243
Молда Мұса шығармаларында
әскер, найза, сойыл, қылыш, шоқпар
сөздері
де қолданылады.
Қирайды қылыш, найза болса майдан,
Әр жерде ерлік шығар намыс жайдан (Шығ.,1-к;27-б)
Бірлік қып ынтымаққа кірейік те,
Көмек қосып біз-дағы бұл әскерге (Шығ.,1-к;27-б)
Молда Мұса шығармаларындағы
сарын салып
деген тіркес кездеседі.
Шығыс
түркі тілдеріндегі сарын-өлең, халық өлеңі [2, 612-613].
Ақын бұл тіркеске
эмоциялық реңк қосып, той-тойлап, өлең айтып деген мағынада қолданады.
Бір күні далбасалап сексен барып,
Бір қызды сегіз күнде қайттық алып,
Қалай деп мәслихаты жақсылардың,
Мен жүрмін осылайша
сарын салып
(Шығ.,1-к;42-б)
Құл
сөзі
Алланың, Жаратқанның ақтың құлы
мағынасында.
Кәпір болып дозақта қалмас депті,
«Ләһи-ләһа,илла» деген құлды (Шығ.,1-к;124-б)
Ұстыны екі әлемнің, ақтың құлы-
Мұхамбет Қадишаға тұрған малай (Шығ.,1-к;20-б)
Еріксіз, әлдекімге тәуелді, адам қатарында жоқ деген мағынада жұмсалған.
Озған ат кірмес алуан қатарына,
Құл шоры барар адам қатарына (Шығ.,1-к;73-б)
Некалайдың уақытында бұндай ма едік,
Ықтиярсыз бір тұтқын құлдай едік (Шығ.,1-к;27-б)
Диуана
– ақын бұл сөзді
ештеңенің байыбына бармайтын,әйтеуір бір пенде,
тіршілік иесі, берекесіз жан, есерсоқ мағынасында қолданған.
Бір пері жынды қылған диуанадан,
Нетерсіз шариғаттың жолын сұрап (Шығ.,1-к;51-б)
Бақсы
– экстазға түсіп,жер асты әлемімен немесе
көк тәңірмен байланысқа
шығатын тәңірлік нанымның негізгі кейіпкерлерінің бірі бақсы дәстүрлі
түркітанымда, шынында да қасиет иесі болғаны анық. Көне түркілер де, одан
бергі қыпшақ ата-бабаларымыз да бақсыны қам дегені белгілі. Қам сөзін гундер
де қолданған,олар өзінің бас бақсысын ата қам деген. Сол дәстүрді
бойына
сақтаған туыстарымыз тувалар ірі, күшті бақсыларын улуг хам дейді. «Бақсы»
мағынасындағы
қам
сөзі ІХ ғасыр жазба деректері Ж.Баласағұнидің «Құтты
білігінде» (Қутадгу билик), М.Қашқаридың «Диван луған-ат түркінде», ХІV
ғасырдағы қыпшақ жазбалары «Кодекс Куманикусте» кездеседі екен.
Бақсы
– емші, сәуегей, дәнекер, тылсым дүниемен сұхбаттас болатын
медиум,
жыршылық, музыкалық т.б. ерекше қасиеттері бар шамандық наным
өкілі.
Қазақ тіліндегі бақсы сөзінің қайдан шыққандығы жөнінде Ш.Уәлиханов,
Л.Бартольд, В.В.Радлов, А.Диваев, Б.Абылқасымов, Е.Тұрсынов, М.О.Әуезов
т.б. ғалымдар пікір білдірген. Бақсы этимологиясы туралы сөз тағы бір пікір –
бақсы түбірін кәдімгі «бағу» (күту, емдеу) сөзімен
байланыстырған қазақ
244
бақсылық жайында қарастырған И.Чеканинский пікірі ХХ ғасырдың отызыншы
жылдары мұндай қорытындыға Қ.Жұбанов та келсе,
бергі уақыттағы
зерттеушілер оны қайта дәлелдеп шықты.
Молда Мұса шығармаларында бақсы сөзі 1-ақ жерде ем-дом жасаушы, құшнаш
мағынасында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: