Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет53/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
Әдебиеттер 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған 
Мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 
қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген. Қазақстан Республикасындағы Президенті мен 
Қазақстан Республикасы Астана, 2004.-4-38 б.\\ Егемен Қазақстан 2004 ж. 16 қазан 
№258(23893). 
Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. – Алматы: Комплекс, 2004 – 218 б. 
Левина М.М. Процесс обучения на уроке: учебное пособие. М.: МГПИ, 1976. – 80с. 
Кулюткин Ю.Н. Эвристические методы в структуре решений. – М.: Педагогика, 1970. - 231 с. 
Дайри Н.Г. О сущности самостоятельной работы // Народное образование. - 1963. - №5. - С. 
29-34. 
Аймағамбетова Қ.А. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың ғылыми-әдістемелік 
негіздері: пед.ғыл.докт.дис. – Алматы, 1998. - 322 б. 
Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы: «Білім», 2003. - 320 б. 
 
ӘОЖ 512.743.4 
ӨЗГЕРМЕЛІ ПАРАМЕТРЛЕРІ БАР ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫ 
КЕСКІНДЕУДЕ GEOGEBRA БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ 
Кадирбаева Р.И., Қаратаев А.О., Мұратбекова Ұ. А. 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 
Резюме 
 В статье приведены конкретные примеры использования математической интерактивной 
программы GeoGebra при изображении геометрических фигур с переменными параметрами 
и алгоритм построения динамического изображения, отражающего результат 
поставленной задачи. 
Summary 
The article provides specific examples of using the interactive mathematical program 
GeoGebra when depicting geometric shapes with variable parameters and an algorithm for 
constructing a dynamic image that reflects the result of the problem. 
Білім берумен қатар көптеген салаларда миллионнан астам қолданушысы бар 
2001 жылы дүниеге келген «GeoGebra» бағдарламасының негізін қалаушы 

Маркус Хохенвартер. Бұл бағдарламаны 2011 жылы Талғат Байназаров 
толықтай қазақ тіліне аударып, оның арнайы лицензиясын иеленді. Бұл 


160 
жағымды жаңалық елімізде математиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін 
жетілдіруге үлкен үлес қосты.
«GeoGebra» бағдарламасы – қиын да, қызықты математика пәнін оқытуда 
компьютерді пайдалану арқылы пәнге қызығушылық тудыратын бірден-бір 
ақпараттық-коммуникациялық құрал. Ол – еркін таралған динамикалық
геометриялық ортa, яғни циркуль мен сызғыштың көмегімен «тірі сызбалар» 
жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оның функциялармен жұмыс жасау 
мүмкіндігі де зор (графиктер құру, түбір есептеу, экстремумдар, интегралдар, 
т.б.). «GeoGebra» – Маркусом Хохенвартердің Java тілінде жазған 
бағдарламасы. Онда жұмыс істеу қарапайым болғанымен, ол көптеген 
операциялық жүйелерде жұмыс атқарады.
«GeoGebra» бағдарламалық ортасын компьютерде жұмыс жасау дағдылары 
төмен адамдар да тез меңгере алады, бұл оның артықшылығы болып табылады. 
Оны пайдалану өте қолайлы, яғни офистік қосымшаларға оңай кіруге болады:
барлық сызбаларды алмасу буфері арқылы ары қарай қолдану үшін мәтіндік 
редакторға немесе суреттермен жұмыс жасайтын графикалық редакторларға 
aуыстыру мүмкіндігі бар. Бұл мұғалімдерге заманауи техниканы пайдаланып 
сабақ өтуде үлкен мүмкіндік беріп отыр.
Сондықтан да, мақалада «GeoGebra» бағдарламасын қолдана отырып,
параметрлері өзгермелі болатын жағдайда геометриялық фигураларды 
кескіндеуді қарастырамыз.
Параметрлері бар геометриялық есептердің белгілері: 
есептің шартында әріппен берілген немесе белгісіз геометриялық шамалардың 
бар болуы; 
есеп талаптарына мүмкін болатын шешідерінің санын анықтау, шарттарды 
айқындау, тәуелділік сипатын анықтау сұрақтарын енгізу.
 
Компьютерлік шешімі аналитикалық шешімнен тәуелсіз алынуы мүмкін 
есептер параметрлерлі есептерді шешуді оқытудың бірінші кезеңдерінде 
қолданылуы мүмкін, өйткені олар есепті шешу нәтижесінің параметр мәнінен 
(немесе параметрлер мәндерінің арақатынасынан) тәуелділігін көрнекі етеді 
және де "параметр", "параметрдің бақылау мәні", "параметрлі есепті шешу 
нәтижесі" ұғымдарының мәнін ашуға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет