Сборник международной научно-практической



Pdf көрінісі
бет384/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019
8 РУССКИЙ ЯЗЫК (обновленка КСП)
Ключевые слова: 
устойчивое развитие, Кыргызская Республика, зеленый транспорт, 
энергосбережение, зеленая промышленность. 
 
 
ӘОЖ 330.5.057.7 
 
Жарылқасын Ж.Қ. 
 
«Тұран» университеті, Алматы 
АГРАРЛЫҚ САЛА ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ 
 
Аңдатпа 
Мақалада Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі аграрлық сала 
өндірісінің негізгі мәселелері қарастырылады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуын, әсіресе ауыл шаруашылығының өндірісінің тиімділігін арттыру 
көзделген. Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, ауыл 
шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз 
етуге бағытталған шаралар жиынтығы қамтылады. Сондай-ақ, аграрлық өндірісті дамыту 
үшін нақты шаралар кешенін қалыптастыру ұсынылады. 
Кілт сөздер:
аграрлық сектор, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешен, бәсекеге, мемлекеттік 
реттеу, экономикалық даму.


296 
Кіріспе 
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі және 
қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып 
табылады. Сондықтан да аграрлық сектордың дамуы мемлекет үшiн экономикалық және ең 
бастысы әлеуметтiк негізде стратегиялық жағынан маңызды. 
Қазіргі 
экономика 
жағдайында 
Қазақстан 
Республикасының 
әлеуметтік-
экономикалық дамуын нығайту үдерісі өндірістің, әсіресе ауыл шаруашылығының 
тиімділігін тұрақты әрі бекем арттыру үшін шаруашылық жүйенің түбегейлі қайта 
құрылуын талап етеді. Экономиканы қайта құру кезінде бірқатар мәселелер туындады. 
Әсіресе Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін анықтайтын аса маңызды стратегиялық 
қызмет саласы ретінде агроөнеркәсіп өндірісінің тиімділігін арттыруға елеулі назар 
аударылды [1]. 
Қазіргі уақытта агроөнеркәсіп кәсіпорындары шаруашылық механизмнің 
жетілмеуінен, коммерциялық ақпараттың жеткіліксіздігінен, сыртқы орта факторларының 
(тұтынушылардың іс- әрекеті, нарықтық конъюнктураның өзгеруі, жаңа тауарлардың пайда 
болуы т.б.) әлсіз талдануынан және нарықта жұмыс істеу тәжірибесінің жоқтығынан 
тұрақсыз шарттарда әрекет етуде. Сондықтан ауыл шаруашылық өнімін тұтынушыға дейін 
тиімді жеткізуге бағытталған ғылыми зерттеулер өзекті мәселелердің бірі болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет