Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет147/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
Әдебиеттер
1. Бебер М. Хозяйство и общество (
Wirtschaft und Gesellschaf). 
-Москва, 2011.
 
2. Байпақов К. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. -Алматы, 1992. 
3. Құлсариева А.Т. Мәдениеттер мен діндер арасындағы сұхбат. -Алматы, 2017. 
4. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. -Москва, 2016.
5. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. -Алматы, 1996. 
6. Құлсариева А. Дін және мәдениет // Мәдениеттану. -Алматы, 2003. 
ӘОЖ 811.512.122 
 «ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ» КОНЦЕПТІСІ ӘЛЕУМЕТТІК 
ЛИНГВОМӘДЕНИ ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ 
Танабаев Ғ., Байғұтова А. – ф.ғ.к. 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,
Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
Статья посвящена концепту «гостеприимство» и отражает его как социальное 
лингвокультурологическое явление. Данный концепт является универсальным, так как тесно 
связано с традициями этноса, дает объективное представление о культурной картине 
мира народа. 
 
 
 
Summary 
The article is devoted to the concept of "hospitality" and reflects it as a social linguoculturological 
phenomenon. This concept is universal, since it is closely connected with the traditions of the ethnic 
group, gives an objective idea of the cultural picture of the world of the people. 
Концепт адамның ойлауының іс жүзіндегі көрінісі ғана емес, адам санасындағы 
шынайы үлгісі болған ойдың өзін танытатын күрделі әлеуметтік лингвомәдени 
құбылыс болуына байланысты, концептінің мәнді сипаттарын анықтау 
концептінің айқындаушы қырлары бекіген адам мен социумның 
шығармашылық қызметінің өнімдерін ақпараттық тіркеуге қатысты барлық 
негізгі формаларын зерттеу нысаны етіп алуды талап етеді [1, 272]. 
Зерттеліп отырған тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерге шолу жасау 
тілтанушы ғалымдардың «қонақжайлылық» концептісіне қызығушылығы 
жоғары екенін танытады. Оны сонымен бірге аталған концептіні мәдени-
психологиялық және мәдени-әрекеттік тұрғыдағы тілдік бейнеленуін 
сипаттайтын ғылыми жұмыстардың көптігі де көрсетеді.


407 
«Қонақжайлылық» концептісіндегі таңдаған ұстанымымызға сәйкес, оның 
мазмұны мен құрылымын шектейміз. З.Д.Попова и А.И.Стернин бұны былайша 
түсіндіреді: «Концепт мазмұны концептуалданатын зат немесе құбылыстың 
жекелеген қасиеттерін білдіретін белгілерден түзілген және осы белгілердің 
жиынтығы ретінде сипатталады. Концептінің мазмұны іштей өріс принципімен 
реттелген – ядро, жақын, алыс және шеткі периферия. Мазмұнның белгілі бір 
аймағына жататыны ең алдымен, тиісті концептіні ұстанушы санасындағы 
белгінің ашықтығымен айқындалады. Сипаттама ядродан периферияға 
белгілерді олардың ашықтығының төмендеу мөлшеріне байланысты
санамалау арқылы жүзеге асады» [2, 81]. 
«Концепт құрылымы концепт құрайтын түрлі когнитивті табиғатты базалық 
құрылымдық компоненттерден – сезімтал бейне, ақпараттық мазмұн және 
интерпретациялық өрістен тұрады және концептінің осы құрылымдық 
компоненттеріне тиесілі когнитивті белгілерді санамалау арқылы сипатталады» 
[2, 81]. 
Демек, «қонақжайлылық» концептісі концептуалды болып табылады және 
оның мазмұны мен құрылымын бөлуден тұрады. Бірінші кезең – мазмұнды 
талдау. Ол қарастырылып отырған тілдің лексикалық жүйелерінде ұсынылған 
концептінің толық көлемін анықтаудан тұрады.
Концептінің ядросына дәстүрге сай арақатынас орнатушы лексеманың сөздік 
дефинициясы жатады. Ондай формалардың біріне көркем мәтін жатады. 
Осымен байланысты «қонақжайлылық» концептісінің әлеуметтік лингвомәдени 
белгісін толық және жан-жақты ашу үшін көркем мәтін зерттеу нысаны ретінде 
алынды. Көркем мәтінде рухани-құнды көзқарастар ғана емес, адамның жан 
дүниесіне қатысты қасиеттер толыққанды бой көрсетеді. Өз кезегінде 
«қонақжайлылық» концептісін көркем мәтін аясында талдауды келесі белгілері 
бойынша өткізу керек: 
1) бірегей лексемалар; 
2) қонақжайлылыққа қатысушылардың бір-біріне әдепті, сыпайы қарым-
қатынасы; 
3) қонақжайлылық атмосферасын сипаттаушы лексемалар; 
4) адам бейнесін сипаттау тәсілдері; 
5) қонаққа шақыру әдептері; 
6) қонақ күтетін бөлменің сипаттамасы; 
7) қонақтарды дәммен сыйлау және күту [3, 10]. 
Бірегей лексемалар бағытында қарастырылатын объектілер белгілі бір елдің 
немесе ұлттың өзіне тән белгілерін, басқа ұлтта жоқ өзіндік нышандарын 
көрсете алатын тілдік бірліктер болуы керек.
Мысалы;
Үзілістен кейін дастарқанға үйеме табақ ет келді. Жеке тарелкаға 
салынған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет