Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет142/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Литературы 
1. Лях В.И., Зданевич А.А. Комплексная программа физического воспитания учащихся 1-
11классов. – М.: Просвещение, 2011г. 
2. Кудрявцев, М.Д., Копылов, Ю.А. Содержание третьего урока физической культуры с 
оздоровительной направленностью. – Красноярск, 2005 г. 
3. Турыскелдина М.Т., Курманбаева К.Т., Тайжанов С.Т., Нуралиева С.К. Учебная программа 
«Физическая культура» для 1-4 классов общеобразовательной школы. – Астана, 2010 г. 
ӘОЖ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІН 
ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ. 
Тұрғымбай А.Б.- М1301-19 тобының магистрі 
Ғылыми жетекші:Байдыбекова Е.И. 
Ашимова Ұ.И. -М1301-19 тобының магистрі 
Ғылыми жетекші :Оразбаева Э.Б. 
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті,Шымкент 

Резюме 
В статье рассматривается использование новых технологий в обучении математике и 
казахскому языку в начальной школе 

Summary 
This article is devoted to using of new technologies in teaching mathematics and the Kazakh 
language in primary school 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің 
басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика 
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға 
бағытталған білім және тәрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және 
тәрбие берудегі жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу болса, бұл 
міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің күнделікті ізденіс 
арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық 
жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан 
да әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, 
дұрыс пайдалана білуі керек.
Бастауыш сыныптағы математика сабағында оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін 
қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс 
істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, 
логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда, математиканың негізін қалыптастыру, 
ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде мұғалімдердің математикалық білімдері 
терең болуы қажет.


394 
Бүгінгі күнгі басты мәселе - білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың 
тиімді жолы - білім беру жүйесінде түрлі технологияларды қолдану. Мектептің 
бастауыш сатысындағы математика пәнін оқытуда кеңінен қолданылып жүрген 
оқытудың қазіргі технологиялары өте көп, солардың бірнешеуіне тоқтала 
кетсек:
-дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П.М.Эрдниев) бір мезгілде 
тура және кері амалдар мен операцияларды меңгеруге көмектеседі және 
ірілендіру қағидасына сүйеніп құрастырылған жаттығулар жиынтығы білімді 
саналы да берік меңгеруге көмектеседі;
-математиканы 
оқытудың 
есеп 
шығаруға 
негізделген 
технологиясы 
(Р.Г.Хазанкин) есептерді шығаруда әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар 
бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады; 
- дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, 
В.В.Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық 
сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған; 
- оқытудың модульдік технологиясы (В.М.Монахов) оқу үрдісін мақсатты 
жобалап, құруға болады.
- оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу 
техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп 
көмек көрсету; 
- проблемалық оқыту технологиясы; 
- тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және 
практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген 
теориялық материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс 
істеу; 
- түсіндіре басқарып – оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы 
бөлігін алдын ала оқыту; 
- деңгейлік саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру; 
- жүйелік негізде оқыту технологиясы (Ғалиев Г.Г.); 
- шоғырландырып – қарқынды оқыту технологиясы (Әбдіғалиев Қ.А., 
Нұрахметов Н.Н.); 
- блоктық-модульдық технологиясы (Жанпейісова М.) қазіргі таңда қолдау 
табуда. 
Оқушылардың білім деңгейінің арттыруын, яғни білім сапасын көтеру 
мақсатында қазіргі заман талабы шығармашылық мүмкіндіктерді іске асыратын 
жаңа технологиялардың бірі «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» 
жобасы.
Бұл технологияны қолдана отырып сабақ барысында төмендегі мәселелерді 
шешуге болады: 
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту; 
- ой-толғанысқа белсенді араласу; 
- білімді игеруге жауапкершілікті арттыру. 


395 
Математика сабағында СТО-ның бірнеше стратегияларын қолдануға болады: 
«Ассоциация», «Венн диаграммасы», «Бес жолды өлең», «жұпта, топпен, жеке 
жұмыс», «Кең ауқымды дәріс». 
Мысалы, 1-сыныптағы «7 саны мен цифры» тақырыбын өткенде «Кең ауқымды 
дәріс» стратегия бойынша элементтерін колдансақ: 
1-кезең «Ой қозғау» 
а) қызығушылықты ояту: сұрақтар қойылады. 
1. Сан дегеніміз не? Цифр дегеніміз не? 
Тапсырма:
- білетін мәліметтер айту; 
- жұппен талдау, содан кейін кіші топта; 
- топбасшының сөз алуы. 
«Ассоциация» стратегия бойынша 7 саны нені көз алдына елестетеді, немесе 
осы сан бойынша бұрын қандай білімі бар. Мысалы, қазақ халқына тән қазақ 
баласының 7 атасы, 7 қазынасы, аптаның 7 тәулігі т.б. 
Математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып 
оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор. Біріншіден-дамыта оқытуда 
білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. 
Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін 
ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы 
мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа 
деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады. 
Екіншіден-дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше 
отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне 
дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының 
болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын 
арттырады. 
Үшіншіден-оқушының жеке басын дамытатын басты құрал- ол өзінің әрекеті. 
Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс 
жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды. 
Төртіншіден- дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің 
арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол 
себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы -
«орындаушы», «мұғалімнің тасасындағы» объект емес. 
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде: 
- оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды; 
- мәселені шешу жолын іздестіреді; 
- жаңаны өздері табады; 
- ақылдасады, кеңеседі; 
Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының мәселені шешу, ақпараттық, 
коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен жаңа технологиның бірі- 
дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар 


396 
дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш 
сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, 
әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен 
қолдана білуі тиіс. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай 
тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады.Мысалы,2-сыныптың қазақ 
тілі сабағында «Сөйлем» тақырыбын оқытудың осы кезеңі саяхатқа шығу 
арқылы бірнеше тапсырмаларды мүдірмей орындап,тапсырманы дұрыс 
орындауын қадағалау керек.Саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондары бар 
поезға отырамыз.Әр вагонға бір жұмбақтан жасырынған. 
Мысалы, 
1-вагонда: «Жылт-жылт еткен,жырадан өткен»; 
2-вагонда: «Тәтті,тәттінің іші қатты,қаттының іші тәтті»; 
3-вагонда: «Кішкентай ғана бойы бар,айналдырып киген тоны бар»; 
4-вагонда: «Қанаты-жоқ ұшады,аяғы жоқ қашады»; 
5-вагонда: «Ти десем,тимейді,тиме десем ,тиеді»; 
6-вагонда: «Отқа жанбас,суға батпас»; 
1-тапсырма:Әр жұмбақтың шешуін тауып,әрқайсысының шешуіндегі бірінші 
әріптен сөз құрастыру керек.-Қандай сөз шықты?-СӨЙЛЕМ. 
2-тапсырма:Паровоз тоқтап қалды.Көмекке келейік.Ол үшін сөйлем неден 
тұратынын табайық:-Сөйлем сөзден тұрады.-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай 
жазылады? 
Осындай жұмыстың түрінің негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа бет 
бұруына жағдай жасайды да,жаңа тақырыпты дұрыс меңгереді.Жаңа 
тақырыпты мнңгертудің алғы шартын қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі: 
Үй тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстыру; 
Жаңа тақырыпқа негіз болатын түсінік-белгілер туралы ойларын 
жинақтау; 
Өткен тақырыппен өтпеген оқу материалын шебер байланыстырып сұрақ 
қою арқылы проблемалық жағдаят тудыру; 
Стандартты емес тапсырма беру; 
Беймәлім(танылмаған) білім нысаны туралы ақпаратты проблемалы 
түрде беру,яғни оқушыға білім неғұрлым жұмбақ көрінсе,ол оны соғұрлым 
білсем деген ынтасы арта түседі.Осы әрекеттерді ұйымдастыру арқылы мұғалім 
жаңа сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етеді. 
Сабақ барысында оқулықтағы жаттығулар мен оқулықтан тыс тапсырмалар 
орындатылады.Сонымен қатар ойындар ойнатуға да болады. 
Мысалы: «Адасқан сөйлемдер» дидактикалық ойыны. 
Ойынның шарты:берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай өз үйіне 
орналастыру керек. 
1.Өсімдік көктейді
2.Түйе боталайды
3. Балам,өркенің өссін
4.Дала қандай аппақ


397 
5.Қамшы деген не
6.Кірпі қалай дыбыстайды 
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) 
әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық 
(интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі 
оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол 
ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала 
бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат 
тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал 
дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. 
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты 
назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, 
тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі 
керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға 
әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден 
тұратын болады. 
1. Оқу мақсаттарының қойылуы. 
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру. 
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. 
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің 
негізгі компоненттері. 
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері: 
1. түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі; 
2. оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады; 
3. олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады; 
4. оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар; 
5. оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді; 
6. оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, 
шығармашылық белсенділігі артады; 
7. жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне 
деген кәсіби сенімін қалыптастырады 
Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары 
төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет