410
ұлттық ерекшелікке сай біріктіргенмен, түрлі этностардың көзқарастарындағы
айырмашылықты танытады.
Түркі халықтарының қонақ күтуге байланысты дәстүрлерінде
ұқсастық
болғанымен, дастарқан мәзірін дайындауда біраз ерекшеліктер бар. Мысалы,
қазақ сыйлы қонағының алдына қойдың басын тартатын болса, хакас халқы ең
қадірлі қонағы үшін қойдың ұшасын (уча), жауырынын (чарын) даярлаған екен.
Бұл халықта сыйлы мүше болып табылатын қой ұшасын қонағына тартар
алдында, үйімізден құт-береке кетпесін деп құйрық майдың ұшынан кесіп алып
қалатын ырымдары сақталған. Егер, қонаққа үлкен әйел адам келсе,
қонақжайлықтың нышаны ретінде қойдың төсін (хой төзі) тартқан. Ал, бас бұл
халықтың дастарқанында сыйлы мүшеге саналмаған. Қазақ халқындағыдай
түркітектес тувин халқы да өзінің қонақжайлық қасиетін тағам тарту
барысында ең сыйлы мүше деп ужа (уша) пен жамбасты атаған. Бұл халықтың
қонағы етті кесіп алып алдымен отқа лақтырған, одан кейін өзі жеп, өзінен соң
қалған адамдарға таратқан. Қонақжайлықтың мәрттігін қойдың «ұша» мүшесі
арқылы көрсету алтайлықтарда «ужа» делініп, ал, түркімендерде «уджа»
делініп, буряттарда «ууса» делініп, монғолдарда «ууц», «ууц даллах» деп
аталып, ең сыйлы қонағына тартылған. Бұл ретте түркі халықтарының
бірқатарына ортақ «біреудің төсін жесең, өзіңнің ұшаңды сайла» деген мақал
осы құбылыстан туса керек.
Этнограф-ғалым Шоқан Уәлиханов «Қырғыздар туралы жазбалар» еңбегінде:
«Орта Азиялық барлық халықтарда
бас құрметті қонаққа тартылса,
қырғыздарда керісінше: құйымшақ пен жамбас қонақтікі, бас төменгінікі болып
есептеледі» деп жазған [5, 38]. Осымен байланысты халқымызбен бірге туысқан
қырғыздарда ең қадірлі бас (баш), одан кейін жамбас (жамбаш), асықты жілік
(жото жилик), ал, жылқы етінен сыйлы қонаққа ұша (уча), қабырға, шұжық
(чучук) және жал тарту «сый» тағамына жатқан. Әйелдерге кәделі сыбаға
ретінде құймышақты (куймулчак) тартқан.
Өзбек халқында сыйлы қонаққа тағам даярлау гендерлік сипатқа ие. Отбасында
күнделікті тағамды әйелдер әзірлесе, үлкен жиынға ер адамдар дайындаған. Бұл
салт қазіргі өзбек тұрмысында әлі күнге дейін сақталған. Мысалы, өсіңкі бидай
суы мен ұн киселінен дайындалатын «сумалак» тағамы тек әйелдер үшін
жасалса, суға не еттің сорпасына қайнатылып алынған қамырды етпен бірге
қадірлі тағам ретінде жейтін «нарынды» тек еркектер дайындап, өздері ғана
жеген.
Қай халықтың болмасын, адамды сыйлау дәстүрінде
алдымен жасы егде
тартқанды немесе қарт адамды сыйлаудың орны ерекше. Мысалы, барша
мұсылман елі тойлайтын Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» мерекесінде, соғымға
сойылған өгіздің шекесінен дайындалатын «бел көтерер» асы – қазақ халқында
қыстан аман шыққан қарт адамдарға сыйлы тағам ретінде ұсынылған.
Қорыта келгенде, ежелден ескі салт ретінде қалыптасқан қонақ күту дәстүрі қай
халықтың болмасын адамгершілік, азаматтық, болмыстық, меймандостық,