Сборник международной научно-практической


Зерттеу материалдары мен әдісі



Pdf көрінісі
бет385/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019
8 РУССКИЙ ЯЗЫК (обновленка КСП)
Зерттеу материалдары мен әдісі 
Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған «Агробизнес — 2020» мемлекеттік 
бағдарламасы отандық ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін және азық-
түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығын қамтиды [2]. Бірақ 
саладағы еңбек өнімділігінің төмен деңгейі, қолданылатын технологиялардың жетілмеуі, 
ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақтығы оны кең көлемде дамуға мүмкіндік бермей отыр. 
Ол үшін ауыл шаруашылығы қолда бар материалдық, еңбек және басқа да ресурстарды 
экологиялық талаптарға сәйкес толығымен қолдануды қамтамасыз ету керек. Қазіргі 
жағдайда экономиканың аграрлық секторындағы экономикалық агенттердің мүдделерін 
үйлестіру, көбінесе оларды нарықтық және мемлекеттік реттеу нысандарын пайдалана 
отырып жүзеге асырылатын ынталандыру арқылы қол жеткізіледі. Мемлекеттің ауыл 
шаруашылығын реттеу әдістері экономикалық тепе-теңдікті сақтаудан, ауыл 
шаруашылығы өндірісін өндіруден және қайта өңдеуден, сонымен қатар шикізат пен азық-
түліктің объективті қажеттілігінен туындаған. Өйткені ауыл шаруашылық өнімдері кез 
келген мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін қамтамасыз етуге 
бағытталған.
Экономикада ауыл шаруашылық секторды мемлекеттік реттеу жұмыстарын 
қалыптастыру әр түрлі кезеңдер бойынша жүргізіледі. Ең алғашқы қадам бұл мемлекеттің 
қандай күрделі кезеңдерде болсын, сонымен қатар қаржылық дағдарыс кезінде ауыл 
шаруашылық секторына деген қарым-қатынасын анықтау. Аграрлық сектор саласында 
мемлекет тарапынан қолданылатын шараларға экономикалық агенттер арқылы сараптама 
жасау. Алға қойылған мақсаттар арқылы ауыл шаруашылығының даму қажеттілігі 
анықталады, ал бюджеттік мүмкіншіліктер арқылы мемлекеттік реттеу құралдарының тізімі 
бекітіледі. Аграрлық сектор саласын қалыптастыру барысында негізінен тиімді 
аймақтардың ғылыми жүйесі зерделенеді, яғни қолданыстағы құралдардан әсер алу 
элементтерін айқындау керек: ауыл шаруашылық салалары, ауыл шаруашылық саласын 
өндірістік қамтамасыз ету, өнеркәсіп саласын жетілдіру, ауыл шаруашылық тауарларын 
жеткізу және сақтау орындарын қарастыру, тауарларды соңғы тұтынушыға дейін жеткізу 
[3]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет