Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет131/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
Әдебиеттер 
1.Степаненков Н.К. Создание проекта «Школа, содействующаю здоровью: рекомендации 
администратору»//Школа здоровья, 2017. - №32. – С.73. 
2. Иванов Г.Д. Концепция формирования здорового образа жизни школьников.-Алматы, 
2015.- 28 с. 
3.Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жұмысты белсенді ету // Валеология, 
2006. №2. 2 б. 
4. Имангалиев А.С. Педагогическая валеология.-Алматы: Алем, 2011.- 109 с. 
ӘОЖ 331,54:159,9 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ 
АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ 
Шегенбаев С.А.
-
магистрант
 
ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан 
Құрбанбекова З.М.-
магистрант
 
ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан 
Шегенбаев Н.Б.
– философия докторы (PhD),ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан
 
 
Резюме

Бұл мақалада психологиялық процестерді дене шынықтыру арқылы дамытудың 
әдістемесі қарастырылған.
 
 
Summary
 
In this article,a methodology for developing psychological processes through physical culture 
is considered.
 
Психика адамның іс-әрекеттерінде, айтылған ойының мазмұнында, 
қимылдарында 
сырттай 
көрініс 
табатын 
немесе 
ойының, 
ниетінің, 
мазасыздануының қозғалысы ретінде іштей жүретін рухани әлемін құрайды. Дене 
тәрбиесі — дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген, моральдық 
жағынан табанды жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын 
нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмірін 
ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс. Кез-келген әдістемелік жиынтық 
ұғымдары денетәрбиесінде өзіндік орын алады. Көптеген дене тәрбиесі әдістері 
психологиялық процестер әдістемесінде біржақты шешімдерді қабылдап,оның 
әдістемелік тиімділігін анықтайды.
Дене тәрбиесінің тәжірибесі қаншама көп болғанымен, оның бәрі жан-


354 
жақты пайдаланыла бермейді. Сондықтан олардың сипаттамаларын білу, біздің 
дұрыс бағыт алуымызға, әр түрлі міндеттерді орындауға тиімді әдістерді 
таңдауымызға көмектеседі. Әр түрлі жаттығулар тобымен әрқилы жағдайда, 
белгілі бір міндеттер орындау үшін қолданылатын дене тәрбиесі 
жаттығуларының тәсілін әдіс дейміз. Әрбір әдіс өзінің құрамына кіретін 
әдістемелік әдістердің көмегімен жүзеге асырылады. Мысалы, көрсету 
әдісінің орындалу тәсілдері: жаттығуларды айна тәсілімен көрсету, керекті 
қарқында немесе баяу қарқында көрсету, т. б. Нақтылы үйрету міндетіне 
сәйкес іске асыратын әдіс жолын әдістемелік әдіс дейміз. Әдістемелік тәсілдер 
көп. Олардың бірі ескіріп, жоғалып жатса, екіншісі өзгеріп, ал келесі біреулері 
мұғалімнің ізденісімен өмірге келіп жатады.
Әдістеме деп дене тәрбиесі процесінде белгілі бір нәтижеге жету жолына 
бағытталған амалдар мен әдістер жүйесін айтады. Дене белсенділігі адамды 
үйлестірудің, оның дене дамуының, денсаулығын нығайтудың, қозғалыс 
қабілеттері мен дағдыларын меңгертудің, осыларға сай қажеттілікті 
қанағаттандырудың факторы болып табылады.
Дене тәрбиесі білімінің негізгі мақсатын анықтау үшін белсенді жұмыс 
атқарылу, оны қозғалыс сапаларының дамуы, енді біреулері білім міндеттерін 
шешу құралы деп анықтайды. Үшіншілері, оқушыларды спорттың бір 
түрімен дамыту және сауықтыру деп ұсынса, төртіншілері, «еңбасты 
мақсат—бұлсауықтыру»деп таныды. Ақырында, авторлардың бірқатары басты 
мақсаты жеке тұлғаның жан-жақты дамуын физикалық жетілдіру үдерісімен 
бірлестіруден деп есептейді
[1,32б]

Денетәрбиесі—тәрбие жүйесінің негізгі бір саласы. Дене тәрбиесі адамның 
денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл-ойын арттырды. Дене тәрбиесі 
ертеде Грецияда, Римде едәуір дамыған. Сол кезде Францияда Ф. Рабле, 
М.Монтель дене тәрбиесін ақыл-ой, біліммен бірге қарау керек екенін 
насихаттады. Чехтың ұлы педагогы Я. А. Коменский «Ұлы дидактика», «Ана 
мектебі» деген еңбектерінде балалар гигиенасы, денсаулығы, тамақ режимі 
мәселелеріне, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мән 
беріп, дене тәрбиесі балалардың жас кезінен-ақ басталуы қажет екенін 
дәлелдеп, оны педагогикалық процестің аса маңызды бөлігі деп қарады. 
Орыстың 
алдыңғы 
қатарлы 
педагогтары 
мен 
қоғам 
қайраткерлері 
В.Г.Чернышевский, Н. А. Добролюбов, В. Г. Белинский балалардың дене 
тәрбиесіне үлкен мән берген. Ұлы педагог К.Д.Ушинский дене тәрбиесін еңбекпен 
байланыстыра қарады. Ол адамның ақыл-ойымен көзқарасының, күш- жігерінің 
қалыптасып дамуына еңбектің маңызын атап көрсеткен. Орыстың атақты 
анатом.-педагогы П.Ф.Лесгафт дене тәрбиесінің жаңа жүйесін құрды. Ол 
балалардың түйсігі мен ойлау қабілетін дамытуда дене тәрбиесінің зор маңызы 
бар деп көрсетті
[2,63б]
. XIX-XX ғасырларда көптеген елде спорт түрлері дене 
тәрбиесі ретінде кеңінен өріс алып дамыды. Дене тәрбиесінің негізгі саласы — 
гимнастика, спорт және туризм. Бұлар сабақ ретінде және мектептен тыс 
жұмыс ретінде де жүргізіледі. 


355 
М. Жұмабаев дене тәрбиесінің адам психологиясымен байланы- сын 
көрсете отырып, ғылыми тұжырым жасаған. Ол: «Дене—жанға, жан-денеге 
байлаулы. Бірінің біреуінсіз күні қараң. Өзімізге мәлім:де- неміз сау болса, 
жанымыздың ісі де сау, жақсы болады, яғни ақылымыз түзу, сезіміміз дұрыс, 
қайратымыз берік болады. Егерде денеміз ауру болса: яки жұмыс қылып 
шаршаса, жанымыз да ауру, жанымыз да шаршайды, басқа ауру, мидың ауруы 
жан ісіне жаман әсер қылады. Нашар ауа басты айналдырып, қанды дұрыс 
жүргізбей, денеге әсер қылады да, жанға барып қол салады, яғни жанның ісі 
шабандайды, бұзылады, ой күнгірт тартады, сезім тоза бастайды, қайрат 
жосиды»,деп жазады .
Дене тәрбиесі жүйесі — әлеуметтік-экономикалық, заңдылық пен ғылыми 
әдістемелік, 
нормативтік 
бағдарлама 
негіздерінің 
жиынтығы 
және 
республикада дене тәрбиесі мәселесін үйлестіріп отыратын әрі басшылық 
ететін ұйымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты — 
күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық 
жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар 
тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделеді:1.Білім 
беру міндеттері-қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі 
көлемінде арнайы білім беру. 2. Сауықтыру міндеттері — дене тәрбиесі 
жаттығулары көмегімен денсаулықты күшейту. 3. Тәрбиелік міндеттер — 
адамгершілік-жігерлілік қасиеттерді қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік 
танымдарды үйренуге негізделген.
Дене тәрбиесінің құралдары — дене шынықтыру жаттығулары, 
табиғаттың сауықтыру күштері және гигиеналық факторлар.
Дененің спорттық жаттығу процесінде, шұғылданушыларға қорытындысында 
жеке тұлғалық тұрақты сипатына айналатын адамгершілік, өнегелілік, ерік-
жігер және психикалық сапаларын қалыптастыру бойынша елеулі әсер етеді. 
Бұл шұғылданушыларға оқу, еңбек, қоғамдық және басқада Отан а лдындағы 
әскери борыштарын өтеу сияқты қызмет түрлерінде, сол сияқты отбасы мен 
тұрмыста жоғарыда аталған сапаларын көрсетулеріне мүмкіндік жасайды. 
Мұндай сапаларға мыналар жатады: еңбек сүйгіштік, тәртіптілік өз еңбегінің 
нәтижелігіне деген жа- уапкершілік сезімі, күн режімімен өз қызметін жүйелі 
ұйымдастыруға ұмтылыс, батылдық және шешімділік, мақсатқа жетуге 
құштарлық, табандылық, шыдамдылық және өзін-өзі меңгере білу.
Дене мәдениеті жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиесі үшін шексіз 
мүмкіндіктер береді. Адам денесінің қозғалыс қимылындағы бар сұлулықты 
ұғынуы және қабылдай білуге, оның салалары мен формаларын жетілдіруге, 
дене, адамгершілік, ерік-жігер және психикалық сапаларын дамытуға 
тәрбиелейді.
Әсіресе 
сыртқы ортаның әртүрлі жағдайларына психологиялық 
физиологиялық орнықтылығын қалыптастыруда ерекше маңызға ие: назар 
аудару, қабылдай білу, зердеде сақтау сияқты қабілеттерін орнықты көрсете білу, 
сол сияқты олардың уақыт жетімсіздігі, ақыл,ой шаршауы, жүйке-сезімдік 


356 
күштену, стресс жағдайына бейімделу және көңіл тоқтата білу, дене мәдениеті 
жұмыс қабілеттілігін оптимизациялау, жүйке-сезімдік және психологиялық-
физиологиялық қажудың алдын-алып, сақтандыру үшін пайдаланылады; 
студенттердің оқу еңбегінің тиімділігін арттыру және одан әрі кәсіби еңбекке 
даярлау.
Дене тәрбиесінде саналы көзқарасты И. П. Павлов: «Адамның барлық іс- 
әрекеті дене тәрбие процесінде жоғары нерв қызметіне тәуелді болады», яғни 
ми және бұлшық еттер, буындардың қимыл- қозғалысы бір-бірімен тығыз 
байланыста. Ми қыртысынан түскен«бұйрық» арқылы дене мүшелері әртүрлі 
іс-әрекетті қимылдарды орындайды», — деп көрсеткен.
Сан түрлі ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері арқылы ақыл, ой 
еңбегімен дене жүктемелері арасын да өзара тығыз байланыстылық бар екені 
ерте кезден дәлелденген. Дене жаттығулары тіршілік процестерін басқаруды 
қамтамасыздандыратын өзіне тән реттегішке айналады. Сондықтан, дене 
жаттығуларын тек көңіл көтеру және демалыс деп қарамай денсаулықты және 
жұмыс қабілеттілігін сақтаудың барынша маңызды құралы ретінде қарастыру 
қажет
[3,25б]

Қозғалыс — адам ағзасының маңызды қызметі. Қаңқа бұлшық еттерінің 
саны арқасында адам орнынан қозғалады, жекелеген дене бөліктерін 
қозғалысқа келтіре алады. Ерекше тегіс, жұмыр, бұлшық ет түрінде бұлшық ет 
ұлпалары бар ішкі органдарыда тұрақты қозғалыста болады (ішектердің 
жиырылуы, артериалық қантамырларының тонусын сүйемелдеу, т. б.). Адамның 
барлық тіршілігінде қан тамырларындағы қанның қатынауын қамтамасыз етуде 
насос ретінде үзіліссіз қызмет атқаратын жүрек бұлшық еттерінің құрылысы 
күрделі.
Қозғалыс белсенділігі адамның эволюциялық дамуы кезінде, яғни 
онтогенез бен филогенезде ағзаның жекелеген органдары мен жүйелерінің 
морфологиялық дамуына елеулі әсер береді. Әрбір орган ағзада белгілі бір 
қызмет атқарады. Бұлшық ет қызметі бүтіндей ағзадағы әртүрлі органдар мен 
органдар жүйелері қызметтерінің өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді. Бұлар 
физиологияда оқытылады.
Адам физиологясының бөлімдерінің бірі, бұлшық ет қызметі барысында 
әртүрлі ағза жүйелеріндегі пайда болатын реакцияларды оқытып, зерттейтін 
жаттығулар мен спорт физиологиясы болып табылады. Көп қырлы тіршілік 
процесі, оның ішінде қозғалыс қызметінің қалай жүретінін білу, ұғыну үшін 
анатомияны, яғни ағза құрылысын білу керек.
. Денені үйлестікте жаттықтыру жоғары жүйке қызметінің бірқатар
көрсеткіштерінің сақталуын, оның ішінде екінші белгілік жүйенің қызметі 
тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Күнделікті бұлшықет қозғалысының 
жеткілікті мөлшерінің болмауынан мидың және сезім жүйелерінің 
функциональдық жағдайында жағымсыз және елеулі өзгерістер орыналады. 
Бастағы мидың жоғары бөліктерінің қызметіндегі өзгерістерімен қатар 
жұмысқа жауап беретін ми қабығы асты пайда болатын, мысалы сезім 


357 
мүшелері (есіту, тепе-теңдік, дем) немесе өмірде маңызды функцияларының 
(тыныс алу, қан айналу, ас қорыту) деңгейі төмендейді. Осылардың 
салдарынан ағзаның жалпы қорғаныс күшінің төмендеуі, әртүрлі аурулардың 
пайда болу қауіптілігі байқалады 
[4,96б]
.
Бұл жағдайға ең төменгі тұрақсыз көңіл-күйінің артуы, өзін-өзі ұстау 
қабілетінің төмендеуі, шыдамсыздық, ұйқының бұзылуы, ұзақ еңбекке немесе 
дененің күштенуіне қабілеттілігінің жоғалуы тән.Бұл белгілердің барлығы 
әртүрлі 
дәрежеде 
көрінуімүмкін.Сондықтанда 
жоғарыда 
айтылған 
мүмкіндіктер оның тиімді шешімдерін қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет