Әдебиеттер
1. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. //
Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.
2. Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының
ғылыми мақалалар жинағы (18-19 бет.38-39 бет. 118-119 бет. 460-461 бет).
3. Журнал «Мектеп» № 11(6 бет)
ӘОЖ 375.5.016.02:04
АРАЛАС ОҚЫТУ (BLENDED LEARNING)
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ
ҮРДІСІНДЕГІ РОЛІ
Одаманова Г.П., Бәймішева А.Ж. Сейсенбек М.Ә.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Резюме
В этой статье обсуждается смешанное обучение, которое можно признать
синергетической системой, направленной на максимальное использование преимуществ
очного обучения и электронного обучения.
Summary
This article discusses
blended
learning, which can be recognized as a synergistic system aimed at
maximizing the benefits of face-to-face learning and e-learning.
Ақпараттық технологиялардың жаңартылға нұсқасы болып табылатын
цифрлық дәуір білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін көкейкесті етуде.
Технологиялық төңкерістің келуі білім беру технологияларынан да тап сондай
өзгерісті талап етеді, солардың қатарында аралас оқыту (blended learning)
технологиясы да бар.
Аралас оқыту - негізіне күндізгі оқу технологиясы мен электронды оқыту
технологияларын біріктіру қағидасына негізделген АКТ және заманауи оқу
57
құралдары ұсынатын жаңа дидактикалық мүмкіндіктерге сүйенетін оқу үрдісін
ұйымдастыру технологиясы. Аралас оқыту - бұл білім алушы, жекелеп алғанда
оқушы немесе студент, білімді онлайн, яғни, өз бетінше де, мұғаліммен де ала
алатын білім беру концепциясы. Мұндай қадам материалды оқып үйренудің
уақытын, орнын, үйрену жолын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Егер оқу
уақытының 30%-дан 79%-ға дейінгі бөлігі онлайн өтетін болса ғана ол аралас
оқыту деп танылатынын есте ұстаған жөн. Оның басым ерекшелігі ретінде
келесі аспектілерді айтуға болады:
Әр білім алушы қажетті білімдер мен дағдыларды ыңғайлы форматта алуына
мүмкіндік бар;
Оқыту қандай сұранысты қанағаттандыратыны және қандай нәтиже
әкелетіндігін түсіну әрі жоспарлау;
Білім алуды басқарудың тиімді құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету;
Технология мен оқыту бірін-бірі өзара толықтыра және байыта түседі;
Білім алушылардың өзара және ұстаздармен белсенді әлеуметтік қатынаста
болуы;
Білім алудың мезгіл мен мекенге тәуелді емес бола алуы;
Білім сапасының оқытудың тиімдірек құралдарын пайдалану салдарынан
артуы;
Шәкірттің өз бетінше жұмыстануына басымдық берілуі;
Топтық жұмысты қолдану;
Білім беру траекториясының иілгіштігі;
Онлайн және офлайн оқу-әдістемелік контенттердің интеграциялануы; Көріп
отырғанымыздай аралас оқытуды жүзеге асыру ҚР ББМС толықтай сәйкес
келеді, яғни оны тәжірибеде қолдануға болады.
Заманауи білім беру жүйесі қалыпты, жақсы, базалық білім беріп қана қоймай,
инновация туралы ойлайтын, креативті білім алушыларды дайындауы қажет.
Аралас оқытудың модельдері, түрлері және артықшылықтары алдын-ала
зерттеліп, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің барлық
деңгейлеріне ендірілуі қажет Бұл біздің елімізге сандық дәуір сынақтарына
төтеп беріп, Цифрлы Қазақстан бағдарламасын жүзеге асыруға, әлемнің
бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына сәтті енуіне жағдай жасайды.
2017 жылдың қыркүйек айында елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен
өткен цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық жиналыста Цифрлы
Қазақстан бағдарламасы таныстырылған болатын. Мемлекет басшысы 2017
жылдың басындағы мемлекет халқына жолдауында атап өткен үшінші
модернизацияның тірегі болып цифрландыру табылатынын баса айтты. Сондай
ақ, Президент біліктілік деңгейі жоғары мамандарды дайындау маңыздылығын
атап өтіп, бұл өз көзегінде білім беру саласындағы саясатты қайта қарауды
қажет ететінін айтты: Оқушылардан зейнеткерлерге дейінгі барлық
қазақстандықтар қайтадан кітапқа отырып, жаңа технологияларды үйрену
қажет. Өмір бойы білім алу қағидасы қажеттілікке, қалыпты жағдайға айналуы
тиіс[4]. Бұл жағдайда білім беру жүйесінің алдында үздіксіз білім алу үшін
58
заманауи білім беру технологияларын мөңгөріп және дер кезінде енгізу
мәселесі өткір сұрақ болып тұр. Алдыңғы орынға цифрландыру немесе
диджитализациялау құралы ретінде аралас оқыту (blended learning)
технологиясы шығады. Замандасты сандық дағдылармен қаруландыру өте
маңызды, себебі мұндай дағдыларға көптеген мамандыққа қажеттілігіне
байланысты сұраныс артып келеді. Оқу процесінің білім контентін онлайн
технологиялармен жеткізілуінің қанықтылық деңгейіне және қатысушылардың
өзара қатынас дегейіне байланысты сарапшылар төмендегідей бөледі:
Дәстүрлі оқыту (электронды технологияларды қолданбай);
Веб-қолдаумен дәстүрлі оқыту(курстың 1-29% желіде жүзеге асады: контентті
жеткізу, білім алушылардың өзіндік жұмысты орындауына LMS арқылы
минималды түрде әрекет ету);
Аралас оқыту - blended learning (курстың 30-79% пайызы желіде жүзеге асады:
аудиториядағы және желідегі сабақтар кіріктіріледі)
Толық онлайн оқыту( курстың 80% астамы желдіе өтеді, тіпті бетпе - бет оқыту
болмауы мүмкін). Аралас оқытудың құрамдас бөліктері болып сыныпта оқу,
қашықтықтан оқыту және Интернет арқылы оқыту табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері ғана тек
онлайн режимде өтетін оқытудан тиімділігі артық аралас оқытудың дамуына
зор үлес қосты. Бұл ғылыми зерттеулермен дәлелденген. Жекелеп алғанда,
Стэнфорд университетінің мамандары АҚШ білім беру федералды
департаментінің тапсырысымен мыңнан аса дәстүрлі, онлайн және аралас
оқыту туралы эмпирикалық зерттеулерді талдаған. Аралас оқытудың тарихы
1840-ж. бастау алады. И.Питман ең алғаш болып қашықтықтан оқыту
курстарын ұйымдастырды. Ол өз шәкірттеріне тапсырманы хат түрінде жіберіп,
олардың жауабын тексеріп отырған. Аралас оқыту қағидалары ХХ ғ. 60-ж.
алғаш пайдалана бастаған, алайда термин алғаш рет 1999-ж. американдық
Интерактивті орталығы интернет арқылы сабақ беруге арналған бағдарламалық
жабдықтаманы шығарғаннан бастап қолданылды. Басқа педагогокалық
технологиялардан айырмашылығы аралас оқытуда нақты автор жоқ, ол
оқытудың бар әдістері мен тәсілдерін өзгертуге бағытталған талпыныстар
жиынтығынан құралған. Сондықтан да бұл терминге дәл анықтама беру
қиындық тудырады. Аралас оқытудың кейбір анықтамалары: Аралас оқыту -
бұл оқыту тәсілдерінің (Bersin&Associates, 2003). Аралас оқыту - онлайн және
күндізгі оқытуды сабақтастыру (Reay, 2001) 2006 ж. Аралас оқыту
анықтамалығы (Bonk, 2006) мақаласында оның негізгі ерекшеліктерін
бейнелейтін алғашқы сипаттамасы жарық көрді: Аралас оқыту - бұл күндізгі
оқу (бетпе-бет білім алу) мен компьютер құралдарымен оқытудың
үйлесімділіпне негізделген оқыту. Аралас оқыту АҚШ және Еуропада кең
таралды. Бұл интернет коммуникациясының жақсы деңгейі мен халықтың
компьютерлік сауаттылығының жоғарғы көрсеткішімен түсіндіріледі. Өлеуетті
студенттердің техникалық (компьютерлік) жабдықталуы да аз роль ойнаған
59
жоқ. Педагогикалық тәжірибеде аралас оқыту қағидалары ұстазғамұғалімге
келесі мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді:
1. Білім берудің қол жетімділігі мен иілгіштігін арттыру арқылы, олардың жеке
білімділік қажеттілігін, оқу материалын игерудің қарқыны мен ырғағын ескере
отырып білім алушылардың білім алу мүмкіндігін арттыру;
2. Оқушының белсенді әрекетін қалыптастыруын ынталандыру: оның уәжін,
әлеуметтік белсенділігін, дербестігін арттыру, соның ішінде оқу материалын
игеруде рефлексия мен өзін-өзі талдау қабілеттерін арттыру, нәтижесінде білім
беру процесінің тиімділігін тұтастай арттыру;
3. Педагог стилін өзгерту: білімді трансляциялаудан оқушылардың өз
білімдерін құрастыруға жағдай жасайтын интерактивті өрекеттесуге ауысу;
4. Білім беру үрдісін білім алушы оқу мақсаттары мен оған жету жолдарын
өзінің білім алу қажеттілігін, қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін ескере
отырып өз бетінше анықтай алатындай жекелендіру және дербестендіру, ал
мұғалім көмекші және тәлімгер ролін сомдайды;
Сандық білім қорларының көпмөлшерлілік, тапсырмалары мен оқу ақпаратын
ұсынудың сан алуандығы, мазмұнның көпдеңгейлігі сияқты қасиеттері
мазмұнның көпнұсқалық қағидасын жүзеге асыратынын ескерсек, ол өз
кезегінде оқу үрдісін иілгіш және икемделгіш етеді, оқытуды дербестендіруге
жағдай жасайды. Аталған қағида оқу материалдарының, тапсырмалардың, оқу
үрдісін ұйымдастыру формаларын білім алушының өз ұстанымдарына сай
алуан түрлі етуді көксөйді, яғни әр оқушының өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай
жасайды. Нәтижесінде, білім мазмұнын сызықты емес игеру мүмкін болады
және білім беру үрдісінде оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ескеріледі, бұл
өз кезегінде сандық білім қорларын аралас оқытудың ажырамас бөлшегі етеді.
Аралас оқыту модельдерін жүзеге асыруда түрлі типтегі сандық білім беру
қорлары мен онлайн-сервистерді пайдалануға болады:
Білім беруді басқару жүйелері (LMS, Learning Management System, мысалы,
Moodle, Edmodo және т.б.);
оқу объектілерінің сандық топтамалары (мысалы, Хан академиясы, BilimLand),
ad);
оқу онлайн-курстары
контент пен оқу объектілерін жасау және жариялауға арналған құралдар
(мысалы, тест құрастырғыштар, тарсия kahoot, quizlet, т.б.);
байланыс және кері байланыс құралдары (Mirapolis, Vebinar. ru, Скайп, Google-
чат, т.с.с.);
құралдары (мысалы , Google Docs, Word Online, т.б.);
қауымдастық құру құралдары (әлеуметтік желілер);
оқу қызметін ұйымдастыру құралдары (электронды журналдар, Kundelik.kz,
т.б.).
Аралас оқыту қолдануға және әрі қарай дамытуға кең мүмкіндікке ие дамып
келе жатырған педагогикалық технология. Дұрыс және толыққанды
60
пайдаланылған кезде аралас оқыту тұлғаның XXI ғасыр дағдылары деген атпен
де белгілі құнды қасиеттерінің қалыптасуына жағдай жасайды:
Берілген мәселені тапсырманың барлықаспектілерін ескере отырып көшенді
шешу қабілеті;
Сын тұрғысынан ойлау, сөнімді ақпарат көздерін таңдап, мәселені шешуге
бағытталған ақпаратты әрәктей алу қабілеті;
Жасампаздық, қолда бар ақпаратты шығармашылық тұрғыдан сүзгіден өткізіп,
жаңа идеялар мен шешімдерді синтездеу қабілеті;
Топтық жұмыс, басқа адамдар өнімді жұмыс дағдысын ұйымдастыру, пікірлес
адамдарды іздеу, топтар құра алу қабілеті; ол Өмір бойы білім алу қағидасын
жүзеге асыру;
Шешім қабылдай алу және сол үшін жауап беру қабілеті.
Қазіргі заманғы сабақтарды жоспарлауға деген дидактикалық талаптар пәндік
қана емес, метапәндік, сондай-ақ оқушылардың тұлғалық нәтижеге жетуіне
бағытталған. Аралас моқыту модельдерін жүзеге асыру сабақты сабақ
тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін тұжырымдауда, оқушылар әрекетін
жоспарлап, олардың қызметін басқару және түзетуді іске асыруда, үй
тапсырмасын даярлап, бағалауды жаңа талаптарды басшылыққа алады. Оқушы
дәстүрлі сабақтарда сабақта отырып мұғалімнің айтқанын белсенді емес
орындаушыдан аралас оқытуда басты қайраткерге, ал мұғалім оқу үрдісін
жасырын басқарушыға айналады, яғни оқушыларды шабыттандырады.
Оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсат-міндеттерін, олардың өзектілігін
анықтауға тікелей араласып, мақсатқа жету жолдарын жоспарлауға белсенді
араласады, белгіленген жоспар бойынша жұмыс жасайды, сонымен қатар
бақылау (өзін-өзі бақылау, өзара бақылау) жүргізіп, соның нәтижесі бойынша
өз қызметін реттейді, соның нәтижесі арқылы өз қызметіне баға береді.
Мұғалім сабақтың көз-келген уақытында кеңес береді, ақыл айтады,
көмектеседі. Оқушылар қызметін дұрыс ұйымдастырғанда мұғалімге сабақты
жоспарлау кезеңінде ақ мөтапәндік және тұлғалық нәтижеге жету үрдісінің
қаншалықты сапалы өтетіні белгілі болады. Аралас оқыту технологияларын
қолдану педагог ролін түбегейлі өзгертіп, оны тьютор, кеңесші деңгейіне
көтереді. Педагогтың міндеті оқушыларға мақсатқа жетер жолда педагогикалық
қолдау, көмек көрсету Педагог - тьюторды келесі көсіби қырлары ерекшелейді:
жоғары кәсібилік және өз пәндік аймағындағы тиянақты білімі, ой өрісінің
кеңдігі, жоғары деңгейдегі тіл табысқыштық, төзімділік, көшбасшылық
қабілеттер мен топта жұмыс жасай алуы, даулы жағдайларда шешім таба білу,
жауапкершілік, оқушыларды ілестре білу қабілеті, жеке және топтық рефлексия
дағдыларына ие болуы.
Қорыта айтқанда, аралас оқытуды бетпе-бет оқыту мен электронды оқытудың
артықшылықтарын барынша тиімді етуге бағытталған синергиялық жүйе деп
қарастыруға болады. Сандық (цифрлық) білім беру қорларын пайдалану -
аралас оқытудың маңызды әрі ажырамас құраушысы. Бұл қорлар электрондық
болғандықтан полиграфиялық баспалардан айқын артықшылықтары бар.
|