Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»


Критериалды бағалаудың міндеттері



Pdf көрінісі
бет25/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Критериалды бағалаудың міндеттері: 
Сабақтың әр бөліктеріндегі әр 
оқушының дайындық деңгейін анықтауға; 
Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті 
Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға; 
Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға; 
Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге; 
Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға; 
Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана 
арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге 
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға 
мүмкіндік береді;
Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен 
қамтамасыз етіледі;
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: 
білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, 
рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, 
топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, 
шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары. 
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және 
мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-
әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді. 


87 
Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы 
және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, 
әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін 
анықтауға 
бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және 
сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту 
қорытындысын шығару үшін қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет