Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет145/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

а)
шынайы диалог
(бұл диалогқа 
қатысушылар әрқайсысының өзіндік болмысын мойындайды және өзара жанды 
қарым-қатынасқа ыңғайланады); 
ә)
техникалық диалог
(оның көздегені – 
адамдардың белгілі бір объективті өзара түсінушілікке жету қажеттілігі); 
б)
диалог болып танылуға тырысқан монолог

М.Бебердің сұхбат философиясы ХХ ғ. «философиялық жаңалығы» – ресейлік 
философ М.Бахтиннің көзқарастарының қалыптасуына зор ықпалын тигізді. 
Оның философиядағы жаңашылдығы диалогизм принципін әкелгендігі емес. 
Рухани әлемде Бахтиннен бұрын да талай ойшылдар (К.Ясперс, М.Бубер және 
т.б.) диалогты өз философиялық іліміне арқау еткен болатын. М.Бахтиннің 
жаңашылдығы диалогты адам болмысының негізгі қасиеті ретінде 
қарастыруымен қатар, оны адам белсенділігінің жемісі – мәдениеттің 
болмыстық принципі деп есептеуінде, әрі сол принципті нақты мәдениет 
салаларында, мысалы, өнер, әдебиеттану, философия, мәдениеттану, 
лингвистикада кеңінен қолдана білуінде. Бүгінде, мәдениаралық қарым-
қатынастар жүйесінде мәдени артефактыларды тарату барған сайын маңызды 
рөл атқарып келеді. Бүгін біз, тіршіліктің көлемі мен жылдамдығына әсер 
ететін, мәдени ақпарат берілісінің құралдары, тәсілдері, арналары мен 
технологиясы күрт өзгеріп кеткен, техногендік өркениетте өмір сүрудеміз. Іс 
жүзінде мемлекеттік, саяси және т.б. мәселені шешкен ақпаратта кім жаппай 
қажетті болса, тек сол өмірде табысты әрекет ете алады. Өркениеттің негізгі 
қызметтерінің бірі – қарым-қатынас. Яғни, ғылыми тілдегі коммуникация. 
Өркениеттер келесі бір өркениеттермен әрдайым түрлі деңгейлерде қарым-
қатынасқа түседі. Бұл өркениет болмысының міндетті түрдегі шарты, себебі, 
бұл процесс жаңаға еніп, жаңа ішінде пайда болып, онда мықтап орнығады. 
Осы процесс жаңаны меңгерудегі айналымды құрайды. Кез-келген өзгеріс 
аталмыш процесте толық аяқтамаса да, өркениеттің ішкі қатпараларын игере 
алады. Бірақ, бұл өзгеріс мәдениеттің өзегіне айнала алмайды, оны мәдениет 
мойындамайды да, себебі, өзгеріске ұшырау барысында белгілі бір үйлесімділік 
заңдылығы бұзылады. Әртүрлі өркениеттердің қарым-қатынасы кезіндегі ең 
керемет, ең қызықты сәт, жаңаға жолсерік болған жатық механизмдердің өзара 
ықпалдастығы мен ортадағы делдалдық қызметі. 
Қазіргі батыс философиясында Азия халықтарына партикуляризм тән деген 
пікір жиі қайталанады. Бұл Азияны түсінбеуден туындайды. Адамдағы рухани 
бастауларды аспандатқан, нәпсіқұмарлық пен зорлық-зомбылықты, дүние 
қоңыздық пен екі жүзділікті әшкерелеген кейбір зерттеушілер түркіден 
шыққан, басқалары парсының ақыны деп есептейтін, сопы Мауляна 
Жәлеледдин Руми (1207-1273), мәдени ауысулар мен ынтымақтастыққа, 
сұхбатқа ерекше мән береді: «Кейде, түрік пен үнді оп-оңай ортақ тіл табыса 
кетеді. Кейде, екі түрік бірін-бірі жаттай сезінеді. Ендеше, жанмен ұғынысу тілі 


403 
дегеніміз – мүлде бір басқа нәрсе; бір тілдестіктен жанмен ұғынысу тілі 
қымбат» [2, 29 б.]. «Дін жүрегі» атанған абзал ақын Конье қаласында қайтыс 
болғанда, оны ақтық сапарға шығарып салуға мұсылмандармен қатар 
христиандар, иудейлер, буддаға табынушылар да бірлесе қатысқаны тектен-тек 
емес. Жалпы, адамзаттық мәдениет – көркемдік-поэтикалық, ғылыми, 
өндірістік қызметтің ең жетілген түрлері, әртүрлі халықтар мен ұрпақтарды 
ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салты мен ақиқатты танып-білуінің бірегей 
тәсілдері. Адамзат баласы осы қағидалардың негізінде таптық және нәсілшілдік 
өшпенділікке жол бермейтін, адам мен халықтар құқығы бұзылмайтын, 
қайыршылық пен мәдени отаршылықтан ада, біртұтас өркениетті құруға бағыт 
алуда. Мәдениеттің бір үлгілерін бүгінгі таңда басты мұратқа айналып, біртұтас 
адамзаттық мәдениетті қалыптастыруда басты бағдар болып отыр.
Адамзат мәдениетінің қалыптасуы – халықаралық қауымдастық мүшелерінің 
мәдени құндылықтардың белгілі бір жүйесін жәй ғана қабылдау және түрлі 
мәдениет салаларын бірыңғайлау деп қарастыруға болмайды. Өйткені, мәселе 
аймақтық және ұлттық мәдениеттердің өзара рухани байланыстарының өсуі 
жайында болып отыр. Уақыт өте, түрлі халықтар мәдениетінің арасындағы 
мәдени қарым-қатынастар мен байланыстардың арнасы кеңейе түсіп, бір 
мәдениет шеңберінде орын алған өзгерістер басқаларына да өз ықпалын тигізді. 
Сондықтан, қазіргі заманның диалогтық дискурсында сандаған ғасырлар 
бойына көненің ұлы мәдениеттерінің қарым-қатынас көзі болып келген Ұлы 
жібек жолының маңызы зор. Кез келген көненің көзі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет