республики Казахстан в практической реализации принципа многоуровневой и разноскоростной интеграции, создании на пространстве СНГ целого ряда интеграционных объединений: ЕврАзЭС, ОДКБ, Таможенного союза, Единого экономического пространства, а также намеченном формировании Евразийского экономического союза» [3, с. 61]. Выступая 29 сентября 1999 года на международной встрече деятелей культуры и науки Казахстана, Кыргызстана, Таджикистана и Узбекистана, Президент Казахстана Н.А. Назарбаев, подчеркивая важность создания единого геополитического и геоэкономического пространства в Центральной Азии, отметил: «Наша стратегическая экономическая цель – это формирование единого экономического пространства, единой торгово-таможенной зоны, единого валютного пространства и единой экономической стратегии». В Послании от 18 февраля 2004 года он призвал создать «Союз Центральноазиатских государств, где подписанные договоры о вечной дружбе между Казахстаном, Узбекистаном и Кыргызстаном могут служить прочной базой для такого объединения» [3, с. 89]. Здесь уместно привести следующие слова Н.А. Назарбаева: «сейчас перед нами выбор: оставаться вечным сырьевым придатком мировой экономики, ждать прихода следующей империи или пойти на серьезную интеграцию Центрально-Азиатского региона» [4, с. 48]. Если разбить высказывание Главы Казахстана на смысловые части, то видно, что в первой его части находится экономический фактор, а во второй политический, т.е. фактор обеспечения безопасности. Таким образом, очевидно, что обеспечение экономического развития неразрывно связано с обеспечением безопасности. Поскольку в условиях глобализации ни одно государство не в состоянии самостоятельно обеспечить свою национальную безопасность, важным становится создание системы региональной безопасности. Центральная Азия характеризуется наличием нескольких пересекающихся друг с другом региональных организаций по обеспечению безопасности завязанных с великими державами и составляет отдельный комплекс безопасности.

Прежде всего, это касается двух ведущих го­сударств Центральной Азии – Казахстана и Узбе­кистана. Казахстан в настоящее время является центром процессов регионализации, особенно в рамках инвестиционной модели, значительно опе­режая Узбекистан. С точки зрения формальных институтов, Казахстан исторически реализовывал более последовательную модель либеральных реформ и высокой открытости для иностранных инвесторов. Узбекистан отказался от проведения широкомасштабных реформ, сохранив значитель­ные масштабы государственного сектора и интер­венций в экономику. Если до 1996 г. результаты экономического развития Узбекистана значитель­но превосходили Казахстан, породив так называе­мое «узбекское чудо», то с 2000 г. Казахстан оста­ется лидером роста в регионе.

Казахстан – центр регионализации. По мне­нию экспертов, регионализация на постсоветском пространстве в силу сравнительных размеров постсоветских экономик носит асимметричный характер, где доминирующую роли играет Рос­сия. Они же отмечают, что на постсоветском про­странстве постепенно формируется второй центр регионализации – Казахстан [2, с. 74].

Казахстан относится к т.н. middle states, отли­чающиеся богатыми природными ресурсами, бы­стрым продвижением экономических и политиче­ских, демократических реформ и эффективным вхождением в мировое сообщество [4, с. 126].

Инициативы президента Н. Назарбаева в поддержку интегра­ции на постсоветском пространстве позволили не только избежать опасности раскола бывших со­ветских республик на европейскую и азиатскую части, структурировать постсоветское простран­ство; но и заявить о независимом Казахстане как государстве, выступающем за мир, стабильность и безопасность в русле процессов глобализации и интеграции.


Литература

1. Барановский В.Г. Политическая интеграция в Западной Европе. Некоторые вопросы теории и практики. – М.: Наука, 1983.

2. Кушкумбаев С.К. Центральная Азия на путях интеграции: геополитика, этничность, безопасность. Алматы: Казахстан. – 2002.

3. Напольский Г. В Минске обсудили роль Нурсултана Назарбаева в интеграции //Аргументы.ру. [Электронный ресурс]. URL: http: //argumentiru. com/politics/2012/11/216791?type=all#fulltext (дата обращения 12.10.12).

4. Алшанов Р. Союз Центрально-азиатских государств, потенциал и перспективы развития // Казахстанская правда. – 6 мая. – 2005.

ӘОЖ 94+622.788.36+325.1] (574)



Сулейменова К.К., т.ғ.к., ҚазБСҚА (ХБҚ) ассоц. профессоры

ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕ ЭТНОМИГРАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақалада тәуелсіздік кезінде этномиграциялық үдерістердің тарихи аспектілерінің даму ерекшеліктері қарастырылған.

В статье рассмотрены особенности развития этномиграционных процессов в период суверенитета в историческом аспекте.

Features of the development of ethnic migration in the sovereignty period are considered in historical perspective in the given article.

Өзінің сан ғасырлық қайғы-қасіретке толы тарихында қазақ халқы тағдырдың талай тәлкегіне түсіп, көптеген оқиғаларды басынан кешірді. Сондай оқиғалардың қасіретті де қайғылысы қазақ жерлеріне әр түрлі халықтар мен ұлыстардың өкілдерін қоныстандырып, байырғы тұрғындарды ата қоныстарынан аластап, шөл, шөлейт аймақтарға ығыстыру еді. Әсіресе қазақ халқын дүрбелеңге түсіріп, берекесін кетірген патшалық Ресейдің орыс шаруаларын дархан далаға емін-еркін орналастыруы болды. Сулы, нулы жерінен айырылған қазақ озбыр отарлау саясатына жайбырақат қарап отыра алмады. Даланы дүрліктірген бірнеше ұлт-азаттық көтерілістер етек алып, тәуелсіздікке ұмтылған халық елінің, жерінің еркіндігі үшін аянбай күресті. Әйтсе де Ресей империясының да кеңестік-большевиктік саяси басқарудың да отарлау, қоныс аудару саясаты тоқтаусыз жүргізіліп, қазақ даласы әр алуан халықтардың өкілдері бас қосқан аймаққа айналды. Қазақстанның полиэтникалық жұртшылыққа айналуы субъективті және объективті факторлар жиынтығымен, миграциялармен реттеліп, ХVIII ғасырдың басынан ХХ ғасырдың аяғына дейін келімсектер факторына байланысты болды [1].

Халықтың орналасуы теориясында миграциялық үрдістерінің маңызы орасан зор. Ол өзінің табиғи жаратылысынан өте күрделі, көптеген әлеуметтік – экономикалық құбылыстарымен тығыз байланысы бар, әр түрлі салдары бар демографиялық үрдіс. Миграциялық үрдістер көп факторлар күштеріне негізделіп, өндіріс қатынастарының жалпы жүйесінің дамуы деңгейінде шағылысып, өзі жағынан халықтың орналасуына ықпал етуі ықтимал. Қазақ халқының урбанизациялық дамудың алдынғы қатарына әлі де болса шыға алмай жатқаны анық. Алайда, жер шарын түгел қамтып жатқан осы ауқымды құбылыстың белді ортасына өлшем тұрғысынан келсек, әлі де болса селолық өмір салтымен жан –жақты дами түскені қажет-ақ. Содан кейін барып дамыған ауыл шаруашылығымен қалалық өмірді асықпай, салиқалы түрде меңгергені дұрыс және тиімді болар еді. Бірақ қазақ ұлтының қалаға шоғырлануының да өзіндік ерекшеліктері мол. Индустриализация кезеңінде жұмысшы тобын жасанды түрде құрамақшы болған (1928 – 1934 ж.ж.) «Аш ауылдан тоқ қалаға» қаратабан босқыншылық нәтижесін білеміз, қазақты ашаршылықта қалаға қуып тығу осы аз жыл ішінде қалалықтардың санын 6 есе көтерді. «Қалалықтарымыз» осылай ерен өскенде «далалықтарымыз» керісінше осы жылдары 2,5 есе күрт кемігені де ақиқат [2].

Бұл Голощекиндік геноцид салдарынан демографиялық дамуымыздың зардаптары деформацияға ұшырағанын білдіреді. Осы құбылыс өзінің жалғасын бұрынғы әкімшіл - әміршіл науқан қызу кезендегідей жасанды түрде болмаса да, соңғы ауыл шаруашылығының тоқырау кезеңінде де біршама үдей түскені байқалады. Жалпы алғанда 1959-1989 ж.ж. қаладағы қазақтар саны 4 есеге жуық өскен. Бұл қарқын қазір тіпті бәсеңдей қоймас. Осы қатты ойландыратын-ақ жағдай [3]. Өйткені, миграцияның бағыты бір жақты ғана болып жатыр. Ауылдағы өмір дәрежесінің төмендігінен қалаға деген ұмтылыс кеңінен тараған. Осындай ағымның арқасында халықтың арасында жаңа әлеуметтік топтар пайда болуы ықтимал. Халықтың селодан қалаға қоныс аударуы – өндірістік даму жолына түскен кез-келген қоғамға ортақ заңды құбылыс. Еліміздегі этнодемографиялық үрдістер қоғам дамуы үшін объективті қажеттілік. Қазақстанның жалпы, оның ішінде экономикасының қалыпты даму кезінде, әсіресе Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу қарсаңында әлемдік демографиялық және көші-қон үрдістері еліміздің экономикасына тікелей ықпал етті. Халықтың қоныстандыруын реттеу проблемасы біртіндеп халықаралық сипат алуда, Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы елдерде халықтың өсімі ұлғайып бара жатқанда, бұл жағдай елімізді демографиялық қысымға алуы мүмкін, оған халықтың саны жағынан аздығы мен экономикадағы жағымды даму үрдістері септесуі ықтимал. Сондықтан одан бірқатар әлеуметтік-экономикалық және мәдени-тұрмыстық ауқымды проблемалар туындайды. Қалалардың өзі және ондағы тұрғындар саны жедел қарқынмен өсуінің өзіндік себептері бар. Ірі қалада орналасқан өндіріс орындарының еңбек өнімділігі жоғары болады. Себебі жұмысшылардың кәсіби шеберліктеріне жоғары талаптар қойылады, сондықтан олар кәсіби шеберліктерін үнемі жоғарылатып, жетілдіріп отырады. Белгілі бір өндірістің ірі кәсіпорындарының бір жерде шоғырлануы әлеуметтік саланы дамытуда өзіндік үлесін қосуда. Ауруханалар, емханалар, бала бақшалары, мектептер, транспорт және толықтырылып отырған еңбек ресурстары бәрі де жеткілікті. Бұл жағымды факторлар, ал жағымсыз факторларға өндіргіш күштердің ірі мегаполисте шоғырлануы қоршаған ортаның табиғи жағдайын нашарлатады: біріншіден ауа, жер, су ластанады. Мегаполисте адам мен табиғат бір – бірінен алшақтай түседі, тіпті адамдардың өзара қатынасында салқындық айқын сезіледі [4].

Жұмыс орнынан үйге, үйден жұмысқа қатынастар тұрақтанып қалады. Қала үлкейген сайын қаланың ортасында орналасқан кәсіпорындарға жету, содан үйге қайтып оралу оңайға түспейді. Қалада қоғамдық транспорт пен байланыс тораптары жиіледі, үлкен көпқабатты үйлердің тығыз орналасуы, коммуналдық – тұрмыстық жүйелердің дамуы, үлкейген қаланың санитарлық және тазалық жағдайлары төмендейді. Ауасы, суы, топырағы біртіндеп бұзыла бастайды. Сондықтан бұл жағдайлар мұқият есепке алынуға тиіс. Әйтпесе шешілмеген мәселелер шиеленісіп, күрделі жағдайларға айналып, қоғамның кез – келген саласына өз зиянын тигізе бастайды. Егемен мемлекеттің саяси басқару институттарын қалыптастыру барысында республиканың көші-қон мәселелерімен айналысатын агенттігі құрылды. 1992 ж. маусым айында иммиграция, ал содан соң миграция туралы заңдар қабылданды. Осы заңдарға сәйкес миграциялық процестер күні бүгінге дейін жүргізіліп келеді.

ХХ ғасырдың 80-жылдары Қазақстандағы қоныс аудару бағыты Солтүстіктен, Шығыстан, Батыстан оңтүстікке қарай бағытталған болатын, себебі көбі тіршілік көзін тек астана мен астананың төңірегінде көрді. Ал ғасырдың соңғы онжылдығында көшбасы керісінше жоғарыда аталған аймақтарға бағытталды. Өйткені мемлекеттегі саяси, экономикалық, қоныстану бағытындағы жүргізілген жаңашылдарға байланысты өзгерістер басталды. Ішкі миграцияның жоғары қарқыны 1991-1992 ж.ж. аралығында басталды [5]. Сол кезеңде ірі мегаполиске ұмтылған мигранттар қала төңірегіндегі бос қалған жерлерді иемденіп алды. Мүмкіндіктеріне қарай, қолда бар құрылыс материалдарынан соғып алған лашықтарын тұрғын үйге айналдырып, олардың заңдастырылмаған, құжаттарсыз бой көтерген саман үйлер келешекте үлкен бір әлеуметтік дағдарысқа жеткізілетінін ешкімді де ойландырмады. Ауылдан қалаға қоныс аударуы, яғни ішкі миграция ол үнемі шешімін қажет ететін өзекті мәселенің бірі. Бірақ өркениетті елдерде кенттену үрдістері ұзақ уақыт жүргізіліп, тіпті жылдар емес ғасырларға созылған. Осы уақытта ауыл тұрғындары ешқандай қиындықсыз, күнделікті күйбең тіршіліктерін атқарып, қиындықсыз қала өміріне біртіндеп үйренісіп, сіңісті. Ал жедел қарқынмен, жалпы қарқында жүргізілген, кенеттен қанат жайып, бүкіл тұрғын халықты мигранттарға айналдыру үрдіс, әрине қиындықсыз, шығынсыз жүргізілмейді. Сондықтан ішкі қақтығыстарды болдырмау үшін, ішкі мигранттардың қалаға бағыт алғанын тоқтату үшін ауылды жерлердің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын жедел жақсарту қажет. Сонда ғана ауыл тұрғындары жылы орындарын суытып, қалаға ұмтылу легін тоқтатуы ықтимал. Әрине бұл өзекті мәселелерді жергілікті билік атқарушы органдар өз құзырында шеше алмайды, ол үшін мемлекет тарапынан арнайы бағдарлама қабылданып, заң күшіне енгізілуі керек. Осылай болса, тек заң жүзімен шектелмей, халықтың ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрмыс деңгейін, жұмыспен қамтамасыз етілуі, өзге де әлеуметтік – мәдени талаптардың орындалуына қол жеткізуіне, кімде-кім қиындығы мол, күрделі, өзіне жат ірі мегаполиске көш басын бағыттау алдында асықпай ойланар еді


Әдебиет

1. Тынышпаев М. История казахского народа. – А. – 1993. – С.29.

2. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980). – А. – 1991. – С. 95.

3. Тәтімов М. Ұлттық урбанизациямыздың ұтымды үрдістері. – А. – 1993. – 102 б.

4. Проблемы труда и народонаселения в Казахстане // Сб. Статей. – А. – 1970. – Вып. I – С. 175

5. Қинаятұлы З. Көш – ол ұлт өміріндегі құбылыс // Егемен Қазақстан. – наурыз 22. – 2001.


ӘОЖ: 37.017.4:94 (574)

Тәшімбаева Күлзат, Жеңістің 30 ж-ғы атты орта мектептің мұғалімі, Тараз қ.

Тәшімбай Салтанат, ф.ғ.к., ҚазБСҚА (ХБК) ассоц. профессоры

САҚ-ҒҰН БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ

ТӘРБИЕ САҒАТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мақалада оқушылардың тәрбиелік дағдыларын көркем поэзия арқылыжетілдіру қарастырылады.

В данной статье рассматриваются пути и методы усовершенствования навыков воспитательной работы.

The article deals with ways and methods of skills improvement of pedagogical work.
Қазақстан тәуелсіз елге айналып өз тарихын тереңдете танып-білуге зор ықылас танытуда. Қазақ әдебиеті мен тарихына тың деректер негізінде тарихи оқиғалар мен сол дәуірде жазылған дастан, жырларды тарихтың зерттелінбей қалған беттерін қайта қарап, зерттеу жұмыстарын толықтырып жатыр.

Қазіргі жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, патриотизм сезімін қалыптастыруға тарихи тұлғалардың ерліктері, батырлығы белгілі бір дәрежеде ықпал етеді деп ойлаймыз. Сол себепті тарих пәні бойынша тәрбиелік сағатты осы тарихи оқиғалардың кейіпкерлеріне арнап отырмыз. Оқушыларға алдын ала тарихи тұлғалардың бейнелік образын толық ашу мақсатында тарихи дастандарды оқуға кеңес беріледі.



Мақсаты: Батыс пен Шығыс ғұламаларының, сонымен қатар қазақ тарихын, әдебиетін, тілін тарихи және теориялық тұрғыдан зерттеуші ғалымдардың ғылыми тұжырымдары мен сараптамалары негізінде ежелгі түркілердің арғы ататегі саналатын сақтар мен ғұндардың ерлік дастандарындағы ержүрек әміршілердің, батырлардың, атап айтсақ сақтар елінің патшасы – Тұмар, Шырақ батырдың ерлігі, Алып Ер Тоңға, Шу батырдыңерліктері, ақыл-парасаты, қайсарлығы, батылдығы арқылы оқушылардың патриоттық сезімін дамыту.

Қолданылған деректер: Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының материалдары, Геродоттың «Тарих» атты көптомдық кітабы [1], Фирдоусидің «Шахнамасы», Түрік шежіресі[2], Н. Келімбетовтың «Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері»атты кітабы [3], Л. Гумилев «Көне түріктер» [4], Қазақстандық әдебиет және тарих ғалымдарының ғылыми зерттеу еңбектері және мақалалары т.б.

Пәндер байланысы: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, түркі халықтарының арғы тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін дастандар, тарихи деректер негізінде жырланған жыр-дастандар, аңыз-әңгімелер.Оқушыларды көркем шығарма оқуға баулу, сонымен қатар жас ұрпаққа рухани мұраны кеңінен таныстыру да көзделеді.

Тәрбиелік мәні: Зерттеушілер, саяхатшылар өз жазбаларында сақтарды нағыз ержүрек, батыр, әрі мейлінше әділ жандар деп суреттейді. Тағы бір деректерде сақтардың жаны таза, адал, ешкімге қиянаты жоқ, өздерінің байырғы әдет-ғұрпын қатал ұстап, ұдайы көшіп-қонып жүретін жауынгер халық деп көрсетеді. Сонымен қатар ғұламалар сақтардың байлыққа, дүние-мүлікке онша қызықпайтынын, қарапайым өмір сүретінін жазады. Оқушыларға ежелгі түркілердің арғы тегі саналатын сақтардың бойындағы осындай асыл қасиеттерін сіңірту.

Тарихи деректер: Алдымен оқушыларды сақ пен ғұн туралы тарихи мәліметпен таныстырылады.

Сақтар қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықта мекендеген, оларды ежелгі тайпаларды көне грек тарихшылары «скифтер»десе, ал парсылар «сақ», «сақа», «саға» деп атаған. Ал ғұндарды әр замандарда, әр елдер әр түрлі атағанын тарих беттерінен байқауға болады: қытайлар – ху, сюңгу, гректер хойvol, латын тілінде сөйлейтіндер – hunni, Батыс елдері – huns, орыстар – хунну, түркі халықтары – күн, хұн, ғұн. Кейінгі кезде «ғұндар» «түркілер» деп аталып жүр. Беретін ұғымы «күшті», «сұңғақ бойлы», «салт атты жауынгер».



Сақтардың қаһармандық дастандары.Бізге дейін жеткен сақтардың ерлік тарихын, салт-санасын, дүниетанымын бейнелейтін тарихи-қаһармандық дастан – «Томирис». Бұл дастанның сюжеті Геродоттың «Тарих» атты көптомдық еңбегінен белгілі.

Дастан сюжетіне сүйенсек, соғыс өнерін жетік меңгерген қолбасшы Томиристің адам қанын текке төкпеу мақсатында сақтар еліне шабуыл жасауға бекінген Кирге хат жазуы, соғысты болдырмау жөніндегі ұсыныстары, Тұмардың ақыл-парасатын, өз еліне қамқор басшы болғанын айқындай түседі.

Сақтардың жеріне басқа елдің патшалары көз тігуін тоқтатпаған. Парсы елінің патшасы қалың қолмен сақтардың еліне келе жатқанын аңғарған Шырақ өз елінің қауіпсіздігі үшін басын қатерге тігеді. Елін, жерін жаудан аман алып қалуды ойлаған Шырақ сақ әміршілері Омарг, Саксфар, Оамаристің кеңесінің үстінен түсіп, сақ патшасына қантөгіссіз парсы әскерін айламен жеңу туралы ойын жеткізеді. Патша келісімін береді. Туған жерінің ой-қырын бес саусағындай білетін жылқышы жігіт парсы әскерлерін жеті күн, жеті түн бойы адастырып, шексіз құм басып жатқан жерге апарып тастайды. Суы жоқ, тек қиыршық құмның арасында парсы әскерлері айтарлықтай шығынға ұшырайды. Алданғанын білген Дарий патша ызалы еді. Шырақ батыр парсының әскербасы Ранасбаттың қылышының құрбаны болады. Өз ойының толық орындалғанын көрген Шырақ Отан үшін жанын пида еткеніне, сақтардың жеңіске жеткеніне шексіз қуанышты еді.

Алып Ер Тоңға Тұран елінің билеушісі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры. Алып Ер Тоңға Тұран мен Иран елдері арасында болған соғыстарда Тұран әскерін басқарып, өз еліне талай рет жеңіс сыйлаған.Тұран елінің сұлу қыздарын, асыл бұйымдарын, мал-мүлкін, егін алқабын жаудан қорғаған батыр бейнесі тарихи дастанда көркем суреттелген.

Шу батыр сақтар еліне қалың қолды бастап келе жатқан Ескендірдің әскерімен тау бөктеріндегі кең жазира жазықта қанды майданда шайқасады. Зерттеушілер Шу батыр туралы дастанда оның үлкен бір іске кірісер алдында елдің батырларын, бектерін, шақырып алып, оларға қарата үндеу сөз айтатынын прозалық баяндауы арқылы жеткізген.

Ғұндардың батырлық жырлары. Аттила өзара үнемі соғысып жататын тайпалардың басын біріктіруші, Еуропада бейбіт өмір орнатушы, Рим империясында құлдық қауымды құлатып, сан мыңдаған адамды құлдықтан құтқарушы. Өз халқына қатыгездік жасаған әміршілерді қатал жазалаушы ретінде белгілі. Осы мінезіне қарай ол халық арасында «құдайдың қамшысы» деген атқа ие болған.

Қорытынды: Тарихшылардың жазбаларында қандай да бір екі елдің арасында болған қатыгез, аяусыз, адам көп құрбан әрбір соғыс, шайқас жантүршігерлікпен сипатталады. Ұрыс даласындағы қақтығысқан найзалар, қарша жауған жебелер, сарт-сұрт еткен қылыштар жауынгерлердің қанын судай ағызған. Өліктер тау-тау болып үйілген, өзен-сулар қызыл қанға бөккен.

Тарихи кейіпкерлердің бірі жеңген ел үшін қайсар, ержүрек, батыр болып бағаланса, жеңілген халық үшін немесе сырттан бақылаған, оқиғаға жеке пікірін білдіргендер үшін қанқұмар, жауыз, айлакер, жаулаушы ретінде сыналған. Мысалы, Алып Ер Тоңға – Тұран елі үшін ұнамды кейіпкер болса, Ал қарсылас Иран үшін жау, басқыншы патша екені айтылады. Тарихшылардың басым көпшілігі ұлы қолбасшылардың бірін қанішер, өз ғұмырын соғыс майданында өткізген, жаулаушы ретінде қарастырған. Дегенменде ұлы қолбасшылардың соғыс өнерін жетілдіруге қосқан үлесін де айтып отырады.

Сақ пен ғұн дәуіріндеел басқарған патша, бектердің білімділігі, парасаттылығы, зеректігі, өз халқына қамқоршы, әділ болғаны, түркі жұртын ынтымақ-бірлікке шақыруы, батырлардың елін сыртқы жаудан қорғауы, қыздарын күңдіктен, ұлдарын құлдықтан құтқаруы, елін-жерін тыныштықта сақтауы, көршілес елдермен тату тұруы тектіліктің белгісі деп білеміз. Осындай дарынды ұлы қолбасшыдың, түркі бектерінің бойындағы адамгершілік қасиеттері бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай деп ойлаймыз.

Сақтардың ерлік тарихын бейнелейтін тарихи жыр-дастандардан сақтардың ұлы билеушілерінің ақыл-ойы, күш-қуаты, ерлігі мен қарапайымдылығы, ғұндардың сертке беріктігі, т.б. қазіргі өскелең ұрпақтың елін қорғауға, туған жерін аялауға, Отанын сүюге, қаһарман болуға ынталандыратынасыл қасиеттер болуы әбден ықтимал.

Тәрбиелік сағаттың негізгі мақсаты мыналар деп білеміз: оқушылардың оқып-үйрену дағдыларынтарих пен ежелгі қазақ әдебиетін ұштастыру арқылы қазақтардың ежелден қалыптасып, өсіп, дамып келе жатқан өзіндік материалдық және рухани мәдениеті арқылы жан-жақты дамыту. Көшпелілердің рухани мұрасын көздің қарашығындай сақтау. Жеке тұлғалардың түркі поэзиясы арқылы этикалық, эстетикалық түсінігін тереңдету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет