References:
1. Raimkulova D.U.//Abu Nasir al-Farabi and the medieval Otrar Wisdom., - Almaty:
Kazinform, 2001.Page.216.
2. President of the Republic of Kazakhstan Kassym-Zhomart Tokayev, //Abai and the article of
Kazakhstan in the 21st century. N3-4 (20858) 2020 / O.Q.
3. Turdaliev A.M.// Musical science of Al-Farabi., - Almaty: Kazinform, 2001.Page.216.
4. Biography of Abay Kunanbayev from the book of Kazakh literature., Almaty-2010
ӘОЖ 37.013
ОТБАСЫ - ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУ МЕН ҚАЙНАР КӨЗІ
Айдарбеков К.Д.
–
магистр-аға оқытушы, ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан
Тұрдалиев А.А.
–
аға оқытушы, ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан
Керимбеков М.А.
– п.ғ.к., Оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімінің бастығы,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ,
Шымкент, Қазақстан
Резюме
Традиционно главным институтом воспитания является семья. То, что ребёнок в детские
годы приобретает в семье, он сохраняет в течение всей последующей жизни. Важность
семьи как института воспитания обусловлена тем, что в ней ребёнок находится в течение
значительной части своей жизни, и по длительности своего воздействия на личность ни
один из институтов воспитания не может сравниться с семьей. В ней закладываются
основы личности ребёнка, и к поступлению в школу он уже более чем наполовину
сформировался как личность. Положительное воздействие на личность ребёнка состоит в
том, что никто, кроме самых близких для него в семье людей – матери, отца, бабушки,
дедушки, брата, сестры, не относится к ребёнку лучше, не любит его так и не заботится
столько о нём. Семья – это особого рода коллектив, играющий в воспитании основную,
долговременную и важнейшую роль.
Summary
Traditionally, the main institution of education is the family. What a child acquires in the family
during childhood, he retains throughout the rest of his life. The importance of the family as an
institution of education is due to the fact that the child is in it for a significant part of his life, and
for the duration of its impact on the individual, none of the institutions of education can compare
with the family. It lays the Foundation for the child's personality, and by the time they enter school,
they are more than half formed as a person. The positive effect on the child's personality is that no
one except the people closest to him in the family – mother, father, grandmother, grandfather,
brother, sister, does not treat the child better, does not love him and does not care so much about
477
him. The family is a special kind of collective that plays the main, long-term and most important
role in education.
Халқымыздың ұлттық тәрбиесінің өркендеуі болашағы - бүгінгі жас ұрпақтың
қолында. Еліміздің келешектегі тағдыры олардың патриоттығы мен
азаматттылығына байланысты. Жастардың бейнесі, ақыл парасаты, білімі , ой -
өрісі қандай дәрежеде болса қазақ халқының рухани әл-қуаты да сол дәрежеден
көрінеді. Ал халықтың жоғын жоқтап, қамын ойлайтын ізгі азамат тәрбиелеу
бүгінгі таңда отбасы мен мектептен басталады. Жастардың өз халқының
ұйымшылдық пен отаншылдығы жоғары санаған қаһармандар тарихын,
әдептілік пен адамгершілікті негізге алған асқақ әдет-ғұрыптарын оқып
үйренуге отбасы мен мектептің ролі бірінші орында.
Отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі тәрбие мекемелері, балалар және жас-
өспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары – бұлардың бәрі
де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын ерекше «тәрбиешілер»
тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді; мектеп оңтайлы
қылық, дұрыс көзқарас қалып-тастыруға ұмтылады; балалар мен жеткіншектер
ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп,
әрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы
аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таңдайды,
соның ықпал тәуелділігінде болады.
Осыдан тәрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара қатынастарымен
бірлікте қарастырылады.
Бала үшін отбасы – ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі.
Осыдан отбасында қабылданған көзқарастар, салт-дәстүрлер, ұстанымдар,
әрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша
өмірінің негізгі сипатын қалайды.
Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне,
әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән талап-
тәртіп ұстанымдарына байланысты.
Тұлғаның әлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар
болады. Олар: туған күнінен бастап, балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал;
отбасыдағы қарым-қатынастың туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара
жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тәжірибе өткізуге
бағытталған әрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы
және ықпалы. Өз балаларының ерекшеліктерін, қызығулары мен қажеттерін
ескеруде ата-аналар мүмкіндіктері орасан.
Отбасылардың өздеріне тән ерекшеліктеріне қарай:
Құрылымы бойынша (мүшелер саны, жас деңгейлері): үш әулетті отбасылар –
ата-аналар, балалар, немерелер; екі әулетті отбасы- ата-аналар және балалар;
бір балалы; көп балалы (үш одан да көп балалы) отбасылар; толық болмаған,
яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз және т.б. отбасылар; отбасы тұрмысы
және даму жағдайларына байланысты (жарасымды және қисыны кеткен
478
отбасылар); отбасылық тәрбие стиліне орай (әкімшіл, адамгершілікті,
либералды).
Әкімшіл (авторитарлы) отбасы – бала қарсылығын не күйзелісі мен
селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады.
Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен көрініп,
балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.
Адамгершілікті қатынас түрі (стилі) ата-аналардың бала тұлғасына болған
сыйластық, құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін қабылдауымен, өзіндік
дербестігін шектемейтіндігімен еленеді. Мұндай отбасылар балалар датына
құлақ түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, оның шығармашыл
ынтасының дамуына көмектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы
сезінеді, әрдайым табысты әрекет қуанышына бөленіп, оны ата-анасымен
бөліседі, олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нәзік сырларын ортаға салып,
проблемаларымен бөліседі, кеңестерін тыңдауға асығады, өз қадір мәртебесін
сезінеді.
Либералды стильдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға,
оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді. Балалар ата-аналарының
әсіре сүйіспеншілігін «қорғаныс» етеді немесе олардың түгелдей елемеу,
немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы екіжүзділікке, менмендікке,
тәртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа душар етеді.
Өз перзентіне шынайы қамқорлық пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана,
негізінен адамгершілікті (демократтық) стильді қолдана отырып, орынды
жерінде әкімшіл не либералды тәрбие элементтерін қолдануды да ұмытпайды.
Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер – бұл өнеге-үлгі, бірлікті
еңбек, іс-әрекет, әңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау. «Мендей бол!»,
«Мендей істе!» ұранымен тәрбиелей отырып, ата-аналар өз өнегесімен қалай
жасау, еңбектену қажеттігін үйретіп, сыйластық, сүйіспеншілік сезімін
білдіреді. Отбасыда ешкім «мен енді сені тәрбиелемеймін» - деп айтпағаны
жөн, себебі төңіректегінің бәрі: баланы қалыптастыруда өз үлесін қосып
барады. Балаға болған қатынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа
адамдармен араласу, отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер.
Сондықтан да тәрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті
жоқ –тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік әдеп сақтап, өмір сүруді басты
ұстаным етіп алу керек. Өйткені жаңа туған нәресте «адам» деген атауға көпке
дейін ие бола алмайды, адам болып , ер жету бала оны мен солын , өзінің басқа
«мендерден « жырата білуі тиіс, яғни әрбір нәресте отбасынан «адам» деген
атқа ие болып, одан әрі белгілі бір қоғамның мүшесіне айналады. Осыдан
бастап ол өмірге деген белгілі бір дүниетанымға ие болады. Ол қандай да бір
істі білімі мен біліктілігімен істен келешекте деген сенімді және жеткіншек
болуы керек.Ол өзін жағымсыз әдеттерден әрекеттерден аулақ ұстап, жақсы
қылықтары үшін жауап беруге дағдылануы және әрбір жас ең алдымен осындай
адамдық қасиетке ие болуы керек. Ол үшін отбасының, ата-ананың бере
тәрбиесі бірінші орында екені білеміз. Өкінішке орай бүгінгі таңда отбасы
479
тәрбиелік мәселелері әр түрлі қырынан көрініп жүр». Отан отбасынан
басталады, яғни тәрбие де отбасынан басталады. Қазіргі таңда жан түршігерлік
қылмыстың жаңа түрлері етек алып бара жатыр. Адамдар арасындағы бүлікті
бүгінгі зерттеушілер арақ, есірткі, тұрмыс шырқының бұзылуынан көреді.
Қазақта кісілік деген ұғым бар. Кісілік әр адамның қоғамдағы бет келбеті.
Адамның жасаған әрекеті мен мінез құлық және оның ар ожданы кісілігінің
өлшемі. Ал осы кісіліктен айырылған ата анадан қандай ұрпақ күтуге болады?
Ондай отбасынан шыққан бала біріншіден жасқаншақ болады. Қазіргі кездегі
отбасындағы берілетін тәрбиеге нұқсан келтіретін бір нәрсе жұмыссыздық.
Жұмыссыздық бала тәрбиесіне оның әрі қалай дамып жетілуіне теріс әсерін
тигізетіні сөзсіз. Ата-ана қаражат табу қамымен күн түн демей жұмыс істейді.
Ал бала ата анасы келгенше үйде жалғыз отырады немесе жалығып жағымсыз
іс әрекеттермен айналыса бастайды,ал ата-ана оны білмейді. Міне осылай бала
теріс жолға түседі. Тағы бір айтатын нәрсе, ата ана қаражат табу қамымен
жүргенде мектеппен байланысын да үзеді. Ал екі жақ тығыз байланыста
болмай, бала екі жақты тәрбие көрмесе оның келешегінің тамырына балта
шабылады деген сөз. Жалпы тәрбие мәселесінде бірінші жауап беретін ата ана.
Себебі, баланың алғашқы көргені, алғашқы естігені ата анасы , оның сөзі.
Алғашқы сезген жылы алақаны, ата ананың бойындағы қасиет. Егер осы
аталғандар жоғарғы дәрежеде болса, бала да сондай дәрежеде тәр биеленеді.
Кейбір ата-аналар бала тәрбиесіне кезінде көңіл бөлмей, өскен соң түзелер деп
жүреді де жоғары сыныптарға келгенің кімді тәрбиелегенін өздері де түсінбей
қалады. Ата-анасын түсінбеген, танымаған бала басқаны да тыңдап
жарытпайтыны аян.сондықтан да әр бір ата-ана «баланы жастан» деген аталы
сөзбен «Не ексең соны орасың» деген халық даналығын жадына ұстаған дұрыс.
Тағы бір тәрбиеге нұқсан келтіретін ата ана тарапынан жіберілетін қателік
баланы шектен тыс еркелетіп қолына қомақты ақшаны ұстатып, өз еркіне
жіберуі. Қазіргі кезде заман өзгеріп, өмірімізге техниалық прогрестің жетілгент
кезінде компьютерлік ойындар орталықтары ашылып жатыр. Осында
жүретіндер балалар, ойынға салынып сабақты да, басқаны да ұмытып, өз
алдына қызыққа батады. Соңғы кездерде газет журнал беттерінен осы мәселе
жөнінде хабарды көп естіп жүрміз. Тіпті ақша үшін ұрлық жасап, өз ата-
анасына қол жұмсап жатқан жасөспірімдерді естігенде төбе шашың тік тұрады.
Компьютерлік ойындар адам миын улап алатын апиындай .Осы мәселені әрбір
отбасы алға тартып, тереңінен пайымдауы керек. Сонда ғана тәрбиеге қатысты
бір мәселенің шешілуі мүмкін .Тағы бір айтылатын жайт, отбасының ішкі
насихаты туралы. Егер отбасы мүшелері ең алдымен өзара татулықта,
сыйластықта болмаса, онда тәрбие туралы сөз қылып та қажеті жоқ. Ата-
анасының балаға сын көзқараспен қарап, кемшілігін түзеп, жетістігін жебеп
отыру тағы бір үлкен мәселе. Ол тіпті баланың болашақтағы орны туралы үлкен
әселеге ұласады. Балаға сын көзбен қарауды біз «Абай жолын» оқығанда
Құнанбай өзінің қасындағы байшонжарларға Абайды былай деп таныстырады:
480
«Одан да не күтсеңдер де, осы жаман қарадан күтсеңдерші» - дейді. Сыншыл
әке Абайды қабілет қарымын танып ел басқаруға ерте баулуы да содан .
Қазақ «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтпаған. Қазіргі кездегі
ғылыми көзқараста отбасының тәрбиесінің маңызын жоққа шығармайды.
«Баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы. Жаманы
қайғысы , азап соры»-деген атақты педагог В. Сухомлинский айтқан. Бала
тәрбиесінде мектеп пен отбасы міндеттерін күшейтеді. «Тәрбиенің ең тамаша
мектебі отбасы». Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай
жұмса, 15 жастан асқан соң досыңдай сырлас. Ата-ананың үйдегі қарым-
қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі. Дана халық: «Қарағайға
қарап тал өседі, отбасыға қарап бала өседі», «Әкеден ақыл, анадан мейір
алады», «Әке асқар тау болса, нан бауырындағы бұлақ, ал бала жағасындағы
құрақ». Осы бір үш сөз әке-ана, бала отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Ана
тәрбиесі кешенді тәрбие, жинақталған аса тағылымды мектеп. Әке балаға
сыншы. Ол бала бойындағы әрбір жақсы ісіне сүйсіні , теріс әрекетіне күйінеді.
Әке тәрбиесі асуды ауыздықтандыратын, тентекті тұзақтайтын, елдікті
сақтайтын, ерлікті жақтайтын, шаңырақтың шаттығын шалқытатын мектеп.
Тәрбиенің үлкен құралы шындық. Егер баланы жастайынан шындыққа
тәрбелесек, барлық адамгершілік қасиет соның маңайынан табылады. Мен өзім
тәрбиелеп жүрген шәкірттерімді «Еш уақытта ешкім білмейді деп, ешбір іс
істеуші болмаңдар, барлығын жұрт көріп, біліп тұрғандай сезініңдер»-деп әр
уақытта сақтандырамын. Баланы адалдық пен шындыққа үйрету ісінде мұғалім
әрдайым ата-аналармен тығыз байланыста болуы керек.
Бала адамның бауыр еті. Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік деп Абай
атамыз айқандай, бала жақсы болса, жаның тояды, жаман мінезін не іс әрекетін
етігенде бір жасқа қартаясың. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына
сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қазір қоғам
жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам
талабы, заман талабы, өйткені әр адам өз заманының баласы. Сол себептен
адамды заман билейді, заманына сай заңы туындай.
Жеткіншек тәрбиесі бүкіл жұртшылықты ойландыратын, олардың алдына күн
сайын сан алуан жаңа талаптар қоятын күрделі мәселе. Адам мінезінің көптеген
жағымды, жағымсыз жақтары да осы отбасыда қалыптасады.
Ендігі жерде ата-ана мен мектептің алдында тұрған міндет: баланы «Ана сүті
бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» - дегендей ана отының өшпеуін, бақытының
көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбинің жыламауын, сұм соғыстың
болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Ол перзентін: «асылым мен
алтыным, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым деп , аман болсын
бастары, ұзақ болсын жастары деп күні-түні, өмір бойы перзентінің тілегін
тілеген»,- деп қорытындылаймыз. Осындай тақырыптағы тәрбие сағатында ата-
аналар арасындағы бала тәрбиесіне көзқарастың әртүрлілігі байқалды. Ата-
аналардың
отбасыдағы
тәрбие
мәселелері
жөніндегі
келіспеушілігі,
көзқарастарының бір болмауы баланы жеке басында жақсы сапалар
481
қалыптастыруға кері әсерін тигізбей қоймайды. Тату-тәтті өмір сүріп отырған
отбасы әрдайым балаларының тәрбиесіне көп көңіл аударады.
Достарыңызбен бөлісу: |