Сборник международной научно-практической



Pdf көрінісі
бет5/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019
8 РУССКИЙ ЯЗЫК (обновленка КСП)
 
Кіріспе 
Құстың МПВ инфекциясы жоғары тыныс алу жолдарының, ифраорбиталды 
синустардың қабыну үрдістерімен, тыныс алудың қиындауымен, түшкірумен, сырылдармен, 
мұрыннан сұйықтықтың ағуымен қатар жүреді. Аурудың қоздырушысы РНҚ- сы бар 
Paramyxoviridae тұқымдасына, Metapneumovirus туыстасына жатады. Бірнеше жылдар бойы 
құстың МПВ инфекциясының бір ғана серотипі ұсынылған, қазіргі кезде вирустың А,В,С,Д деп 
бөлінген төрт түрі ажыратылады[1,2]. Қазіргі уақытта құстың МПВ инфекциясы құс 
шаруашылығы дамыған көп елдерде кездеседі. Біздің елімізде де көңіл аударарлықтай елеулі 
мәселеге айналып отыр. 
Ньюкасл ауруы (Morbus Newcastle) – тыныс алу, ас қорыту және орталық нерв 
жүйесінің зақымдануымен сипатталатын құстардың жоғары контагиозды жіті өтетін вирустық 
ауруы. Табиғи жағдайда тауықтар, күркетауықтар, қырғауылдар, кей жағдайда көгершіндер, 
торғайлар және тағы басқа құстар зақымдалуы мүмкін. Ауру алиментарлы және аэрогенді 
жолдармен жұғады. Ауру көбінесе індет түрінде көрінеді, ауру 100%, өлім - 60-90% жетуі 
мүмкін. Инкубациялық кезең орта есеппен 15 күнді құрайды. Қоздырушысы – Newcastle disease 
paramyxovirus, парамиксті вирустар туыстастығына жататын РНҚ-лы вирус. Ньюкасл 
ауруының вирусы сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді. Мұздатылған түрде 2 жылға дейін, ал 
+56°С та 30 мин жойылады[4,5]. 
Құстардың жұқпалы бронхиті (Bronchitis infectiosa) – құстардың тыныс алу органдары 
мен репродуктивті ағзаларының зақымдалуымен және ұзақ уақыт бойы жұмыртқа 
өнімділігінің төмендеуімен сипатталатын жоғары контагиозды вирустық ауру. Қоздырушысы 
– Coronoviridae тұқымдастығына, Coronovirus туысына жататын РНҚ-лы вирус. Құс 
өлексесінде вирус тез инфекциялық белсенділігін жоғалтады, +56°С та 10 мин белсенділігін 
жояды, -25°С та бірнеше жылға (17жылға дейін) дейін сақталады[4]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет