7.Есепті тексеру.
Есептің бастапқы берілген нұсқасына қайта оралып, теңдеуді
шешуден алған нәтижелермен салыстыру жұмыстары, ой елегінен өткізу
орындалады.
8.Есептің жауабын жазу.
Теңдеу құруға берілген есептерді шығару үдерісінің
көрсетілген осы кезеңдерінің әрқайсысына оқушыларды үйрету мақсатымен
түрлі жаттығу жұмыстарын орындату қажет. Ескерту ретінде айтарымыз: кейде
мәтіндік есептің шарты формуласыз және белгісіздер әріпсіз белгіленіп
беріледі, ал есептің шарты кейбір мәтін түрінде тұжырымдалады.
Мәтіндік есептерді іскерлікпен шешу оқушылардың дағдысына байланысты
анықталады. Біз физика курсының қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді
шешудің негізгі әдістемелік ерешкеліктерін қарастырамыз [2-4].
Қозғалысқа берілген мәтіндік есептер.
Мұндай мәтіндік есептердің негізгі
компоненттері: S – жүрілген жол, V-жылдамдық, t-уақыт.
.
V
S
t
;
t
S
V
;
t
V
S
Есепті шешудің жоспары:
Әдетте белгісіздер үшін арақашықтықты (егер ол берілмеген болса) алады
немесе қозғалатын объектілердің жылдамдықтарын алады.
Бұл жағдайларда теңдеу құру үшін, ереже бойынша, мынадай пайымдауларды
қолданады:
а) егер, екі объекті бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалатын
болса, онда олар кездескенге дейін
2
1
V
V
S
-ға тең уақыт жүреді.
б) Егер объектілер әртүрлі уақытта қозғалатын болса, онда олар кездескенге
дейін бұрын шыққаны көп уақыт жүреді;
в) егер объектілер бірдей ара қашықтық жүрген болса, онда бұл ара
қашықтықты бұл есептегі ортақ белгісіз шама деп қарастырған тиімді;
г) объектілер бір бағытта
2
1
V
V
қозғалатын болса, біріншісінің екіншісін
қуып жететін уақыты
2
1
V
V
S
-ге тең болады.
Қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді шығарған кезде мынадай
ұйғарымдарды қабылдайды:
Қозғалысты бірқалыпты деп есептейді;
Жылдамдықты оң шама деп қарастырады;
Қозғалыстағы денелердің бұрылуы және жаңа қозғалыс режиміне ауысуы
лездік деп қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |