150
қолданбалы маңызы өте зор. Электродинамика физика курсының
политехникалық маңызы бар бірден бір ерекше бөлігі.
Техникалық
сұраныстардың бәрі, дерлік электродинамика негізінде құрылған. Ал оны оқыту
көрнекілік тәжірибелерінсіз іске асуы мүмкін емес. Электродинамиканы оқыту
әдістемесі бір ғасыр аралығындағы даму мерзімінде физика курсының ең
негізгі, прогрессивті бөлімі болып қалыптасты. Ғылыми-техникалық
өркениеттің қарқынды дамуымен тығыз байланыстағы физиканың бұл саласы
(электродинамика) жылдан-жылға күрделеніп келеді. Оны оқыту үлгісі де жаңа
тұрғыда өзгеруде. Физикалық жаңа заңдылықтардың ашылуы, жаңа физикалық
құрылғылар мен қондырғылардың, аспаптардың шығарылуы физиканы оқыту
әдістемесінің көрнекілік принципін дамытудың бірден-бір ұйытқысы болды.
Радиотербелістер мен толқындардың өмір дағдысына енді аяқ ала бастағанында
оны оқытып, көрнекілікпен көрсетіп баяндау мүмкіншіліктері болмады.
Бірақ
болашаққа зор сенім артқан әдіскер физиктер өздерінің шеберліктерін шыңдап,
электродинамиканың қызықты құбылыстарын оқушыларға көрнекілей білді.
Совет әдіскер физиктері Е.Н.Горячкин, А.А.Покровский, Г.И.Фалеев,
Б.С.Зворыкин және электромагниттік тербелістерді, электродинамиканы
оқытудың көрнекілігін жасауға ерең еңбегімен ат салысқан ғалым
Н.М.Шахмаев болатын. Мектеп физикасын оқыту үдерісіндегі көрнекілік
принципінің әдістемелік негіздерін жетілдіру электродинамика бөлімдерін
оқытудағы өзекті мәселелердің бірі. Сол себепті де «Мектеп физика курсының
«Электродинамика»
бөлімі
бойынша
жасалатын
кейбір
физикалық
практикумдар және оны ұйымдастырып өткізудің әдістемесін зерттеу маңызды
деп
есептеймін.
Қолданбалы білім беруді жеке тұлғаны жан–жақты
дамыту мен тәрбиелеудегі
негізгі құраушы ретінде қарастыру керек. Оның өндіріс салаларының ғылыми
принциптерімен таныстыруда, өндірістің ғылыммен байланысы жөнінде
теориялық мағлұмат беруде, оқушыларды қарапайым еңбек құралдарымен
жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруда маңызы зор.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс –
тәсілдермен, жүргізілу ерекшелігімен,
қызықтылығымен ерекшеленеді. Әдіс – тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы
оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады.
заманауи технологияладың әдіс – тәсілдерін,
элементтерін қолдану арқылы
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін,
танымын
қалыптастыру.
Электродинамиканың негізгі бөлімдері электростатика, тұрақты электр тогы, әр
түрлі ортадағы электр тогының табиғаты тақырыптарында сабақтардың
түрлері, жүргізу әдістері, қолданбалы материалдарды қамтитын білім мен
біліктілікті дамытудың тәсілдері қарастырылады.
Педагогикалық эсперимент
– бұл бақылау арқылы педагогикалық құбылысты
байқауға мүмкіндік беретін өзінше құрастырылған және жүзеге асырылған
әдістемелік жүйе. Орта мектепте электродинамика тарауын оқыту үдерісі
151
кезінде қолданбалы білім беру үшін әдістемелік жүйе құрылып, педагогикалық
эксперимент
жүзінде
тексерілді.
Анықтаушы, ізденушілік, оқып – үйрену кезеңдерінен тұратын эксперимент
барысында «Электродинамика» тарауын оқу процессінде оқушылардың
қолданбалы білімдерінің деңгейі анықталды.
Қорыта
айтқанда, оқушыларға электродинамика тарауындағы қолданбалы
материалдарды оқыту, техникалық білімдерін кеңейтетін қолданбалы
мазмұндағы сабақтар жүйесі нағыз бәсекеге қабілетті жастарды дайындайды .
Электродинамика тарауы бойынша физика – техникалық материалды игеру
жолдары, пәнаралық байланыстың ролі және арнайы жасақталған әдістемелік
жүйелер қарастырылады. Бүгінгі күнде бәсекеге қабілетті болу көрсеткіші –
білім деігейімен өлшенуде. Ал, бұл істің шешушісі, әрине, мұғалім. Мен жұмыс
формалары мен әдістерін жиі өзгертемін. Мен өз сабағымды заманауи
технологиясыз, компьютерсіз және интернетсіз елестете алмаймын.
Мен ойын
технологияларын, жұптық, топтық жұмыстарды қолданамын, бұл балаларды
топтағы мәселелерді шешуге және бір-біріне көмектесуге үйретеді.
Заманауи мұғалім заманауи, жаңа заман талабына бағытталған мектепте білім
беру арқылы білікті де білімді жастарды дайындайтын болады. Сондықтан да,
жаңашыл мектепте білім алушыларды жаңаша
білім нәрімен сусындатуға
әрқашан дайынмын.
Достарыңызбен бөлісу: