Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет143/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Зимняя 
И. А. 
Педагогикалық 
психология. 
Алматы — 
2005. 
2.Педагогика, Оқулық. Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика 
кафедрасының ұжымы, — Алматы, 2005.
3.Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. — А., 1991. 
Иванова Н., Қозғамбаева М. Оқыту процесінің мәні. — Алматы, 1991. 
4. Н.Ә.Назарбаев «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» 
Егемен Қазақстан газеті 2006 жыл № 115 (24368) 
5. Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған 
бағдарламасы. Астана, 2004-46 б. 
6. М.Ғалымжанова. Ақпараттық технологияларды сабақта қолдану. Информатика негіздері - 
№3, 2006 ж. 


398 
7. Қ.Шәдиев. Компьютерді қолданудың педагогикалық мәселелері. Қазақстан мектебі - №5, 
2006-7 б 
ӘОЖ 347.528.942 
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ 
Жаңбыршиева С.Н. п.ғ.к., доцент м.а. 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 
 
Резюме 
В статье рассматриваются вопросы подготовки будущих учителей изобразительного
искусства к творческой работе. 
 
Summary 
In this article it is given the results of the experiment on the formation of personality of a 
teacher, who is ready for artistic and educational activities at school. 

«...өткенді пайымдау арқылы қазіргі заман
мәдениетін жан-жақты дамыту қажет. 
Н.Ә.Назарбаев. 
 
Қазақ халқында өнерлінің қолы алтын, өнершінің сөз алтын деген аталы сөз 
бар. Өнер – халық тарихының шежіресі. Өнер арқылы өмірге деген тынысың 
кеңейіп, тіршілікке деген ой толғанысың, әр түрлі сезімің бейнеленеді. Қолөнер 
адам өмірінің сан ғасырдан тамырланып келе жатқан қол жетпес мұрасы. Баға 
жетпес асыл мұрамыз – өнер жайында ұлы ақын Абай Құнанбайұлы өзінің қара 
сөзінде былай ой тербеткен болатын: Егерде мал керек болса, қол өнер 
үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін 
сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол. Өнер адамын халықтың қастерлі 
тұлғасы деп әулиеге балаған Абай атамыз өнер адамдарына ерекше ілтипатын 
білдірген. 
Қазіргі қоғамда жасөспірімдерді бейнелеу өнеріне машықтау басты 
міндеттердің бірі. Бейнелеу өнерін оқыту айналадағы өмір шындығын, көркем 
бейнелеу ерекшеліктерін танытуды, оқушылардың табиғат сұлулығын, халық 
өмірінің көріністерін жүйелі қабылдауын оның мүмкіндігінше өзінің көркем 
бейнелеу жұмыстарында қолдана білуді қалыптастыруды көздейді. Сондықтан 
бейнелеу өнері сабақтары, жас ұрпақтарды іс-әрекетке және іс-әрекет 
технологиясын түсінуге бағытталуы тиіс. Бейнелеу өнері қоршаған ортаның 
әсемдігін түсінуіне, эстетикалық талғамының дұрыс қалыптасуына бағыт 
беретін білім. Сурет салу – бояуларды әлміштеп жаға беру емес, бояу мен сурет 
өнерінің сан түрлі мәнін түсініп, өмірді, табиғатты, қоршаған ортаны сүю. 
Шынайы шығарма адамның ақыл-ойын, парасатын өсіреді, таным-тағылымын 
кеңейтіп, ізгілікке, әсемдікке үйретеді. Сурет салу, бейнелеу өнері – бұл адам 
баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып 
келе жатқан өнер саласы. Бірнеше өнер саласының өмірге келуіне себепкер 


399 
болған бейнелеу өнері көру, шолу арқылы қабылданған шындықты көрсететін 
көркем шығарма түрлерінің табы. Бейнелеу өнерінің шығармалары – уақытта 
да, кеңістікте де өзгермейтін заттық форма. Бейнелеу өнеріне мүсін, сәндік 
өнер, кескіндеме, графика жатады. Бейнелеу өнері өмірдегі шындық түрінде, 
сондай-ақ заттың материалдық формасы ретінде обьективті қасиетіне және 
заттың көлемі, түсі жарықтығы, фактурасы және кеңістік ортаға байланысты 
шығарылады.
Жаһандық дамыған, бәсекеге қабілетті заманда өз ісінің қас шебері маманды 
дайындау басты мақсат екендігі бесенеден белгілі. Орта білім ұйымдарында 
бейнелеу өнері сабағын жүйелі, қызықты өткізіп, оқушылардың өнерге деген 
сүйіспеншілігін арттыру пән мұғаліміне қойылатын негізгі талап. Бейнелеу 
өнерінің басты міндеті – өнердің барлық түрлерінен ақпарат бере отырып,
қарапайым заттардың суреттерін бейнелеуді, сұлулық пен кереметтілікті,
жақсы мен жаманды ажырата білуге ықпал етеді. Бейнелеу өнерін оқыту 
аясында оқушылар эстетикалық талғамын қалыптастыруына мүмкіндік ала 
отырып, өздерінің көру түсініктері арқылы заттың, табиғат құбылыстарының 
қасиетін ажыра біледі. Тарихи деректерге иек артар болсақ бейнелеу өнерінің 
оқыту әдістемесі екі бағытта жүргізілген. Бірінші бағыты геометриялық 
денелер арқылы жүргізілсе, екінші бағыты шығармашылық бағытта болған.
Қазіргі таңда бейнелеу пәнін оқыту екі бағыт арқылы жұмыс жүргізіп жатыр. 
Десекте, байырғы заманда геометриялық денелердің суретін салу барысында 
оқушыларға білім мен дағдыны қалыптастыру міндеті қолға алынбады. Еркін 
тақырыпта сурет салу барысында жасөспірімдердің эстетикалық талғамын 
қалыптастыру, көркемдік қасиеттерін артуына көп көңіл бөлінгендіктен, 
туындылардың басым көпшілігі сапасы төмен болды. Бейнелеу өнерінің 
тарихындағы жоғарыда аталған бағыттардың бір-бірінен алшақтап кетуі
салдарынан оқыту жүйесінің байланысы төмен болғаны жасырын емес. Мұның 
басты себебі оқушылардың сурет салудағы даму заңдылықтары дұрыс 
ескерілмей, белгілі бір әдістемелік нұсқаулықпен жұмыс жүргізілмеудің аясы.
Қазіргі таңға дейін бейнелеу өнерін орта білім беру ұйымдарында оқытуға 
арналған әдістемелік нұсқаулықтар мен оқулықтар жарық көре бастады. Бұл 
оқулықтарда сурет тапсырмаларының түрлері бойынша сурет салғызудың әдіс-
тәсілдері қамтылып, бір бағытпен ғана шектеліп қалды.
Қазіргі білім беру жүйесінде балалардың жас ерекшеліктерін түсіне 
отырып тапсырма берудің тәсілін, жолын нұсқайтын мектеп мұғалімдеріне 
арналған нұсқаулықтар, оқулықтар қажет. Білім беру ұйымдарында 
оқушыларға сурет салудың техникаларын үйретуге қажеті жоқ, бейнелеу өнерін 
оқытуда тақырыпқа сәйкес тапсырмаларды орындау қажет деп әдіскерлер 
кейбір баланың салған суреті «құр шимай сызық» деп баланың туындысына 
немқұрайлықпен қарайтыны ақиқат. Осы тәрізді пікірлердің пайда болуының 
өзіндік себебі оқытушы шәкіртінің салған суретінің ғылыми негіздерін толық 
түсінбеушіліктен.


400 
И.Репин атындағы көркемөнер академиясының профессоры, Ресей 
Федерациясына еңбегі сіңген өнер қайраткері , Ресей суретшілер одағының 
мүшесі, суретші-кескіндемеші И.Рейхет «мен өмірімде суретші боламын 
армандаған емеспін, математика факультетін бітіріп соғысқа аттандым. Майдан 
даласында суретшімен жолдас болып, сурет салу өнеріне қызығушылығым 
содан басталды» деп өзінің бейнелеу өнеріне қалай келгенін естіген 
болатынмын. Міне, сондықтан да сурет салуға қабілеті төмен оқушыға 
үйретудің қажеті болмас деген түсініктің ғылыми негізі жоқ деп түсінемін. 
Бейнелеу өнерін орта білім беру ұйымында толық меңгеріп алуға мүмкіндік бар 
екендігін біздің жүргізген ілкімді ізденіс, ғылыми жұмыстарымыз айғақтап 
берді. Тілге тиек етер бір жәйт орта білім беру ұйымдарында бейнелеу өнерін 
оқыту барысында арнайы кәсіпқой суретшілерді дайындамайды, екіншіден 
ондай міндетті мектеп деңгейінде шешуге мүмкіншілік жоқ екендігін естен 
шығармауымыз керек. Еліміз 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің 
дайындық жұмыстары аясында бейнелеу өнерін оқытудың жаңа бағдарламасын 
шығаруды көздеп отыр. Қазіргі таңда беру ұйымдарында бейнелеу өнері сабағы 
пән ретінде жүргізілмей, маңыздылығын жойғаны өкінішті әрине. Көркемдік 
тәрбие беруде бейнелеу өнерінің тағы бір басты атқаратын міндеті – ол әрбір 
оқушының бойына біткен қабілетін дамыту, қолдау көрсету, өмірде өз жолын 
табуға үлкен септігін тигізу.
«Айтпаса сөздің атасы өледі» дегендей үш дүркін Кеңес Одағының батыры, 
ұшқыш Иван Кожедуб мектеп қабырғасында білім ала жүріп, бейнелеу өнері 
сабағы ықпалының нәтижесін тілге тиек ете кеткен. Сурет салу қабілетінің 
жоғары 
болуынан, 
көру 
қабілеті 
мен 
көз 
өлшемдерінің 
жақсы 
қалыптасқандының нәтижесінде көп көмек тигенін үнемі айта жүретін. Әйгілі 
авиконструктор А.С.Яковлев өзінің жазба деректерінде: «Мен тағы бір нәрсе 
үшін мектепке дән ризамын, онда сурет салу жақсы жолға қойылған. Сурет 
салуға қабілетімді ашқаным, маған болашақтағы өміріме көп көмегін тигізді» 
деп естеліктер қалдырғанын тарих беттерінен кездестіресің. Инженер-
конструктор өз ісін алға сүйреуді ойластырған кезде егжей-тегжейлі қағаз 
бетіне түсіре білу тиіс екендігі белгілі. Атақты гоеграф А.Половкин 
«География және сурет салу» деп үлкен еңбекті өмірге әкелген. Сондықтан да 
бейнелеу өнері әрбір адамзаттың сезіміне, қиялына қанат бітіріп, қарқынды 
дамып келе жатқан технологияға да пайдасын әкеледі. 
Қорыта айтқанда бейнелеу өнерін оқыту тәрбие мен оқытудың тұтастай 
бірлігін, педагогикалық құндылығын арттырады. Сурет сала отырып, табиғат 
ерекшеліктерін, құбылыстарын терең тани отырып, салған туындысын немесе 
заттың формасын жете түсіну арқылы баланың ойлау қабілеті жоғарылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет