Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет90/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Бақсының
қожа-молда жинап бәрін, 
Оқытып, дем салдырып сені қарар (Шығ.,1-к;90-б). 
Эпос тілін зерттеуші профессор Е.Жұбанов қазақ тіліндегі бақсы қырғыз 
тіліндегі бақшы «шаман, тәуіп» мағынасында, түркі тіліндегі бахшы - әнші, 
музыкант дегенді білдіретінін жазады. А.Тұрышевтің пікірінше, 
қам мен бақ
шығу тегі бір болуы мүмкін, ал (қам+шы=бақ+сы) шаман-саман мағыналары 
синоним сөздер. Бақсы о баста үлкен ұстаз болған [7, 58]. 
Шаман/саман – елірмесі бар деген мәндегі тұңғұс сөзі. Оның қазақша баламасы 
бақсы. Бақсы атауы қытай тілінде бо ши үйретуші, тәрбиеші, білімдар 
мағынасында қолданылады [8, 82]. 
Талай
– көне сөз. Бұл сөз «тағдыр, пешене» бұлардан «бақ, несібе, маңдайға 
жазылған, «пешене, бақыт» деген ұғымды білдірген. Молда Мұса 
шығармаларында бір-ақ жерде келген. 
Жанған оттың үстіне май құйғандай 
Алаулатты жалынды тағы біреу, 
Бұл сөзден алыс емес жамайыңыз, 
Осыдан көтерілгей 
талайымыз
(Шығ., 1-к.,51-б) 
Шыбын. 
Қазақ тілінде жан сөзімен қосақталып шыбын сөзі жүреді.Молда 
Мұса шығармаларында шыбындай жан түрінде 1-ақ жерде келеді. «Ұры мен 
жолбарыс» дастанында: 
Сырымды бұл жолбарыс біліп қойса, 
Тырнақтай жерім қалмас шайналмаған. 
Жаныма бір шыбындай болды қауіп, 
Ажал екен жүргенім мініп шауып (Шығ., 1-к.,86-б). 
Бұл шумақтағы Жаныма бір шыбындайдеген тіркесте шыбындай анықтауышы 
жан зат есімінен кейін келіп,инверсия жасап тұр. І.Кеңесбаев «Қазақ тілінің 
фразеологиялық сөздігінде» шыбын жан тіркесін этностық, мифтік таным 
тұрғысынан түсіндіреді. «Діни ұғым бойынша, кісі өлгенде жаны шыбын 
тәрізді ұшып кетеді-мыс» деген пікір айтылып келеді (Кеңесбаев, 569). 
Шыбын жан көне түркі тілдеріндегі чывы (чыбы) сөзі ру – тайпаның 
жебеушісі, рух деген ұғымды берген. (М.Қашқари). Мүмкін, чыбы(н) сөзімен
ру-тайпаны жебеп-қорғап жүретін ғана емес, адамдарды қолдап, жебейтін күшті 
де, яғни адамның жанын да білдірген болу керек [1, 163].
Р.Сыздық: «Шыбындай жан» деген тіркестегі шыбын сөзіне –дай жұрнағының 
жалғануы, біздің байқауымызша, теңеу үшін болып тұрмаған сияқты.Бұл 
жұрнақ түп-төркіні бейтаныс сөздерге жалғануға бейім екенін,яғни –дай 
жұрнағымен келген ондаған күңгірт сөздер бар екенін тіл мамандары әрдайым 
көрсетіп келеді (мысалы, еңгезердей, өндірдей, алпамсадай, зымырандай) 


245 
дегендердің түбірі жеке қолданылмайды, беретін мағыналарын да екінің бірі 
бірден тап басып айтып бере алмайды. Шыбындай жан дегенде де –дай 
жұрнағы теңеуден гөрі, екінші жан сөзінің дәлме –дәл эквивалентін білдіру 
қызметін атқарып тұрған тәрізді [1, 163-164]. 
Дүр
сөзі де көне тұлғалардың бірі болу керек. Бұл сөзге Н.Оңдасынов мынадай 
түсініктеме береді: 1) інжу; маржан; қымбат; 2) ауыс. зор, атақты, әйгілі; 3) 
ауыс. асыл. 
Молда Мұса дүр осы мағыналарда қолданады. 
Жаманға бақ зәуімен қонса бір күн, 
Ойланып өзін өзі дейді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет