Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет130/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Қорытынды.
Дене тәрбиесі оқу барысының құрылымын, жалпы қабылданған 
дене жаттығуларымен қатар, сауықтырудың дәстүрлі емес құралдарын да 
пайдалана отырып, сапалық жаңа көзқарас тұрғысынан ұйымдастыру қажет. 
Мұндай құралдар спорт пен сауықтыруды белсенді түрде ұйымдастыруда 
пайдаланылады, бірақ, мектептегі дене тәрбиесінде тек енді ғана қолданыла 
бастады.
 
Дене шынықтыру және спортпен айналысу мақсатқа бағытталған және 
ұйымдастырылған сипатқа ие және әдетте ұжымда өтеді. Ұжымдағы бір-біріне 
көмек көрсету, бір-біріне талапшылдық, жоғары тәртіп, өз әрекеттерінде 
ұжымның мүдделерінен шыға білу, жоғары еңбексүйгіштік – осының барлығы 
дене шынықтыру-спорт жұмысының барысында сауықтыру кешендерінің 
аясында тәрбиеленеді. 
Әдебиеттер 
1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана, 2014 ж.
2. Әлімжанова Г. Ерғазиева К. «Салауатты өмір салтын ұстау» «Бастауыш мектеп» 2014, -
№2.-Б14. 
3. Дүйісова Ә. «XXI ғасыр салауатты қоғам ғасыры» «Биология және салауаттылық 
негіздері» 2013-№2.-Б 7. 
ӘОЖ 796.4
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТТЫ ДАМЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
КӨЗҚАРАСТАР 
Жусипова Г.Т.- 
б.ғ.к., ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан
 
Шегенбаев Н.Б.
– философия докторы (PhD), ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Рахым А.Е.-
магистрант
 
ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан
 
 
Резюме 
Здоровый образ жизни — это способ жизнедеятельности, направленный на сохранение и 
улучшение здоровья людей. Способствует здоровому образу жизни гигиенический режим 
труда и отдыха, а вот мешает такие вредные привычки, как курение, употребление 
алкоголя и наркотиков. 
 
Summary
A healthy lifestyle is a way of life aimed at preserving and improving people's health. Promotes a 
healthy lifestyle hygienic work and rest, but prevents such bad habits as Smoking, alcohol and drug 
use. 
Өскелең ұрпақтың денсаулығының бүгінгі таңдағы жағдайы еліміздің
тұрғындарының денсаулығы мен жарқын болашақтағы еңбек потенциалын 
дамытудың негізгі басымдылығын анықтайды. Айтылғандарға байланысты, 
балалар мен жеткіншектердің денсаулығына қамқорлық жасау мемлекеттің
алға қойған маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. 


349 
Жастар үшін ең алдымен ерекше фактор болып саналатындар олардың оқу-
тәрбиелік қызметтеріне байланысты. Соңғы онжылдықта мектеп жасындағы 
балаларда болатын әлеуметтік салмақтар, олардың ой еңбегінің басым 
болуымен сипатталады. Оқытуды жаппай компьютерлеуді жоспарлау, 5 күндік 
аптаға өту оқушылардың ой еңбегін интенсификациялайды деп санауға болады.
Сондай-ақ, аталған мәселені асқындыратын заманауи мектептердің білім 
беруді жаңартуға өтуі болып табылады. Басты назар қосымша білім беруге
аударылуда. Лицейлер мен гимназиялардың оқушылары мемлекеттік білім 
беру стандартынан бөлек базалық, профильдік және қолданбалы бағыттағы 
білімді кеңейтетін және тереңдететін пәндерді де қоса меңгереді. Жаңа типтегі 
мектептерде оқыту деңгейі мен сапасына қойылатын талаптар мен оқу 
жүктемесінің жоғарылауы барлық педагогикалық процесс субьектілерінің 
психикалық және физикалық денсаулығына күш түсіреді.
Тіпті уақытша болатын статистикалық жүктеме де микроциркуляция мен 
геподинамиканы әлсіретеді және осы арқылы жүйке процестері мен вегатативті 
қызметтің реттелуін нашарлатады. Қазіргі уақытта көптеген мәліметтер 
бойынша мектеп жасындағы балалардың 70 %-ы гиподинамиядан зардап 
шегеді, оның салдары организмнің жұмыс қабілетін төмендетіп, шұғыл 
сырқаттардың өсуіне әсеретеді.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау көрсеткеніндей, өскелең ұрпақтың 
денсаулығын сақтау мен нығайту проблемасы педагогикада жаңалық емес. Дені 
сау жастарды тәрбиелеу мәселелері барлық уақытта педагогтардың 
назарындағы нысан болды, мұның айғағы – берілген проблеманы әртүрлі 
аспектідегі зерттеулер. 
Денсаулықты сақтау мен нығайту бұрыннан дене тәрбиесімен және спортпен
қаншалықты байланыстырылса, әдебиеттерге жасалған шолу, берілеген 
мәселені шешуде көптеген жұмыстар оқушыларды дене тәрбиесі аспектісінде, 
оны дене тәрбиелік-спорттық қызметке қоса отырып шешуге арналған. 
Көптеген зерттеушілерді оқушылардың дене тәрбиесі мен өмір салтының 
медициналық 
–биологиялық 
аспектілері: 
оқушылардың 
физикалық 
дайындығын арттырудың физиологиялық негіздері, қимыл –қозғалысы мен 
функционалдық дамуы, бала организмін шынықтыру мен науқастануын азайту, 
дене тәрбиесі мен спорт әсерінен болатын олардың денсаулығындағы 
өзгерістерді медициналық бақылау (зерттеушілерді қызықтырады). 
Берілген проблемаға жасалатын медициналық –биологиялық келістердің 
аясында мектеп гигиенасының мәселелері, дене тәрбиесі мен жаттығулар 
процесінде оқушылармен жүргізілетін емдеу-сауықтыру жұмыстарының 
мәселелері қарастырылады. 
Жеткіншектік жастағы оқушылар арасында темекі, ішімдік, есірткі заттарын 
тұтынудың таралуы олардың валеологиялық білімдерінің деңгейі төмен 
екендігін, сондай-ақ, өскелең ұрпақты валеологиялық тәрбиелеудің қолдағы 
бар формалары мен әдістерінің нәтижесіздігін көрсетеді. Қазақстан 
Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша, бес 


350 
жыл ішінде жасөспірімдер арасында қан аздық 2,3 есе өсіп, ересектер 
арасындағы көрсеткіштен 2 есе басым түсіп отыр. Психикалық бұзылыстар мен 
іс - әрекет бұзылыстарының жиілеуімен қоса несеп – жыныс жүйесінің, тыныс 
ағзаларының, эндокриндік жүйе ауруларының саны өсіп кеткен.
Валеология – жаңа, қарқынды дамып келе жатқан, адам ағзасын сауықтырумен 
айналысатын ғылымның саласы. Валеология – халықтың денсаулығы 
жайындағы, адам организмін биологиялық, әлеуметтік және рухани бірліктегі 
мәселелерді кешенді шешуге бағытталған ғылым. Ғылым ретінде – ол 
салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ғылыми – негізделген 
ұсыныстарды әзірлейді. Валеологияның объектісі адам баласының денсаулық 
диапазонындағы бүтін адам тұлғасы. Валеологияның зерттеп зерделеу заты – 
дербес денсаулық. Бүтін адам тұлғасы – иерархиялық ұйымдастырушылық 
принципті ашық үшбірлік жүйе («төменгі, жоғарғысымен басқарылады»), сана, 
психика және солардың жоғарғы аспекталары (жоғарғы сезім, рухани аспекті). 
Сонымен, адам өмірінің мақсаты өмір сүру және репродукция, өзін тұлға, 
шығармашылықты жеке адам ретінде таныта білу. Осындай мақсаттарға жету 
барлық үш деңгейде қалыптасатын денсаулықпен қамтамасыз етіледі.
Валеология – денсаулық және салауатты өмір сүру салты туралы ғылым!
Валеология саласында валеологиялық өзін - өзі тануға, саналық ерекшеліктерге, 
тұлғалық іс - әрекеттіліктерге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жүйе өз 
денсаулығының құндылығы, денсаулықты сақтау мен нығайту, өзінің түсінігі 
бойынша валеологиялық іс - әрекеттіліктің бағытталуы, сондай-ақ салауатты 
өмір салтындағы білімге бағытталады (денсаулықтың тұлғалық моделі). 
Валеология 
– 
ғылымдарының 
мазмұндауынша, 
баланың 
бойында 
валеологиялық өзін - өзі саналауды қалыптастырудағы маңызды және қолайлы 
кезең жас жеткеншек және балалық кезең, себебі осы жасқа байланысты 
кезеңдерде тұлғалықтың өзін - өзі саналау қарқынды қалыптасады. 
Денсаулықты сақтау, нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыруда, 
өзекті 
педагогикалық 
проблемаларымен 
қатар, 
валеология 
саласы 
педагогтардың 
назарын 
аударуда. 
Біз 
Белоруссия 
педагогы 
Н.К.Степаненковтың «Валеологияның негізгі ережелерін педагогикалық іс - 
әрекеттіліктерге ендіру, қолдану, педагогтардың ертеректегі стратегиясын - 
өсіп келе жатқан жас буынды бүтін тұлғалы дамытудың бірыңғай процесі 
ретінде оқытып тәрбиелеу қажет» деген ұғыммен келісеміз[1,73 б]. 
Педагогикалық ғылым «валеологиялық білім мен тәрбие» ұғымына сүйенеді, ол 
оқушының бойында денсаулықты қалыптастыра отырып тәрбиелеуді, 
салауатты өмір салтын ғылыми ұғынуды, тиісті ережелерді қолдануды 
тұжырымдайды. Валеологиялық білімнің негізінде ой – сана, дене және 
жыныстық тәрбие, сонымен қатар, психо өзін - өзі реттеу, гигиеналық, 
физиологиялық, экологиялық және медициналық білім арқылы іске 
асырылатын дені сау адамның қалыптасу, қызметтесу концепциясы жатыр. 
Сонымен, валеологиялық білімді жалпы білімнің негізгі бөлігі, өсіп келе жатқан 


351 
жас буындарды тәрбиелеу, салауатты өмір салты мен мәдениеттіліктің 
қалыптасуындағы процесс және нәтиже ретінде қарастыруға болады. 
Салауатты өмір салтына тәрбиелеу проблемалары ХХ ғасырдың соңында ХХІ 
ғасырдың басында түрлі ғылымдардың зерттелу объектісі болды.
Иванов Г.Д. салауатты өмір салтын жалпы адамдық құндылық ретінде 
қарастыруға талпыныс жасады. Ғалымның мазмұндауынша «Денсаулық, 
салауатты өмір – мектеп оқушысымен құндылық ретінде санап, қажеттілік 
тұрғысында қабылдануы тиіс. Сонда ғана осы құндылықтар мінез – құлықты 
мотивациялайды» [2, 28 б]. Осындай мазмұн қазіргі заманғы әдістемелік 
тұжырымдамаларға сәйкестенеді. Алайда, Г.Д.Ивановтың қорытындылауынша 
«Қазіргі заман білімінің басты мақсаты өз денсаулығына, қоршаған ортаға және 
болашақ буынға мейіріммен қарайтын адамды тәрбиелеу». Біздің көзқарасымыз 
бойынша, 
мектеп 
оқушысының 
бойында 
салауатты 
өмір 
салтын 
қалыптастыруды бүтіндей педагогикалық процестің құрама бөлігі ретінде 
қарастыру қажет.
Оқушы жастардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруды тұлғаның 
гормониялық даму міндеттемелерімен өзара байланыстыра отырып қарастыру 
қажет. Осы айтылған мәселелер, жалпы білім беретін мектептердегі мәселе 
валеологиялық білім жайында емес, жалпы білімнің валеологиялық аспектісі, 
педагогикалық процессті ұйымдастырудағы формалар мен әдістемелері, осы 
процестің рухани саналы, психо және физиологиялық даму мәселелері 
жайындағы бағыттарын қарастырады. Осы мәселелер бойынша, біз 
А.С.Ивановтың «салауатты өмір салтын қалыптастырудағы білімнің тиімділігі, 
интеграциаланған 
валеологиялық 
курстар 
және 
мектеп 
пәндерінің 
валеологиялық мазмұндарымен байланысты болуы 
тиісті 
– деген 
тұжырымдамалармен келісе алмаймыз.
Яғни, оқыту жоспарлары мен жалпы білім беру бағдарламалдарының шамадан 
тыс жүктемеленулерінде, жалпы білім мазмұнына интеграцияланған 
валеологиялық курстарды енгізу қажет еместігін сипаттады. Бүтіндей 
педагогикалық процестін көзқарастары жағынан ең тиімділігі валеологияның 
салауатты өмір салтын негізгі идеялары мен ережелерін барлық оқу пәндері мен 
сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнына ендіру болып табылады. 
Л.Мәженованың айтуынша «Оқушыларға салауатты өмір салтына сай 
қағидаларды енгізе отырып, оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау, 
жан – жақты азамат етіп тәрбиелеу керек» . 
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда оқушылардың жастық ерекшеліктерін 
есепке алу маңызды,... Мектеп оқушысының денсаулығының нашарлап кету 
себептері қатарында гиподинамия (жеткіліксіз қозғалыс белсенділігі); мектеп 
және үйдегі оқушының оқу жүктемесімен шамадан тыс жүктемеленуі; дұрыс 
тамақтанбауы, оқу сабақтарының кестелерінің бұзылуы, демалыс және 
ұйқының бұзылуы себеп болып табылады.
Баланың денсаулығының соматикалық қоры оның ағзасының өсіп, дамуымен, 
табиғи дарындылығымен қалыптасады. Өз кезегінде жекелей, дербес дамуы 


352 
оның жетілу кезеңдеріндегі байқалатын іс-әрекеттерімен жүйеленеді. Базалық 
іс-әрекет бір жағынан адам баласын дамытудың механизмі ретінде көрінсе, 
екінші жағыннан - өсу процессін қамтамасыз етеді[3, 2 б].
Жоғарыда 
айтылған 
мәселелер 
бойынша 
байқайтынымыз, 
баланың 
гармониялық даму шарттары, оның нақтылай дамып, жетілу кезендерінде 
байқалатын нақтылай іс-әрекетін толық қанағаттандыру болып табылады. Осы 
іс-әрекет, мұқтаждылықтарды қанағаттандыра алмаса баланың дамуын 
баяулатып оның денсаулығын төмендетеді. Үшінші вариантта болуы мүмкін: 
жеделдетіп дамыту. Ол, ереже бойынша, баланың бойында әлеуметтік 
мұқтаждылықтың мерзіміннен тыс қалыптасуымен байланысты. Осы вариант 
денсаулық үшін қауіпті, себебі «жалпы бейімделу қорының көлемінің» 
төмендеуіне жетелейді. 
Оқушы жастардың тәрбиесінің психологиялық сәттілігіннің көрінісі оның 
денсаулығының компоненті ретінде білім беру процессіндегі мінез-құлығын 
қамтамасыз ететін рухани мәселесі. Осы жағдайлары адамның өзін өзі сақтау, 
сыйласу мен сүйіспеншілікке деген мұқтаждылығымен мазмұндалады, 
шартталады. Білім беру мекемелерінде ең маңызды педагогикалық 
міндеттемелердің бірі балалармен сұқбаттасу, қызығушылықтарын өсіру, 
сүйіспеншілік атмосферасын, ортасын құра білу. А.С.Иманғалиевтың 
айтуынша, мектеп оқушысының денсаулығындағы әлеуметті - өнегелік 
компонентері, екі негізгі критериялармен сипатталады: білім іс-әрекетіне деген 
қарым-қатынастылық және мінез - құлықтың ережелері. Сондықтан, білім беру 
іс-әрекеттері мен мектеп оқушысының мінез-құлық сипаты оның базалық іс-
әрекетінде [4, 109 б ]. 
Жас жеткіншектік шақта көптеген қажетті мұқтаждылықтар нақтыланады, 
мінез – құлықтың саналы дамуы, қоршаған ортамен байланыстылық және т.с.с. 
байқалады. Осындай мұқтаждылықтардың дамуын, осы мезгілдегі, жас 
жеткеншектердің ортаны тану, өмірдің мәнін іздеу, өзін - өзі ортаға таныта білу 
сияқты ерекше қабілеттіліктерімен байланыстырады. Өзінің құндылығы мен 
жеке дербестілігін көрсету процесінде, сонымен қатар, өзін - өзі анықтау мен 
әрекеттеу нәтижесінде жас адамдардың бойында жауапкершілік, әрекетшілік, 
тұлға ретінде тани білу секілді сапалық көрсеткіштер қалыптасады. 
Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру біздің 
түсінігімізше 2 түрлі міндеттерді ескеруді қажет етеді:
біріншіден, оқушылардың салауатты өмір салтының айқын көріну 
ерекшеліктері мен маңыздылығы ретіндегі жеке тұлғалық сипатының жан-
жақты дамуын қалыптастыру; 
екіншіден, оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру 
процесінің сипаты, бұл кіші және ересек жастағы оқушыларды тәрбиелеу 
міндетін жүзеге асырушы ерекшеліктерді ескеру. 
Оқушы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды шарты 
мен оны жүзеге асырудың негізгі түрі – ұжымдық тәрбие.


353 
Тәрбиенің мәнін, оның жүйелік нысан ретіндегі құрылымын, қозғаушы күшін, 
маңызды заңдылықтарын тәрбиелік өзара әрекет арқылы жүзеге асыруға 
болатынын білеміз. 
Тәрбиелік өзара әрекет дегенде тәрбиеленушілерге әсер етуді, олардың 
жауап беру реакциясы мен өзіндік белсенділігін түсінеміз. Оқушы жастар мен 
педагог тарапынан болатын басқару жүйесінен өз белсенділігімен өзін-өзі 
басқару жүйесіне өтуі керек. Егер салауатты өмір салтының аспектілеріне 
қатысты болатын мұндай белсенділік назардан тыс болып, өз алдына жүзеге 
асырылып жатса, онда тәрбие процесінің жоғары жетістікке жеткені деп 
білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет